Виртуалды қабылдау Алматы қаласының мемлекеттік және жеке меншік меншіктік нысанындағы
білім беретін ұйымдар директорларының

Виртуалды қабылдау

eye 
Негізгі бетДиректор блогы
Алматы қаласы білім басқармасының "Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қош келдіңіздер!

Сәлеметсіздер ме құрметті Интернет желісін пайдаланушылар!

Бүгінгі таңда қолжетімді, әрі тиімді «кері байланыс» әдісін жүзеге асыру үшін арнайы ашылған жеке блогыма қош келдіңіздер!
Жеке блогымда сіздер басқарма қызметі туралы әр түрлі пайдалы ақпараттар ала аласыздар. Сонымен қатар, ең бастысы, маған сұрақ қоюларыңызға, орын алып отырған мәселелер туралы ұсыныстарыңызды білдіруге, пікірлеріңізбен бөлісуге мүмкіндік жасалған.
Байланыстың бұл түрі ақпарат алмасудың неғұрлым ашық және жедел жүргізілуіне ықпал етеді.
Қарым-қатынастың бұл түрі өте пайдалы деп есептеймін. Бұл халық пен билік арасындағы байланысты жақындатуға, жақсартуға, оның ашықтығына оң ықпал ететініне, яғни өмірімізді бүгінгі күн талабына лайық сапалы деңгейге көтеретініне сенімім мол.


Добро пожаловать!

Здравствуйте уважаемые посетители сети Интернет!

Приветствую вас на страничке личного блога, специально открытого для создания более доступного и эффективного способа «обратной связи»!
Здесь вы сможете задать мне вопросы, рассказать об имеющихся проблемах, поделиться своим мнением о тех или иных событиях нашей жизни.
Данный вид общения, несомненно, будет способствовать более открытому и оперативному обмену информацией. Предоставит возможность получать ее, как говориться, из «первых рук». Что позволит мне находиться в курсе всех проблем.
Уверен, что подобный вид взаимодействия очень полезен. Это будет способствовать открытости, сближению и улучшению взаимопонимания власти и общества, а значит, сделает нашу жизнь более качественной и достойной.

  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
Дуйсекина Асия Тлеуқызы   13-11-2023 15-15-27   Педагог
Сұрақ:

Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша әлі де бос вакансия бар ма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе, Асия Тлеуқызы! Вакания бар. Конкурсқа құжаттарыңызды өткізіңіз.
Ботабекова Арайлым Еркиновна   11-11-2023 15-01-16   Педагог
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе!

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі, бос жұмыс орны бойынша өтініш қалдырайын деп едім.
Жауап:

Сәлеметсіз бе, Арайлым Еркиновна! Конкурсқа құжаттарыңызды өткізіңіз.
Жетпис Кулжан   22-08-2023 11-04-35   Педагог
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе? Химия пәні мұғалім жұмыс іздеймін. Сіздер жарияланған конкурсқа қатысайын деген едім.номер 1.6.10- құжаттарды қалай алуға болады?
Жауап:

Сәлеметсіз бе, Жетпис Кулжан ханым! Құжаттар тізімі:
1) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш (ҚР БҒМ 19.11.2021 жылғы № 568 бұйрығы)



2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса)
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері.
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 30.10.2020 жылғы № ҚР ДСМ -175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса)
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

Бағалау парағын жүктеу: baalau-paray.docx [26,67 Kb] (cкачиваний: 270)
Посмотреть онлайн файл: baalau-paray.docx
Айдана   19-08-2023 10-12-20   Педагог
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе. Мен география пәні мұғалімі. Еңбек өтілім 8 жыл. Санатым педагог - модератор.Орын бос болса . Резюме почтаға жіберіп қойдым
Жауап:

Сәлеметсіз бе, Айдана ханым? Комиссия жұмысының қорытындысын күтіңіз.
Сапарбекова Жанар Ерлибековна   23-06-2023 18-35-50   Педагог
Сұрақ:

Cәлеметсіз бе? Математика, физика пәндерінен сіздерде вакансия бар ма? Еңбек өтілім: 10 жыл. Егер вакансия орны ашық болса, осы нөмірге хабарласуларыңызды өтінемін: 8 747 401 12 84. janar_9191@mail.ru
Резюмемді почталарыңызға жібердім
Жауап:

Қайырлы күн, құрметті Сапарбекова Жанар Ерлибековна! қазіргі таңда біздің гимназияда вакансия жоқ. Егер болып жатқан жағдайда еңбек.кз сайтына конкурс жарияланады. сол арқылы конкурсқа қатыса аласыз.
Сейтжанова Айдын   16-03-2023 19-07-05   Ата аналардан
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе, сіздердің мектепке 1-сыныпқа қабылдау талабы қандай? мектептің сайтынан ақпарат таба алмадым?
Жауап:

Сәлеметсіз бе? 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап қаланың барлық мектептерінде бірінші сыныптарына қабылдау басталады. Мемлекет меншігіндегі орта білім беру ұйымдарына қабылдау электрондық нұсқада https://egov.kz/ электрондық үкімет порталында жүргізіледі.
Құрметті ата-ана, https://egov.kz/ электрондық үкімет порталына өтінім жібересіз. Өтінішіңіз бізге келіп түседі. Егер сіздің тіркелген мекенжайыңыз біздің гимназияның микроучастігіне қарайтын болса, қабылданады. Ал егер қарамайтын болса, қабылданбайды.
Байдуисенова Күнбала Ерғалиқызы   17-01-2023 22-31-51   Педагог
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе! Қазіргі таңда Тараз қаласындағы Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясында қызмет етемін. Конкурсқа қатысу туралы өтінішті, тиісті құжаттарды дистанционды түрде почтаға жібере аламын ба?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Күнбала Ерғалиқызы!
Қазіргі таңда қазақ тілі мен әдебиетіне ваканция жоқ.
Оразаева Г.А.   04-10-2022 19-39-57   Ата аналардан
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе, неге ағылшын тілді орысша үйретеді, неге қазақ тіліне аудармайды, қазақшаның орнына ОРЫСША!!!!
Жауап:

Қайырлы күн, құрметті Ата-ана! Сіздің сұрағыңызды ағылшын пәні мұғалімдеріне таныстырылып, ескертулер айтылды.
Чамен Мадина Саулетжанқызы   19-08-2022 10-53-25   Педагог
Сұрақ:

Қайырлы күн! Қазіргі таңда ашық вакансиялар үшін болып жатқан конкурсқа еңбек өтілі болмаған жағдайда қатысуға мүмкіндік бар ма?
Жауап:

Қайырлы күн! Құрметті Чамен Мадина Саулетжанқызы қазіргі таңда ашық вакансиялар үшін болып жатқан конкурсқа еңбек өтілі болмаған жағдайда қатысуға мүмкіндігііз бар.
Молдаханова Гулназира   19-08-2022 12-12-05   Педагог
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мектептің сайтына жібереміз ба, еңбек кз сайтына жібереміз ба?
Жауап:

Сәлеметсіз бе? Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мектептің эл.почтасына және еңбек кз сайттына жіберсеңіз болады.
Манақбаева Улданай Ермаханқызы   18-08-2022 13-27-58   Педагог
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе! Биология мұғаліміне вакансия бар ма сізде?
ҚазҰУ-дың педагогика қылымдарының магистрімін.
Жауап:

Сәлеметсізбе. Биология пәні бойынша вакансия жоқ.
Арайлым Сериковна   29-07-2022 16-29-39   Ата аналардан
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе?! 1-сынып оқушыларына қандай форма кию керек? Мектептің формасы бар ма, әлде өзіміз алсақ болады ма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе, құрметті Арайлым Сериковна. Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар
орта білім беру ұйымдары үшін: Ұлдарға: түсі қара көк. пиджак, жилет, шалбар, салтанатты жейде, күнделікті жейде (қысқы кезең: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбар еркін кесілген және ұзындығы бойынша аяқтың білектерін жабады. Қыздарға: түсі қара көк. пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық блузка (қысқы кезең: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбар еркін кесілген және ұзындығы бойынша аяқтың білектерін жабады.
Құрманбек Улангуль   31-05-2022 10-52-00   Педагог
Сұрақ:

Сәлеметсізбе,Мен математика пәні мұғалімі Құрманбек Улангуль, еңбек өтілім-9жыл. Сіздерде математика пәні мұғалімі бойынша бос жұмыс орны бар ма? Тел: 8 747 853 74 82
Жауап:

Сәлеметсіз бе?! Бізде математика пәні бойынша вакансия жоқ.
Садыкова Гулмира Мадениятовна   19-05-2022 15-52-08   Басқа
Сұрақ:

Мен алгысымды осы мектептин басшылыгына, устаздарына алгысым шексиз, атап айтатын болсам бастауыш сыныбынын устазы Әнапиева Әзира Қожабек қызы Сіздин кәсібилігіңіз, кішіпейіл қарым-қатынасыңыз, ар окушыга назар салып, қамқорлық көрсеткеніңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Сізге төзімділігіңіз, мейірімділігіңіз және әрбір баланың тілін таба білгеніңіз, сондай-ақ топта жылы және жайлы атмосфера құрғаныңыз үшін рахмет айткым келеди. Сізге зор денсаулық, бақыт, кәсіби жетістіктер тілеймін!

Жауап:

Құрметті Садыкова Гулмира Мадениятовна? Гимназиямызға және ұстаздарымызға алғысыңыз үшін көп рахмет айтамыз.
Тлеуова Ақтолқын   11-09-2021 12-34-26   Педагог
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе, мен биология және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі(Биология ағылшын тілінде). Гуманитарлық ғылымдар магистрімін. Екінші жоғары білімім шет тілі екі шетел тілі. Маған сіздерден жұмыс табылады ма? Зертханашы болса да. Байланыс телефоны: 87057218580.
Жауап:

Сәлеметсізбе. Биология және ағылшын тілі пәндері бойынша вакансия жоқ.
Бурлыбекова Асем Есимхановна   26-08-2021 18-01-12   Педагог
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе? Мен география пәні мұғалімімін. Маған жұмыс керек еді.Осы мектепте бос вакансия бар деп еді.
Жауап:

Сәлеметсізбе. География пәні бойынша вакансия жоқ.
Жетенова Жанна Тлеубаевна   25-08-2021 10-48-14   Педагог
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе, Құрметті басшы,
Менің есімім Жанна Тлеубаевна қазақ тілі мен әдебиеті және АҢЫЛШЫН тілі мұғалімі, Үздік диплом. пед. өтілі 14 жыл. Директордың тәрбие жөнінде орынбасары қызмет атқардым. Мекен жай ауыстыруыма байланысты мектептен жұмыс іздеймін. Өтініш, маман керек болса хабарласыңыз. Рахмет....
Тел 8778 7587846
тел 87051566495
Жауап:

Сәлеметсізбе. Қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәндері бойынша вакансия жоқ.
Самал   24-08-2021 16-33-02   Басқа
Сұрақ:

Саламатсыз ба?Мен, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік бітіруші түлегімін. География пәні маманымын, бос жұмыс орны бар ма?
Жауап:

Сәлеметсізбе. География пәні бойынша вакансия жоқ.
Дана Бакытбековна   02-05-2021 11-05-30   Ата аналардан
Сұрақ:

Добрый день!
Уважаемая Эльмира, как попасть в вашу школу? Сын заканчивает детский сад, ходим в 69 ясли сад. Какие документы требуются для поступления в эту школу?
Жауап:

Сәлеметсізбе, құрметті ата-ана! 1-сыныпқа қабылдау Үкіметтік портал egov.kz порталы арқылы жүргізіледі. Өкінішке орай, қазіргі таңда техникалық ахауларға байланысты біздің гимназия egov сайтында көрсетілмей тұр. Egov порталы ашылған кезде инстаграмм парақшасына және мектеп сайтына жариялайтын боламыз.
Өтеген Сезім Ермекқызы   27-04-2021 12-20-30   Басқа
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе,Бидайбекова Эльмира Исебайқызы! Мен, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бітіруші түлегі Сезіммін. Биология пәні маманымын, Мансап орталығының инстаграм желісіндегі хабарландыруынан Биология пәні мұғалімі қажет деген ақпаратты оқып,бос орын әлі де бар ма, әлде жұмысқа маман алып қойдыңыз ба, білгім келген еді.
Жауап:

Сәлеметсізбе, Өтеген Сезім Ермекқызы! Мектептің почтасына: alm_gimnaz159@mail.ru түйіндемеңізді жіберіңіз. Өзіміз хабарласатын боламыз.
Аты жөніңіз:


Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ:


Суреттегі кодты жазыңыз:


Бидайбекова Эльмира Исебайқызы
Алматы қаласы білім басқармасының "Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Биография
Жаңа сұрақтар саны - 0
Барлық сұрақтар саны - 20
Жауаптар саны - 20
Жеке кабинет