Виртуалды қабылдау Алматы қаласының мемлекеттік және жеке меншік меншіктік нысанындағы
білім беретін ұйымдар директорларының

Виртуалды қабылдау

eye 
Негізгі бетДиректор блогы
Алматы қаласы Білім басқармасының «№181 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Дорогие друзья!

Приветствую Вас на персональном блоге руководителя школы который создан для того, чтобы иметь возможность непосредственного общения и обмена мнениями на различные темы.
Сегодня информационные технологии прочно вошли в нашу повседневную жизнь и являются частью современного общества. Интернет как средство коммуникации играет важную роль в формировании гражданского общества и является признаком открытости и прозрачности органов образования.

Құрметті блог қонақтары!

Сіздермен мектеп басшысының, түрлі оқиғаларға пікірлер алмасу, тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігі болуы үшін құрылған жеке ресми блогымда сөйлесіп отырғаныма өте қуаныштымын.
Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар біздің күнделікті өмірімізге толықтай енді деуге болады жəне замануи қоғамның бір бөлігі болып табылады. Интернет коммуникация құралы ретінде азаматтық қоғамды құру жолында маңызды рөл атқарады жəне мемлекеттік білім беру органдарының ашықтық белгісі болып табылады.

  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
Ғазизова Айжан   31-10-2023 11-20-24   Ата аналардан
Сұрақ:

Қызымды осы білім ортасына қабылдауларыңызды өтінем
Жауап:

Қайырлы күн!
Қызыңызды КММ "№181 жалпы білім беретін мектепке" бергіңіз келсе egov.kz порталына электронды өтініш қалдырып, қабылдау бөліміне келуіңізді сұраймыз. Сіздің өтінішіңіз 1-2 күн аралығында қарастырылып тиісті жауап беріледі.
Джайчибекова Айгуль   10-08-2023 17-00-08   Ата аналардан
Сұрақ:

Здравствуйте! Я на днях переехала сюда , не успела зарегистрировать ребенка в школу на 1 класс. Пожалуйста помогите мне, примите мою дочь в школу
Жауап:

Добрый день Айгуль!
Если Вы переехали в наш микроучасток, то просим прийти в приемную нашей школы.
Сафия Муратовна   01-08-2023 16-55-59   Педагог
Сұрақ:

Здравствуйте, есть вакансия на учителя английского языка? Нкт сертификат имеется.
Жауап:

Қайырлы күн! №181 жалпы білім беретін мектеп ағылшын тілі пәні мұғалімімен толық қамтылған. 2023-2024 оқу жылына бос вакансия жоқ.
Добрый день! Общеобразовательная школа №181 полностью укомплектована учителем английского языка. Вакансий на 2023-2024 учебный год нет.
Мухаметчанова Назерке   27-07-2023 11-06-52   Педагог
Сұрақ:

Салеметсизбе! Мен баска каладан кошип келип едим. 1 сыныпта баратын кызым бар,документтеримизди откизсек кеш емеспе? Жане мкрн айгеримде пропискамыз,сіздерге карайма
Жауап:

Қайырлы күн! №181 жалпы білім беретін мектептің қызмет көрсету аймағына "Айгерім" ықшам ауданы кірмейді.
"Айгерім" ықшам ауданының қызмет көрсету аймағы №149 ЖББ мектебіне хабарласуыңызды сұраймыз. Қазіргі уақытта біздің мектепте 1 сыныпқа бос орын жоқ.
Мухаметчанова Назерке   27-07-2023 11-14-56   Ата аналардан
Сұрақ:

Неге кабылдау болимдери тел котермейди. Бир сагат болды хабарласып отырганыма
Жауап:

Кайырлы кеш! Қазіргі уақытта техникалық ахауларға байланысты қабылдау бөлмесінің телефоны жұмыс істемей тұр. Мына телефонға хабарласуыңызға болады. 246-70-47.
Сапарбекова Жанар Ерлибековна   23-06-2023 16-04-42   Педагог
Сұрақ:

Cәлеметсіз бе? Математика, физика пәндерінен сіздерде вакансия бар ма? Еңбек өтілім: 10 жыл. Егер вакансия орны ашық болса, осы нөмірге хабарласуларыңызды өтінемін: 8 747 401 12 84. janar_9191@mail.ru
Резюмемді почталарыңызға жібердім
Жауап:

Құрметті Жанар Ерлибековна!
Тамыз айында бос вакансиялар болған жағдайда enbek.kz сайтында жарияланады.
Есмуханова Венера Кайрбековна   28-11-2022 09-08-31   Басқа
Сұрақ:

Сәлеметсізбе Женискуль Имангалиевна!



          Мен Серік Сұлтанәлі Өмірбекұлының анасымын. Менің ұлым 5Д сыныбында оқыған, қазір ол сыныптың балаларың басқа сыныптарға ауыстырып жіберген. Мен себебім түсінбедім енді. Қаншама жылдан бері бірге оқып келе жатырған балалар, бір біріне бауыр басып қалды, ескертусіз ауыстырып жіберді, түсінбей қалдық. Сол 5Д сынып қала беруге еш мүмкіндік болмады ма?

          Енді қазіргі уақытта  ұлымда паника, психологиялық травма деуге де болады, өйткені 5А сыныпқа ауыстырыпты, сынып мүлдем ұнамайды дейді, сосың достарыңнан айырып жіберіпті, сөздің шыңдығына келсек ұлым мектепке барғысы келмейді.

           Сіздең өтініш бұл жағдайды оңынаң шешуге рұқсат беріңіз. Ұлымды тым болмаса 5Ә сыныбына ауыстыруға рұқсат сұраймыз. Өйткені өзініз білесіз ғой қазір біз мән бермей балаларға, оқи бер ауыстырған сыныпта десек, онда ұлым мүлдем мектепті жек көріп кетеді ма деп қорқамын. Біздің жағдайды дұрыс түсінунізді сұраймын!



Рахмет! Сыйластықпен ата ана Есмуханова Венера Кайрбековна 8 708 66 79 166 

Жауап:

Сәлеметсіз бе! Өтінішіңіз қарастырылып,ұлыңыз сұрауыңыз бойынша 5 Ә сыныпқа көшірілді.
Периазат   28-11-2022 19-38-05   Педагог
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе ? сіздерде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша ваканция барма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! қазіргі уақытта ваканция жоқ. Келесі оқу жылында еңбек кз сайытына тіркеліп көрсеңіз болады.
Пернебаева Индира   13-10-2022 14-18-54   Педагог
Сұрақ:

Бесінші сыныпқа оқушы қабылдайсыздарма?телефонға жауап алаалмағандықтан осында жазған едім.Алдын ала кешірім өтінемін.87716693106 Индира ата-ана
Жауап:

Сәлеметсіз бе? мектепке тоқсан ішінде оқушы қабылданбайды,қабылдау тек тоқсан аяқталғанда жүзеге асады. Мектепке келіп,толық мәлімет алсаңыз болады.
Бектан Балкерім   01-09-2022 18-33-34   Педагог
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе! Мен химия пәнінің мұғалімі Бектан Балкерім. Сіздерде химия пәні бойынша бос жұмыс орны бар ма? Тел: 87471827309
Жауап:

Қайырлы күн! Мектепте химия пәні бойынша вакансия жоқ. Қазіргі таңда мектепте химия пәнінен 4 мұғалім жұмыс жасайды.
Қанай - Ерасыл   22-08-2022 10-09-34   Оқушы
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе ! , мен N:181 мектеп оқушысы боламын. Менің сабағым түстен киін болатын болды осы жылы .бірақта менде тренировка бар еді , яғни спорт.
Мен таңғы смена да оқи аламын ба
8 класс тренировка түстен кейін болатын еді .ал таңғы смена да оқығым келетін еді
Жауап:

Қайырлы күн! №181 ЖББ мектепте 6,7,8 сыныптар 2 аусымда, ал 5,9,10,11 сыныптар 1 аусымда оқиды. Сол себепті 1 аусымға ауысуға мүмкіншілік жоқ.
Құрманбек Улангуль   28-05-2022 17-35-31   Педагог
Сұрақ:

Сәлеметсізбе,Мен математика пәні мұғалімі Құрманбек Улангуль, еңбек өтілім-9жыл. Сіздерде математика пәні мұғалімі бойынша бос жұмыс орны бар ма? Тел: 8 747 853 74 82
Жауап:

Саламатсызба Құрманбек Улангуль, әзірше математика пәні бойынша бос орын жоқ, өзіңздің түйіндемеңізді almatyschool181@mail.ru осы электронді мекенжайға жіберсеңіз болады, бос орын шықса хабарласамыз.
Айдосова Айгул   26-05-2022 11-11-03   Ата аналардан
Сұрақ:

Саламатсызба. Менде мынадай сурак болып тур, егер окушы 1,2,3 токсан бойы паннен 5 деген багамен, ал 4 токсанда 4 деген багамен корытындыласа, жылдык корытынды да 4 деген бага болады ма? 3 токсан бойы 5 ке шыккан бала, калай жылдыкта 4ке шыгады, соны маган тусиндирип бересиздер ма. Сурагымды жауапсыз калдырмайсыз деп ойлаймын.
Жауап:

Саламатсызба Айдосова Айгул, сіздің қойған сауалыңызға қатысты сынып жетекшісі мен пән мұғалімі шақырылып, бағаның қойылуына сәйкес мәлімдеме алынды. Күнделік жүйесіндегі ұсынылған баға қорытындыға қойылған.Барлық тоқсандағы үлгерімі пән бірлестігімен бірге қайта қаралып,оқушының үлесіне тиесілі бағасы қойылды.Нәтижесін күнделіктегі жеке кабинетіңізден көре аласыз.
Азат Б.   31-01-2022 17-27-00   Ата аналардан
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе! Бастауыш сыныптарында неге оқушылар саны тым көп? 25 оқушының озі өте көп болып есептеледі. Ал №181 мектепте тіпті 35-40 оқушыдан бар сыныптар жетерлік. Осының есесінен оқушылардың білім сапасы төмен, мұғалімдер барлық оқушыға назар бөліп улгермейді. Осы сұрақ бойынша ашық жауап берулеріңізге және де осы сұрақ бойынша дұрыс шешім қабылдауларыңызды өтінемін.
Жауап:

Қайырлы күн құрметті ата-ана! Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығының 2 бөлімінің 9 тармағында Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігі көрсетілген.
КММ №181 жалпы білім беретін мектепте оқушы саны-3606. Сынып жиынтығы -116. Бастауыш сыныпта оқушы саны-1765, оның ішінде 1 сынып -464 оқушы, 2 сынып- 409, 3 сынып-468, 4 сынып-424, жалпы сынып жиынтығы бастауыш сыныптар бойынша 52. Оқушы орындарының тапшылығы мәселесі Ақкент ықшам ауданына жақын жерге мектеп салынғанда мәселе шешіледі.
Азат Б.   31-01-2022 17-27-27   Ата аналардан
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе! Бастауыш сыныптарында неге оқушылар саны тым көп? 25 оқушының озі өте көп болып есептеледі. Ал №181 мектепте тіпті 35-40 оқушыдан бар сыныптар жетерлік. Осының есесінен оқушылардың білім сапасы төмен, мұғалімдер барлық оқушыға назар бөліп улгермейді. Осы сұрақ бойынша ашық жауап берулеріңізге және де осы сұрақ бойынша дұрыс шешім қабылдауларыңызды өтінемін.
Жауап:

Қайырлы күн құрметті ата-ана! Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығының 2 бөлімінің 9 тармағында Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігі көрсетілген.
КММ №181 жалпы білім беретін мектепте оқушы саны-3606. Сынып жиынтығы -116. Бастауыш сыныпта оқушы саны-1765, оның ішінде 1 сынып -464 оқушы, 2 сынып- 409, 3 сынып-468, 4 сынып-424, жалпы сынып жиынтығы бастауыш сыныптар бойынша 52. Оқушы орындарының тапшылығы мәселесі Ақкент ықшам ауданына жақын жерге мектеп салынғанда мәселе шешіледі.
Бауыржан Әбілқасымұлы   10-06-2021 11-29-47   Педагог
Сұрақ:

Саламатсыз ба! Сіздің мекемеңізде Математика пәнінің мұғалімі лауазымына бос орын бар ма? Болса, резюмені қайда жіберуге болады? Менің байланыс телефоным: 8 707 540 93 03,
8 705 447 34 94
Жауап:

Резюмені мектеп почтасы almatyschool181@mail.ru жіберсеңіз болады. Егер оқу орнын биыл бітірсеңіз ЦОН арқылы өтінім бересіз. Кейін мектепке сұхбаттасуға келе аласыз.
Максименко Елена   01-05-2021 11-50-54   Басқа
Сұрақ:

Здравствуйте! Рядом с вашей школой открылся плавательный бассейн, по адресу Нуркент 21, мы бы хотели донести эту информацию до всех родителей и учеников, просим вас помочь нам, ведь бассейн помогает закалять организм и укреплять иммунитет! Телефон 87074028907 Елена, работаем понедельник, среда, пятница, с 6 утра до 14.00
Жауап:

181 ЖББ мектеп Ақкент шағын ауданында орналасқан.Сіздердің жіберген ақпараттағы бассейн Нұркент ықшам ауданында орналасқан. Ақпарат инстаграм, мектеп сайты, фейзбукке салынды,сынып жетекшілеріне ақпарат берілді. Ақкент ықшам ауданындағы тұрғындар және балалар сіздердің ақпараттарыңызбен танысып жатыр.
Алдаберлі Мархаббат Тәттібайқызы   01-04-2021 16-05-39   Педагог
Сұрақ:

Биылғы оқу жылы Педагог-модератор санатын алдым. Келесі оқу жылында педагог-сарапшы санатына өткім келеді ол мүмкін бе?
Жауап:

"Педагог-сарапшы" біліктілік санатына: тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар,сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, кемінде үш жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдар:
"педагог-модератор" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді,сонымен қатар ұйымдастырылған оқу әрекетін,оқу-тәрбие процесін талдау дағдыларына ие,білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтайды,аудандыққалалық деңгейде тәжірибе жинақтайды, аудандыққалалық деңгейдегі олимпиадаларға,конкурстарға жарыстарға қатысушылардың болуы.
Жоғарыдағы көрсетілген талаптарға сай болсаңыз өтінім бере аласыз.
Әлімбеков Серік   01-04-2021 15-57-06   Ата аналардан
Сұрақ:

Шығармашылық емтихан тапсыруда бітіруші түлекке сурет және сызу пәнінен қосымша дайындайтын мұғалімдер бар ма және ол мұғалімдермен қалай байланыса аламыз?
Жауап:

Сұрағыңыз орынды. Қосымша дайындайтын білікті сурет және сызу пәні мұғалімдері бар. Олар: Уақап Марина,Еркебаева Гульнар Кулдіманасовна. Байланыс телефондары: 87756223710 , 87477218116
Аты жөніңіз:


Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ:


Суреттегі кодты жазыңыз:


Сатаева Женискуль Имангалиевна
Алматы қаласы Білім басқармасының «№181 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Биография
Жаңа сұрақтар саны - 0
Барлық сұрақтар саны - 19
Жауаптар саны - 19
Жеке кабинет