Виртуалды қабылдау Алматы қаласының мемлекеттік және жеке меншік меншіктік нысанындағы
білім беретін ұйымдар директорларының

Виртуалды қабылдау

eye 
Негізгі бетДиректор блогы
Алматы қаласы Білім басқармасының «Д. Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектеп» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Құрметті блогқа қатысушылар!

Мен өзімнің жеке блогымда сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Бүгін, ақпараттық технология дамыған кезде осы блогтың көмегімен сіздер менімен тікелей байланысқа шығып, өз сұрақтарыңызды айтып, ойларыңызбен бөлісе аласыздар. Мен және орынбасарларым тікелей сұрақтарыңызға жауап беруге тырысамыз. Кез-келген өтініш назардан тыс қалмайды.
Бұл блогтың біріңғай ақпараттық алаңға айналатыны және қызықты да тиімді болатынына сенемін.

Уважаемые посетители!

Мне приятно приветствовать вас на личном блоге. Сегодня, в эпоху стремительного развития информационных технологий с помощью блога вы можете напрямую со мной общаться, вносить предложения, делиться мнениями, писать свои отклики. В свою очередь, я и мои заместители будем отвечать на ваши вопросы, каждое обращение не останется без внимания.
Надеюсь, что блог станет единой информационной площадкой для нас и будет очень интересен и полезен.

  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
Айнұр   18-11-2023 12-07-41   Басқа
Сұрақ:

Қазір мектепте директор кім?
Жауап:

Қазіргі таңда біздің мектебіміздің жаңа директоры - Казыбаев Талғат Талдыбайұлы.
Мирас   18-11-2023 12-09-39   Басқа
Сұрақ:

Қай сыныптар түске дейін оқиды
Жауап:

Сәлеметсіз бе? Біздің мектебімізде бірінші ауысымда 1,4,5,8,9,10,11 сыныптар , ал екінші ауысымда 2,3,6,7 сыныптары оқиды
Сапарбекова Жанар Ерлибековна   30-06-2023 17-44-23   Педагог
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе? Математика, физика пәндерінен вакансия бар ма? Еңбек өтілім 10 жыл. Вакансия бар болса, хабарласуларыңызды өтінемін. 8 747 401 12 84. janar_9191@mail.ru
Резюмемді мектептің электронды почтасына жібердім. Рахмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Мектеп бойынша барлық вакансиялар мемлекеттік enbek.kz порталында тамыз айында жарияланатын болады. Бақылап отыруыңызды сұраймыз!
Надира Кусаинова   25-05-2023 14-01-55   Ата аналардан
Сұрақ:

Биыл қыркүйекте нулевой сынып боладыма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Иә, жаңа оқу жылында мектепалды даярлық тобына оқушылар қабылданады.
Самашева Пернекул   01-03-2023 11-16-46   Ата аналардан
Сұрақ:

Саламатсыз бе Алия Сбанкуловна! Сыз баскарып отырган мектептын 5 сынып мугалымы Атымтаева Жулдыз ата аналардан әрдайым акша жинай береды, бул не сумдык, мектепке бюджеттен акша болынеды емес пе. Шара колданыныз, бундай мугалымдер сыздын мектептын атына кыр келтыруде.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Самашева Пернекул, кері байланыс орнатқаныңызға рақмет. Тиісті шараларды қолданамыз.
Сатимбекова Динара Омирбековна   28-09-2022 14-50-39   Ата аналардан
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе, алдымен сізге және осы мектептің мұғалімдеріне рахмет айтқым келеді. Бірақ балалар мұғалімдермен көбірек театр, парк деген жерлерге барса, соны ұйымдастыруға болады ма?
Жауап:

Құрметті ата-ана сұрағыңызға рақмет! Биыл сынып жетекшілер мен оқушыларды театрға жоспар бойынша жібереміз.
Джунусова Маржан Кошкембаевна ата-ана   27-09-2022 19-07-09   Педагог
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе Әлия ханым
Мен ата-анамын.Сұрағым:
Күнделікті ас мәзірінің кестесін қайдан,қалай көруге болады?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңызға рақмет. Күнделікті ас мәзірінің кестесін alschool.kz сайтынан және күнделік кзтен көруге болады.
Габдулгазезова Еркеназ   02-06-2022 13-01-21   Оқушы
Сұрақ:

диплом керек еді
Жауап:

Мектепте диплом берілмейді. Жоғарғы оқу орны арқылы беріледі.
Құрманбек Улангуль   28-05-2022 21-18-47   Педагог
Сұрақ:

Сәлеметсізбе,Сіздерде математика пәні мұғалімі бойынша бос жұмыс орны бар ма?
Жауап:

Қазіргі уақытта бос орын жоқ. Резюме қалдыруыңызға болады.
Дандибаева Бану   24-01-2022 11-46-30   Ата аналардан
Сұрақ:

Қазіргі жағдайға байланысты жаңалықтармен бөліссеңіз.
Жауап:

ҚР Денсаулық сақтау министірлігінің 2022 жыл 21 қаңтардағы қаулысы бойынша Алматы қаласы мектептерінің оқу форматы:
- 1-4 бастауыш сыныптар штаттық форматта.
- 600 оқушыдан жоғары- мектептердің жобалық қуатының 50% аспайтын жүктемемен штаттық форматта оқытылады.
Бейсенгалиева Маржан   24-01-2022 11-48-18   Ата аналардан
Сұрақ:

Оқушылар қандай форматта оқиды?.
Жауап:

1-4 сыныптармен мектеп алды даярлық тобы 24 қаңтардан штаттық форматта оқытылуда. Ал 5-11 сыныптардың білім алушыларының оқытылуы онлайн форматта жалғасады.
Құдайберген Нұржанат   22-12-2021 08-08-30   Ата аналардан
Сұрақ:

Оқушыларды ҰБТ дайындау тарих пәнінен қосымша өткізілеме?
Жауап:

021 оқу жылында 11 сынып оқушыларын қорытынды аттастаттау және ҰБТ ке дайындау демалыс күндері де тарих пәнінен жүргізілген, қосымша сабақтар кестесі жасалып жұмыс жүргізілуде. Қосымша сабақтар жалғасады
Донаева Нугуль   22-12-2021 08-13-04   Ата аналардан
Сұрақ:

10 сыныптар үшін ҰБТ дайындық алдын ала жүргізілсе,айына 1 рет тест алыну мүмкіндігі бар ма?
Жауап:

10 сынып оқушылары ата-аналарының өтініші бойынша тест алу жұмысы ұйымдастырылады.
Аты жөніңіз:


Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ:


Суреттегі кодты жазыңыз:


Казыбаев Талғат Талдыбайұлы
Алматы қаласы Білім басқармасының «Д. Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектеп» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Биография
Жаңа сұрақтар саны - 0
Барлық сұрақтар саны - 13
Жауаптар саны - 13
Жеке кабинет