Виртуалды қабылдау Алматы қаласының мемлекеттік меншіктік нысанындағы
білім беретін ұйымдар директорларының

Виртуалды қабылдау

eye 
Негізгі бетДиректор блогы
Алматы қаласы Білім басқармасының «№181 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - Алатау ауданы
Дорогие друзья!

Приветствую Вас на персональном блоге руководителя школы который создан для того, чтобы иметь возможность непосредственного общения и обмена мнениями на различные темы.
Сегодня информационные технологии прочно вошли в нашу повседневную жизнь и являются частью современного общества. Интернет как средство коммуникации играет важную роль в формировании гражданского общества и является признаком открытости и прозрачности органов образования.

Құрметті блог қонақтары!

Сіздермен мектеп басшысының, түрлі оқиғаларға пікірлер алмасу, тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігі болуы үшін құрылған жеке ресми блогымда сөйлесіп отырғаныма өте қуаныштымын.
Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар біздің күнделікті өмірімізге толықтай енді деуге болады жəне замануи қоғамның бір бөлігі болып табылады. Интернет коммуникация құралы ретінде азаматтық қоғамды құру жолында маңызды рөл атқарады жəне мемлекеттік білім беру органдарының ашықтық белгісі болып табылады.

  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
Бауыржан Әбілқасымұлы   10-06-2021 11-29-47   Педагог
Сұрақ:

Саламатсыз ба! Сіздің мекемеңізде Математика пәнінің мұғалімі лауазымына бос орын бар ма? Болса, резюмені қайда жіберуге болады? Менің байланыс телефоным: 8 707 540 93 03,
8 705 447 34 94
Жауаб:

Резюмені мектеп почтасы almatyschool181@mail.ru жіберсеңіз болады. Егер оқу орнын биыл бітірсеңіз ЦОН арқылы өтінім бересіз. Кейін мектепке сұхбаттасуға келе аласыз.
Максименко Елена   01-05-2021 11-50-54   Басқа
Сұрақ:

Здравствуйте! Рядом с вашей школой открылся плавательный бассейн, по адресу Нуркент 21, мы бы хотели донести эту информацию до всех родителей и учеников, просим вас помочь нам, ведь бассейн помогает закалять организм и укреплять иммунитет! Телефон 87074028907 Елена, работаем понедельник, среда, пятница, с 6 утра до 14.00
Жауаб:

181 ЖББ мектеп Ақкент шағын ауданында орналасқан.Сіздердің жіберген ақпараттағы бассейн Нұркент ықшам ауданында орналасқан. Ақпарат инстаграм, мектеп сайты, фейзбукке салынды,сынып жетекшілеріне ақпарат берілді. Ақкент ықшам ауданындағы тұрғындар және балалар сіздердің ақпараттарыңызбен танысып жатыр.
Алдаберлі Мархаббат Тәттібайқызы   01-04-2021 16-05-39   Педагог
Сұрақ:

Биылғы оқу жылы Педагог-модератор санатын алдым. Келесі оқу жылында педагог-сарапшы санатына өткім келеді ол мүмкін бе?
Жауаб:

"Педагог-сарапшы" біліктілік санатына: тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар,сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, кемінде үш жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдар:
"педагог-модератор" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді,сонымен қатар ұйымдастырылған оқу әрекетін,оқу-тәрбие процесін талдау дағдыларына ие,білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтайды,аудандыққалалық деңгейде тәжірибе жинақтайды, аудандыққалалық деңгейдегі олимпиадаларға,конкурстарға жарыстарға қатысушылардың болуы.
Жоғарыдағы көрсетілген талаптарға сай болсаңыз өтінім бере аласыз.
Әлімбеков Серік   01-04-2021 15-57-06   Ата аналардан
Сұрақ:

Шығармашылық емтихан тапсыруда бітіруші түлекке сурет және сызу пәнінен қосымша дайындайтын мұғалімдер бар ма және ол мұғалімдермен қалай байланыса аламыз?
Жауаб:

Сұрағыңыз орынды. Қосымша дайындайтын білікті сурет және сызу пәні мұғалімдері бар. Олар: Уақап Марина,Еркебаева Гульнар Кулдіманасовна. Байланыс телефондары: 87756223710 , 87477218116
Аты жөніңіз:


Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ:


Суреттегі кодты жазыңыз:


Сатаева Женискуль Имангалиевна
Алматы қаласы Білім басқармасының «№181 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Биография
Жаңа сұрақтар саны - 0
Барлық сұрақтар саны - 4
Жауаптар саны - 4
Жеке кабинет