Виртуалды қабылдау Алматы қаласының мемлекеттік меншіктік нысанындағы
білім беретін ұйымдар директорларының

Виртуалды қабылдау

eye 
Негізгі бетДиректор блогы
Алматы қаласы Білім басқармасының « №178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - Алатау ауданы
Құрметті блогқа қатысушылар!

Мен өзімнің жеке блогымда сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Бүгін, ақпараттық технология дамыған кезде осы блогтың көмегімен сіздер менімен тікелей байланысқа шығып, өз сұрақтарыңызды айтып, ойларыңызбен бөлісе аласыздар. Мен және орынбасарларым тікелей сұрақтарыңызға жауап беруге тырысамыз. Кез-келген өтініш назардан тыс қалмайды.
Бұл блогтың біріңғай ақпараттық алаңға айналатыны және қызықты да тиімді болатынына сенемін.

Уважаемые посетители!

Мне приятно приветствовать вас на личном блоге. Сегодня, в эпоху стремительного развития информационных технологий с помощью блога вы можете напрямую со мной общаться, вносить предложения, делиться мнениями, писать свои отклики. В свою очередь, я и мои заместители будем отвечать на ваши вопросы, каждое обращение не останется без внимания.
Надеюсь, что блог станет единой информационной площадкой для нас и будет очень интересен и полезен.


  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
Бакдаулет   22-09-2021 08-49-00   Оқушы
Сұрақ:

Бізге мұғалімдер ұрсады
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ
ШУ АУДАНЫ
АҚСУ АУЫЛЫ
Ж.БАЛАСАҒҰН МЕКТЕБІ
Жауаб:

Қайырлы күн, Бақдәулет!
Сізге Жамбыл облысы Шу ауданы Ақсу ауылының Ж.Баласағұн мектебінің директорына хабарласу керек.
Нарметов Едіге Мелдебайұлы   06-09-2021 18-37-09   Басқа
Сұрақ:

Салематсызба Дене шынықтыру пәні мұғалімі не бос орын барма сіздерде
Жауаб:

Қайырлы күн, Едіге Мелдебайұлы!
Өкінішке орай, Сіздің мамандығыңыз бойынша бос жұмыс орны жоқ. Бос жұмыс орындарымен www.enbek.kz және bilimalmaty.kz порталдарында танысуға болады.
Түйіндемеңізді licei_178@mail.ru поштасына жолдаңыз, бос жұмыс орны болған жағдайда хабарласамыз. Сәттілік тілеймін!
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы
Абылай Назерке   18-08-2021 14-54-51   Ата аналардан
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе! Менің баламды 9-сыныпқа сіздің мектепке қабылдай аласыз ба? Балам физика және математика пәнінен жарыстардан жүлделі орындар алған.
Жауаб:

Құрметті, Абылай Назерке! Біздің лицейге қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіремін.
№178 мамандандырылған лицейге қабылдау тәртібі ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларымен белгіленеді. Лицейге оқуға қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі.
9 сыныпта орын босаған жағдайда конкурстық іріктеу жүргізіледі. Қазіргі кезде лицейдегі оқушылар саны ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығымен бекітілген Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптарға сәйкес бекітілген оқушылар санына сәйкес келеді.
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы
Есембаева Динара   11-08-2021 08-26-10   Ата аналардан
Сұрақ:

Салеметсиз бе! 8 сыныпта агылшын сыныбына кабылдай аласыздар ма? Менин кызым 1 сыныптан бери уздик окушы болып келеди. Ары карай билимин осы мектепте агылшынша жалгастырайын деп едик. Отиниш.
Жауаб:

Құрметті, Динара Есембаева!
Әрине, ата-ананың өтініші бойынша ауысуға болады.
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы
Ербол Мәргүл   08-07-2021 20-19-37   Педагог
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе? Менің атым жөнім Мәргүл Ерболқызы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істегеніме 4 жыл болды. Жоғары білімім бар, жоғары оқу орынын қызыл дипломмен аяқтап, магистратура бітіргенін. Сонымен қатар, педагог-модератор категориям бар. Сізге қояр сұрағым, Алматы қаласынан қазақ сыныбынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде тұрақты жұмыс шыға ма? Осы өтінішімді қарастырып, жақын арада жауап берсеңіз. Рахмет!
Жауаб:

Қайырлы күн, Мәргүл Ерболқызы!
Өкінішке орай, Сіздің мамандығыңыз бойынша бос жұмыс орны жоқ. Бос жұмыс орындарымен www.enbek.kz және bilimalmaty.kz порталдарында танысуға болады.
Түйіндемеңізді licei_178@mail.ru поштасына жолдаңыз, бос жұмыс орны болған жағдайда хабарласамыз. Сәттілік тілеймін!
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы
Арайлым Муратовна   28-06-2021 17-02-43   Педагог
Сұрақ:

Салематсыздарма! Менің сурағым,сіздерде герграфия пәні мұғаліміне орын барма екен? Және Резюмені қайда жіберуге болады? Рахмет!
Жауаб:

Қайырлы күн, Арайлым Муратовна!
Өкінішке орай, Сіздің мамандығыңыз бойынша бос жұмыс орны жоқ. Бос жұмыс орындарымен www.enbek.kz және bilimalmaty.kz порталдарында танысуға болады.
Түйіндемеңізді licei_178@mail.ru поштасына жолдаңыз, бос жұмыс орны болған жағдайда хабарласамыз. Сәттілік тілеймін!
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы
Ділдабаева Сымбат   25-06-2021 22-43-26   Педагог
Сұрақ:

Саламатсыздар ма! 8 сыныпқа өтетін ұлымның осы лицейде оқуға мүмкіндігі бар ма, естуімше тек орын босағанда ғана болады, сол орынның босағанын қайдан білуге болады?
Жауаб:

Құрметті, Сымбат Ділдабаева! Біздің лицейге қызығушылық танытқаныңыз үшін Сізге алғыс білдіреміз.
№178 мамандандырылған лицейге қабылдау 6-11 сыныптарда орын босаған жағдайда конкурстық іріктеу арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі кезде лицейдегі оқушылар саны ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығымен бекітілген Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптарға сәйкес бекітілген оқушылар санына сәйкес келеді. Қосымша ақпарат лицей сайтында жарияланады.
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы
Наталья Пак   03-06-2021 08-48-02   Ата аналардан
Сұрақ:

Добрый день , подскажите пожалуйста , у Вас есть русское отделение, ребенок окончил 4 класс?
Жауаб:

Здравствуйте, Наталья!
В КГУ "Специализированный лицей №178" обучение ведется на государственном языке. В связи с этим русское отделение у нас нет. Прием на обучение в СЛ производится на конкурсной основе.
Директор Кайратбек Хамзаханович
Канағат Азамат   27-05-2021 11-53-53   Оқушы
Сұрақ:

Сәлеметсіздер ма!Мен 6-сыныпқа қабылдау болады ма.?Математикадан тереңдетіп оқығым келеді.Егзамин қашан болады мен қабылдауға қалай қатыса аламын.Рахмет
Жауаб:

Құрметті, Азамат Қанағат! Біздің лицейге қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіремін.
№178 мамандандырылған лицейге қабылдау тәртібі ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларымен белгіленеді. Лицейге оқуға қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі.
6-11 сыныптарда орын босаған жағдайда конкурс іріктеу жүргізіледі. Қазіргі кезде лицейдегі оқушылар саны ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығымен бекітілген Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптарға сәйкес бекітілген оқушылар санына сәйкес келеді.
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы
Айдын Тұрсынғажыұлы   18-05-2021 16-19-16   Ата аналардан
Сұрақ:

Құрметті Қайратбек Хамзаханұлы, білімді адам біліп іс қылады, біліп істеген іс өкінішсіз болады демекші, уақыт өтіп кетті дегенмен бір өкініш қалады екен. Бiлiм беру жүйесiнде, соның iшiнде әрбір (Сіздің) мектепте, оқушыларды азаматтық пен елжандылыққа, өткен тарихын ұмытпау, ата-бабаларының жүріп өткен жолдары мен ерліктері туралы және т.б. көптеген таусылмас Қазақстан тарихынан бiлiм беру қажеттiлiгi қазіргі замандағы ең бірінші жүзеге асыруды талап ететін мәселе.
Қазақстан тарихын оқытуда оқушылардың өздiгiнше бiлiм алуға деген ынтасын арттыруда, мұғалімдердің орны жоғары деңгейде болуы қажет.
Өз Отанының тарихын 10 жыл үздікке оқыған оқушының соңғы сыныпта жақсы деген бағаны алуы (Онлайн оқығанда,тек 1 пәннен) ойландыратын жағдай. Бұл баға тек оқушыға емес Қазақстан тарихы пәні мұғалімінің өзіне қойылған бағасы деп қабылдаймын. Сіз басқаратын лицейдегі осы үлкен мәселені ары қарай тереңдетіп (мақала, Алматы қалалық білім басқармасына) жазуға алдыңыздан екінші рет өттім деп есептеймін. Сынып жетекшісі А.Ж мен пән мұғалімі О.А-дің оқушыға деген көзқарастары терең ойға батырады.
Жауаб:

Құрметті Айдын Тұрсынғажыұлы!
Сіздің пікіріңізге толықтай қосыламын. Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы» оқу пәнінің маңызы арта түсті. Білім беру жүйесінде Қазақстан тарихын оқыту мәселесі күн тәртібінен түскен емес, түспейді де.
Ұсынысыңыз қабылданды, рақмет! Лицейдің ғылыми-әдістемелік кеңесінде Қазақстан тарихын оқытуда оқушылардың өздiгiнен бiлiм алуға деген ынтасын арттыруда мұғалімнің рөлін терең қарастырамыз.
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы
ХАСЕНОВА КЕНЖЕГУЛЬ   10-04-2021 22-22-14   Ата аналардан
Сұрақ:

Құрметті ШАДИЕВ ҚАЙРАТБЕК мырза!
Мен, 6 "д" сынып ата-анасы сізге сұрақ емес "Алғыс" айтқым келеді.
Мына жалпыға ортақ карантин уақытында да, ұжымыңызды бір тәртіппен,бір реттілікпен ұстап барлық ұстаздарыңыздың сабақтарды уақытымен онлайн түрде өткізулері, қайта-қайта онлайн жиналыс жасап, сынып жетекшіміздің бізбен тығыз байланыста болуы,басшы ретінде сіздің үлкен еңбегіңізбен бақылауларыңыздың нәтижесі деп түсінемін. Ұстаздарымыздың барлығы білімді, сауатты, еңбекқор және тиянақты. Ұстаздарымыз біздің балаларымыздың екінші анасы. Ал сол ұстаздарды осы бір қиын, мектептен алшақ кезде де бір тудың астында онлайн біріктіріп, нәтижесінде балларымыздың үзіксіз сапалы білім алып, бір тәртіппен реттілікке үйренуі СІЗДІҢ тиянақты, сауатты ұйымдастырушы болған еңбегіңіздің жемісі, деп ойлаймын. РАХМЕТ !Еңбектеріңіз жана берсін, тек жемісін көріңіздер,сапалы,білімді шәкірттер шыға берсін
Жауаб:

Құрметті, Кенжегуль Хасенова!
Лицей ұжымы тарапынан сізге рақмет айтамын! Әрине, жұмыстың бағалануы мұғалімдерге серпіліс берері анық. Лицейдің оқу-тәрбие жұмысына, ұстаздық қызметке жан бітірген тілектеріңіз қабыл болсын!!!
Еліміздің тірегі, тізгінін ұстайтын болашағымыз - шәкірттеріміз аман болсын!
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы
Мамиева Гульшат   10-04-2021 21-32-14   Педагог
Сұрақ:

Құрметті Мая апай, сізге көп рахмет, алғысым шексіз. Әр балаға жеке жеке кері байланыс жасайсыз. Жумысыныздын жемісін көріңіз. Қызым Назира сізді екінші анам деп мақтан тұтады
Жауаб:

Құрметті Гульшат Мамиева!
"Бір әріп үйреткен ұстазыңа, қырық жыл сәлем бер"деген дана халқымызда керемет сөз бар. Ұстаздар қауымына алғыс білдіріп, жылы лебіздеріңіз бен ізгі ниеттеріңізге рақмет.
Болашақтары жарқын,білімді, білікті оқушыларымыз біздің лицейдің мақтаныштары болсын!

Құрметпен, Қайратбек Хамзаханұлы
Шырын   24-02-2021 14-59-54   Басқа
Сұрақ:

Сәлеметсіздер ме? Менің сұрағым сіздерге алдыңғы жылы келгенімде орын тола деген ,былтыргы жылы да солай болды.Сіздер қалай қабылдайсыздар?Баламды сіздерде оқытқым келеді. Рахмет.
Жауаб:

Құрметті ата-ана!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021-2022 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға құжаттар қабылдауды жүзеге асырады.
2021-2022 оқу жылына №178 мамандандырылған лицей 5-сыныпқа конкурстық іріктеу негізінде оқушыларды қабылдайды. Құжаттарды онлайн - тіркеу және қабылдау 2021 жылғы 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында qabyldau.daryn.kz сайтында өтеді.
Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);
2) ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) үміткердің электрондық мекен-жайын көрсете отырып, үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;
4) үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті.
* барлық құжаттар PDF немесе JPEG форматында қабылданады.

Конкурстық іріктеу 15-30 сәуір аралығында өткізіледі.
Өткізу формасы: тестілеу (офлайн).

5-сыныпқа түсушілер үшін келесі пәндер бойынша 40 сұрақ:
• математика және логика - 30 сұрақ;
• оқу сауаттылығы - 10 сұрақ.
5-сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт - 60 минут.

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША АПЕЛЛЯЦИЯ ӨТКІЗІЛМЕЙДІ.
Қосымша мәліметтерді №178 мамандандырылған лицейдің техникалық хатшысынан білуге болады:
8 (707) 370-1774
Ескерту: 6-11 сыныптарда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығымен бекітілген Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес бекітілген оқушылар санына сәйкес келеді.
Анар   21-01-2021 14-55-01   Ата аналардан
Сұрақ:

Қайырлы күн, құрметті Қайратбек Хамзаханович мырза! Мен сізге үлкен өтінішпен жазып тұрмын. Менің балама "биология" пәнінен Бастерова Балхия деген мұғалім оқытады екен. Балам маған 1-тоқсаннан бері айтып жүр, яғни Балхия Бастерова оларға өте қатал қарағанымен қоймай, сабақтарға тек тапсырма беріп өткізе салады екен. Қорытынды бағалауда, яғни тжб бжб-ларды "гугл формада" мүлде кітапта жоқ, өзі түсіндірмеген тақырыптарды алады. Сыныпта ешқайсы 20 баллдан жоғары балл алмаған. Ең жоғарғы балл 30 екен. Менің балам 1 сыныптан бері үздік оқиды, міне осы жылы биология пәнінен жалғыз 4 ке шығып отыр! Және Биология мұғалімі 2-тоқсанда бжбға 10-ақ минут берген! Балаларға ауыр сөздер айтып, тек өзінікін дұрыс санайды. Сабақтарды толық түсіндірмейді!!! Егер интернетіміз нашар жұмыс істесе, "оған менің түк қатысым жоқ" деп 3 форм.баға қояды!
Құрметті Қайратбек мырза, сізден осы мұғалімге ескерту айтқаныңызды сұраймын!!! Не болмаса сыныпқа басқа мұғалімді ауыстырғаныңызды сұраймын!!! "Гугл форма"-сыз бжб-ны алсын, сабақтарды оқушыларға түсіндірсін! Осылай барлық ата аналар шешіп отырмыз!
Жауаб:

Құрметті, Анар ханым!
Сіздің өтінішіңізді міндетті түрде қарастырамыз. Лицей әкімшілігі тарапынан биология пәнін оқу мен оқыту бойынша лицейішілік бақылау және пән мұғалімдерімен БЖБ/ТЖБ өткізу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Лицейдің оқу-тәрбие жұмыстарына белсенділік танытып, өтініш білдіргеніңіз үшін Сізге рақмет айтамын.
Маған жеке жұмыс телефон нөмеріне (392-54-44) хабарласуыңызды сұраймын.
Лицей директоры Қайратбек Шадиев
Кулиева Алия Кзанкуловна   03-01-2021 13-06-27   Ата аналардан
Сұрақ:

Құрметті Шадиев Қайратбек Хамзаханович!
Сіздің басқаруыңыздағы ✓178-ші лицей ұстаздарының бірегейі Кутумов Берік Набиевичке сұрақ емес, ақ тілек білдіру менің аналық жүрегімнен шыққан ілтипат деп білерсіздер.
Шыңдалған ұстаз дәрежесі өскелең ұрпақтың жүрегіне үңіліп, тұнып тұрған қасиеті мен талпысын анықтау болып есептелері сөзсіз.Алланың берген қабілетін жетілдіру, дамыту ұстаз шеберлігімен шыңдалады.Менің перзентімнің сурет салу шеберлігін айқындап, аз ғана мерзімде үлкен жетістіктерге жетелеген Берік Набиұлы ұстазға шексіз аналық ризашылығымды білдіремін. Осы ұстаздың жетелеуі арқылы ұлымның білім мен өнегелі өнерге құлшынысы артып отыр.
«Жақсының жақсылығын айт,тасы өрге домаласын",-деген қазақ халқымның ұлылары.
Алла разы болсын!
Жауаб:

Құрметті, Алия Кзанкуловна!
Барлық ұстаздардың атынан Сізге алғысымыз шексіз. Ата-ана ретінде «ұстаз» деген ұғымды ерекше қастерлеп, білім мен тәрбиенің нәрін шашатын мамандық иелеріне көрсеткен құрметіңіз біз үшін баға жетпес қазына болып табылады.
"Бұлақ көрсең, көзін аш" дегендей, лицей оқушыларына ерекше еңбек сіңіріп жүрген мұғалімдерге, соның ішінде Берік Нәбиұлына білдірген алғыс сөздеріңіз баршамызға қуаныш сыйлап, жұмысымызға шабыт беруде.
Сізге рақмет айта отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға бақ-береке, ырысты ынтымақ тілеймін.
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы
Туматаева Гүлдана Кадырханқызы   02-12-2020 11-27-26   Ата аналардан
Сұрақ:

Құрметті Қайратбек Хамзаханұлы!
Біз Сіз басқарып отырған ең беделді оқу мекемесіне жататын "№178-лицей" табалдырығын биыл,ерекше болып келген 2020 жылы аттадық. Қазіргі уақытта балаларымыз 5 "Ғ" сыныбында білім алып жатыр. Әрбір ата-ана баласының керемет ортада, білікті ұстаз алдында саналы білім алғанын қалайды. Оқушыларын тікелей көрмесе де, үйіріп алып өздерін тыңдата білген, сабаққа қызығушылықтарын арттырып талап ете білген, баламен қатар ата-аналарды да бір ізге салып, жауапкершілік пен тәртіпке бейімдей алған сынып жетекшіміз Роза Сатанқызы мен мектеп ұстаздарына алғысымыз шексіз!
Ұстаз деген өзінің уақытын аямайтын, өзгенің бақытын аялайтын ұлы тұлға! Көзге көрінбейтін, уақыт өте жемісін беретін адал еңбектеріңіздің арқасында талай шәкірттеріңіздің биіктен көрініп, көптеген жетістіктерге жететініне сенімдіміз!
Ұл-қыздарымыздың озық тәжірибелі, біліктілігі жоғары ұстаздардан тәлім-тәрбие алғаны үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз! Сол ортаны қалыптастырып, өз ісінің шеберлерін жинақтай алған, Қоғам алдында үлкен жауапкершілікпен қызмет атқарып жүрген Сізге амандық, зор денсаулық тілейміз!
Жауаб:

Құрметті, Гүлдана Кадырханқызы!
Лицейімізде қашықтықтан оқыту форматында сапалы білім және саналы тәрбие алу жолында оқушы, ата-ана және мұғалімнің бірлесе атқарып отырған жұмыстары орасан зор. Осы орайда лицей мұғалімдеріне қолдау білдіргеніңіз үшін Сізге үлкен рақмет! Жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды шабыттандырады, қуантады. Бізге тілеген тілегіңіз, өзіңізге еселене қайтсын!
Сіздерге зор денсаулық, отбасының амандығын, бақ-берекесін, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!

Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы
Кожаханова Шолпан   22-11-2020 18-23-52   Ата аналардан
Сұрақ:

Сәлеметсізбе, құрметті Қайратбек Хамзаханұлы!
Мен,5"А"сыныбының оқушысы Абылай Бейбарыстың анасымын.Менің қоярға сұрағым жоқ),дегенмен,сіздің болгыңыз арқылы сізге Қайратбек Хамзаханұлы,сынып жетекшіміз Жанат Ескермесқызына жәнеде лицейіміздің ұстаздарына шексіз Алғыс білдіргім келеді❤!
Бір ғана тоқсан ішінде менің балам,конкурстарға қатысып, көптеген жетістіктерге жетіп,оқуға деген қызығушылығы арта тусті.Белсенді балалардың қатарына қосылды.Бұйыртса, Жас ұлан ұйымының қатарына қосылғалы отыр.Бастауыш сыныпта есептерді шығарып,қасында отырушы едім,ал қазір Айғаным Рахматуллақызының еңбегінің арқасында өзбетінше,ешкімнің көмегінсіз есептерді шығара алатындай дәрежеге жетті
Жауаб:

Құрметті, Шолпан Кожаханова!

Барлық ұстаздардың атынан үш айдың ішінде лицейіміздің өте белсенді оқушыларының біріне айналған Бейбарысқа өнегелі тәрбие беріп, азамат етіп өсіргеніңіз үшін Сізге рақмет айтамын.
Ата-ана ретінде лицейде білім мен тәрбиенің нәрін беретін, адамгершіліктің нұрын төгетін мұғалімдерімізге көрсеткен құрметіңіз біз үшін үлкен мәртебе!
Бейбарыстың өмірде алар асуы, шығар шыңдары көп болсын! Біз оған сенеміз!!! Дендеріңізге саулық, отбасыңызға бақ-береке, ырысты ынтымақ тілеймін.

Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы
Ғайша Мұқаш   29-09-2020 09-15-32   Ата аналардан
Сұрақ:

Ғайша Мұқаш, ата-ана



Құрметті Қайратбек Хамзаханұлы және ұстаздар ұжымы! Менің ешқандай сұрағым жоқ, алайда осындай ел басына сын туған жағдайда, Сіздердің ерен еңбектеріңізді елеусіз қалдырмау мақсатында ата-ана ретінде алғыс айтқым келіп отыр.
Оқу бағдарламасы онлайн форматқа көшкелі ұстаздар қауымының еңбегін күнде көзбен көру мүмкіндігіне ие болдық. Расында ұстаздардың еңбегін елеусіз қалдыру мүмкін емес! Онлайн оқытудың қиындығына мойымай, барын салып оқушыларын білім нәрімен сусындатуда. Оқушыларыңызға оқу бағдарламасына сай білім беруді жүйелі ұйымдастырып, олардың бар жағдайын назарға алып, талмай еңбек етіп жатқаныңыз үшін, Қайратбек Хамзаханұлы, Сізге мың алғыс! Сондай-ақ, 8 "ж" сыныбының жетекшісі Алшынбаева Айнур Курбаналиқызы сыныптағы әр баланың сабаққа қатысуын қадағалап, қашықтан болса да уысынан тәртіпті шығармай отырғанына риза болдым. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Жауаб:

Құрметті, ата-ана!
Қашықтық оқыту жағдайында лицейімізде атқарылып жатқан оқу-тәрбие жұмысына ата-ана ретінде жоғары баға беріп, мұғалімдер мен шәкірттерімізге білім беру жолында қолдау көрсеткеніңіз үшін Сізге ұжымның атынан шын жүректен рақмет айтамын.
Деніңізге саулық, отбасыңызға қуаныш пен бақыт тілеймін!!!

Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы
Рахила Алмаханқызы   02-07-2020 20-06-41   Ата аналардан
Сұрақ:

Құрметті Қайратбек Хамзаханұлы және ұлағатты ұстаздар!!! Биылғы, 2019-2020 оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын. Әрине, бұл оқу жылы барлығымыз үшін оңай болған жоқ, әйтсе де осындай келеңсіздікке мойынсынбай, өз жұмыстарыңызды атқара білдіңіздер.Темірдей тәртіп пен білімді бірге ұштастыра отырып, жоғарғы нәтиже көрсеттік деп ойлаймын.Керемет, осы мектепке ұл- қыздарымызды әкеліп, осындай білікті мамандардың арқасында көптеген жетістікке жеткенімізге сенімдімін. Мен осы мектептің ұстаздары Гүлжан Сауытқызы, Балжан Төленқызы, Айжан Дарушқызы, Гүлзия Яаминқызы және Санат Тұрғанұлына рахметім шексіз. Осы ұстаздар тек білім беріп қана қоймай, тәртіпке баулып, мейірімділіктің қайталанбас үлгісін көрсете білді. Ұстазына қарап шәкірті дегендей... Мен осы мектепке қызымды оқытып, оның жақсы нәтижесіне куә болдым. Осы себеппен мектеп директоры - Қайратбек Хамзаханұлына, аяулы ұстаздарға үлкен алғысымды айтамын. Сіздердің мына қиыны да қызығы мол еңбектеріңізге табыс, дендеріңізге саулық тілеймін. Шәкірттеріңіз биіктерден көрініп, мәртебелеріңіз биіктей берсін деген шынайы көңілімді білдіремін...
Ізгі ниетпен, Рахила Алмаханқызы
Жауаб:

Құрметті, Рахила Алмаханқызы!
Лицейіміздің оқу-тәрбие жұмысына көрсеткен қолдауыңыз бен жылы лебіздеріңіз үшін лицей ұжымының атынан шын жүректен рақмет айтамын. Біз үшін сіздердің әрбір пікірлеріңіз және жұмысымызға берген бағаларыңыз құнды. Керемет жылы сөз, жақсы ой, мұғалімнің еңбегіне деген пәк сезімдеріңіз біздерді алға қарай жетелейді. Тілектеріңіз қабыл болғай!!!
Балаларымыз ұлылығымызды ұлықтап, еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін! Өмірде жолдары болсын!!!
Өздеріңізге де дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілеймін.
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы
Асель Бақытжанқызы   02-07-2020 20-13-34   Ата аналардан
Сұрақ:

178 лицей ұжымының ұстаздарына және мектеп директоры Шадиев. К. Х . 11 « Д» сыныбы және ата аналары атынан алғысымызды білдіреміз. Әрбір перзентеріміз үшін аянбай еңбек етіп, білім нәрімен сусындырғандарыңыз үшін, әрбір оқушыға жылулық қасиеттеріңізді, өмірге деген дұрыс көзқарасты үйрете білгендеріңіз үшін шексіз алғысымызды айтамыз. ҰБТ кезінде биылғы үрейлі және қорқыныш ауруына халықаралық дертке қарамастан тан атқаннан кеш батқанға дейін әрбір түлек үшін уайымдап жүргендеріңіз және әрбір түлекке күш қуат юеріп жылулық қасиеттеріңізді айтып мотивациялық сөздер айтып жатқандарыңыз үшін үлкен рақмет. 178 лицейінің ұстаздар ұжымы және директор Шадиев Қайратбек Хамзахановичк - сіздер мықты басшы, тәжірибелері мол ұстаздар деген мадақтамаға лайықсыздар.
Жауаб:

Құрметті, Асель Бақытжанқызы!
Сіздің атыңыздан барша 11"Д" сыныбының ата-аналарына лицей өміріне белсенді атсалысып, еліміздің ертеңгі білімді және өнегелі көшбасшыларын тәрбиелеуге қосқан үлестеріңіз бен қолдауларыңыз үшін рақмет айтамын.
Әрине, жұмыстың бағалануы адамға серпіліс, тың идея, күш берері анық. Лицейдің оқу-тәрбие жұмысына, ұстаздық қызметке жан бітірген тілектеріңіз қабыл болсын!!!
Еліміздің тірегі, тізгінін ұстайтын болашағымыз - балаларыңыздың таңдаған мамандықтың білгір маманы болып шығуына тілектеспін. Аман саулықта қауышайық!
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы
Кусаинова Алуа   01-07-2020 17-23-35   Ата аналардан
Сұрақ:

Құрметті Қайратбек Хамзаханович, Кульжан Сауытовна және пән мұғалімдері! Балаларымыздың осы мектепте білім алғандарына қуанамын! Еңбектеріңіз жана берсін! Отбасыларыңызға амандық тілеймін! Тәрбиелеген шәкірттеріңіз елдің мақтанышы болатынына сенемін! Балаларымыздың болашақтары жарқын болсын! Сіздерге мың алғыс және де сынып жетекшісі болған, өз балаларындай қарап, қамқор болып, демеу беріп отырған, кең пейілді Сабина апайымызға алғыс білдіремін!Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Жауаб:

Құрметті, Алуа ханым!
Лицей ұжымына арнаған осынау ғажайып жылы лебіздеріңіздің ішінде адами жүректің барлық ізгілігі мен мейірімі шүпілдеп тұнып тұрғандай. Осы үшін де Сіздерге, барлық ата-аналарымызға мың алғыс!!!
Шәкірттеріміз еліміздің рухты азаматы болып, алар асуы мен шығар биігі көп болсын! Барлығымыздың көз қуанышымыз болып, аман-есен ойлаған арман-мақсаттарына жете берсін!!!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы
Байысбаева Меруерт   01-07-2020 18-10-32   Ата аналардан
Сұрақ:

Құрметті, Қайратбек Хамзаханович, Гульжан Сауытовна, Ханасилова Сабина апай және мектеп оқытушылары мен әкімшілігі, Сіздерді осы 2019-2020 оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын. Мектеп әкімшілігінің оқу процесіндегі ұйымдастыру деңгейінің жоғары екенін балаларымыздың осы мектепте бірнеше жыл оқу барысында байқадық. Ол және Әлемдік пандемия барысындағы қашықтықтан оқыту кезінде де өте қатты байқалды. Бұл Сіздердің ерен еңбектеріңізбен, жоғары біліктіліктеріңіздің, адамгершіліктеріңіздің арқасы. Мектеп директоры, орынбасары, сынып жетекшілерінің мына карантин жағдайына қарамастан, өз денсаулықтарынан еш қорықпай балалармен ҰБТ кезінде басынан аяғына дейін бірге болып қолдау көрсеткендеріңізге, оқытушылардың күнделікті уақыттарын сарп етіп тестке дайындағандарына басымызды иіп алғысымды білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ та баянды өмір, отбасында бақыт, береке, ұжымда ауызбіршілік, жұмыста табыс тілеймін. Білікті ұстаздардың арқасында білімді балалармен мектебіміз әр жылы түлектерін шығара берсін. Рақмет Сіздерге. 11 ж сыныбы түлегі Әбу Диас Бақытұлының анасы Байысбаева Меруерт Пернебайқызы.
Жауаб:

Құрметті, Меруерт Пернебайқызы!
Білім жолында аянбай еңбек еткен лицей ұжымына білдірген ізгі тілектеріңізге рақмет!
Биыл шәкірттерімізге ҰБТ тапсыру жеңіл тиген жоқ, ҰБТ әділ өтті. Балаларымыз өмірде мақсатқа жету жолында ештеңенің жеңіл берілмейтінін түсінді. Бұл - баршамыздың бірлескен жұмысымыздың нәтижесі!
Лицейді бітірген əрбір жас түлектеріміздің алдағы уақытта алар асулары биік болсын! Сіздерді үлкен жетістіктерімен қуантсын!
Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін. Аман-есен болайық!!!
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы.
Ляйла Матжановна   01-07-2020 18-18-07   Ата аналардан
Сұрақ:

Қайратбек мырза! Осы оқу жылын жақсы аяқтауларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Еңбегіңіз жана берсін! Тек биіктерден көрініңіздер! Ұжымыңызға арнайы Таня Бекболатқызына 11 "Е" сынып ата-аналары атынан алғысымыз шексіз!!! ҰБТ-дан уайымдап шыққан балалар сіздің АГУ алдында әр баланы құшақтап қарсы алғаныңыздан шаршағанын, уайымын ұмытып кетті. Балаларымызға серпіліс берді. Ата-аналардың қосақталып жүргенін елемей сіздің 1 ауыз жылы сөзбен қарсы алғаныңыз олар үшін МӘРТЕБЕ болды. Біздің сынып оң нәтиже көрсетті деп есептеймыз ата-аналар. Жай күнде 1 жайт көңілімізден шықпаса шулатып жатамыз. Ерекше ықыласыңыз үшін сәзге және ұжымыңызға ерекше Таня апайға Алғысымыз шексіз!!!
Жауаб:

Құрметті Ляйля Матжановна!
Лицей мұғалімдерінің еңбегіне деген шынайы көңіліңіз бен жылы лебізіңіз үшін ұжымның атынан Сізге және барша ата-аталарымызға рақмет айтамын!
Әрине, жұмыстың бағалануы адамға серпіліс, тың идея, күш берері анық. Болашаққа қанат байлап, ұстаздық қызметке жан бітірген тілектеріңіз қабыл болсын!!!
Ия, баршамызға ҰБТ оңай болған жоқ! Бірақ біз, барлығымыз бірлескен жұмыстың нәтижесінде осы қиындықтан сүрінбей, мәреге алқынбай жеттік!!! Балаларымыздың өмірдегі ең қиын сынағы осы болғай! Алда оларды жарқын болашақ күтуде ... Жолдары ақ болсын!!!
Отбасыларыңызға амандық, балаларымыз қуаныш пен шаттықтың ортасында ойнап-күліп, есен де сау ел мақтаныштары болуларына тілектеспін!
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы
Догоманова Зарема   22-06-2020 13-36-03   Ата аналардан
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе. Біз 5сыныпқа емтихан тапсырдық. 20балл алыппыз. Демек қабылданамыз ба мектепке.
Жауаб:

Қайырлы кеш!
5 сыныптар арасында өткен жазғы олимпиаданың қорытындысы бойынша 20 балл және одан жоғары балл жинаған оқушылар лицейге қабылдануға жолдама алды. Жүлдегер атанған балаңызды құттықтаймыз!
Лицей директоры Кайратбек Хамзаханұлы
Елеусизова Айткамал   20-06-2020 13-05-53   Ата аналардан
Сұрақ:

Салеметсизба? Биз осы лицейдин 5 сыныбына 8.06.20 куни тест тапсырган едик. Сонын результатын кандай сайттан коруге болады. Контактный телефондарыныз мулде жауап бермейди. Рахмет!
Жауаб:

Қайырлы күн!
5 сыныптар арасында өткен жазғы олимпиада қорытындысы лицейдің ресми сайтында жарияланды.
Сәттілік!
Жанар Еркінқызы   15-06-2020 19-33-24   Ата аналардан
Сұрақ:

Құрметті Қайратбек Хамзаханұлы және мектеп ұжымы! Менің балам Нүсіпжан Дияр осы мектептің 5-сыныбын өте жақсы бітіріп, келесі сыныпқа көшті. Келген кезде біраз қиындықтар болды, мысалы: ортаға бейімделу, жаңа пәнді игеру, ұжымға сіңу т.с.с. Сіздің және Сіз басқарып отырған ұжымның арқасында бұл кезеңнен сүрінбей өтіп, ұлым өзін көрсете алды. Біздің бағыт математикалық болған соң, тіл мен әдебиет пәніне деген қызығушылығы төмен еді. Осы мектептің тіл және әдебиет пәні мұғалімі Рапилова Елмира апайының шеберлігі мен іскерлігінің арқасы десем де болар, балада тіл мен әдебиетке деген көзқарасы өзгерді. Балам көркем әдебиеттерді оқып, қызығушылығы артып, өзіндік пікірлерін білдіре бастады. Оның дәлелі ретінде мектеп қабырғасындағы іс-шараларға қатысып, ойымен бөліскенін айта аламын. Осындай дәрежеге жеткізген Елмира апайға алғыс білдіремін!!!
Жауаб:

Құрметті, Жанар Еркінқызы!
Лицейдің оқу-тәрбие жұмысына жоғары баға беріп, мұғалімдер мен шәкірттерімізге білім беру жолында қолдау көрсеткеніңіз үшін Сізге ұжымның атынан шын жүректен рақмет айтамын. Біздің мақтанышымыз - Диярға білімді игеру жолында талмай еңбек етіп, еліміздің білімді де рухты азаматы болып өсуіне тілектеспін.
Деніңізге саулық, отбасыңызға қуаныш пен бақыт тілеймін!!!

Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы
Омарова Айгерим   08-06-2020 15-58-37   Ата аналардан
Сұрақ:

Салеметсіздер ма .Біз сіздердін мектепке емтихан тапсырып едік енді соны кай сайттан карауға болатынын таппай отырмын .Мендегі сілтеме кірмейді .Рахмет жауап бергендерінізге
Жауаб:

Құрметті, ата-ана!
Физика-математика бағытындағы №178 лицейдің 5 сыныбына құжаттарды қабылдау 1 маусымнан бастап электронды форматта жүзеге асырылады.
*** Қосымша ақпаратты, электрондық түрде тіркелу сілтемесін лицейдің ресми сайтынан және 8 (727) 392-54-42, 8(702) 980-67-14, 8(707) 178-59-01 нөмірлері бойынша біле аласыздар.
Құрметпен, лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы.
Догоманова Зарема   31-05-2020 09-58-31   Ата аналардан
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе. Менің 4сынып бітіріп отырған ұлым сіздердің мектептеріңізде оқығысы келеді. Емтихан қалай өтеді, қалай білсе болады
Жауаб:

Құрметті, ата-ана!
Физика-математика бағытындағы №178 лицейдің 5 сыныбына құжаттарды қабылдау 1 маусымнан бастап электронды форматта жүзеге асырылады. Қажетті құжаттар:
• Үміткердің ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің өтініші;
• Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
• 3x4 фото.
*** Қосымша ақпаратты, электрондық түрде тіркелу сілтемесін лицейдің ресми сайтынан және 8 (727) 392-54-42, 8(702) 980-67-14, 8(707) 178-59-01 нөмірлері бойынша біле аласыздар.
Құрметпен, лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы.
Тилеугабылова Максат   28-05-2020 17-19-29   Ата аналардан
Сұрақ:

Саламатсызба. Жаңа оқу жылына 5 сыныпқа қабылдауға құжатты қашан қабылдайсыздар? Кабылдау талаптары қандай?
Жауаб:

Құрметті, ата-ана!
Физика-математика бағытындағы №178 лицейдің 5 сыныбына құжаттарды қабылдау 1 маусымнан бастап электронды форматта жүзеге асырылады. Қажетті құжаттар:
• Үміткердің ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің өтініші;
• Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
• 3x4 фото.
*** Қосымша ақпаратты, электрондық түрде тіркелу сілтемесін лицейдің ресми сайтынан және 8 (727) 392-54-42, 8(702) 980-67-14, 8(707) 178-59-01 нөмірлері бойынша біле аласыздар.
Құрметпен, лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы.
Йылдыз Асем   27-05-2020 12-26-32   Ата аналардан
Сұрақ:

Құрметті №178 лицей ұжымы және лицей директоры Шадиев Қайратпек Хамзаханұлы. Мен 7 “Е” сынып оқушысы Йылдыз Алейнаның анасы Йылдыз Асем .
2017 оқу жылынан бастап сіздің білім ордаңыздан білім алып келдік. Түркия мемлекетіне отбасымызбен қоныс аудару мақсатында №178 лицейден қош айтыстық. Мен ата-ана ретінде сіздің ұжымыңызға, білім беріп отырған ұстаздарға, сынып жетекшісі Сәуле Орынбасарқызына алғысым шексіз. Әрбір үйдің еркесіне ерекше көңіл бөліп, білім, тәлім-тәрбие беріп Қазақстанның үлгілі азаматтары болуда көп ат салысуда .
Математик Бауыржан Қасенұлына жеке алғыс білліремін “Ұстазы жақсының Ұстамы жақсы „ дегендей өте жақсы білімді ұстаз . Қызым үш жылда математика пәнін терең меңгеріп алды.
Сіздің білім ордаңыздан бізден ата-анадан қандайда бір пара талап етілуін көрмедік.
№178 лицей ұжымына алғысымызды білдіре отырып,барлықтарыңызға қазіргі әлемде болып болып жатқан келеңсіз жағдайдан аман болуларыңызды тілей отырып, Қоштасамыз!
Жауаб:

Құрметті, Асем ханым!

Барлық ұстаздардың атынан лицейіміздің үздік оқушыларының бірі Алейнадай алтын қызға өнегелі тәрбие беріп, мәпелеп өсіргеніңіз үшін Сізге рақмет айтамын. Ата-ана ретінде лицейде білім мен тәрбиенің нәрін шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін мұғалімдерімізге көрсеткен құрметіңіз біз үшін үлкен мәртебе!
Әрине, үздік оқушымыздың лицейден шетелге кетіп баратындығы өкінішті. Алайда, бұл – өмір! Алейнаның өмірде алар асуы, шығар шыңдары көп болсын! Біз оған сенеміз, аман болыңыздар! Дендеріңізге саулық, отбасыңызға бақ-береке, ырысты ынтымақ тілеймін. Ақ жол!!!

Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы
Түсіпов Айбек Кәдірұлы   25-05-2020 17-36-01   Ата аналардан
Сұрақ:

Сәлеметсізбе, құрметті Қайратбек Хамзаханұлы. 4 сынып бітірген ұлым Кәдір Бақнур Айбекұлы сіздердің лицейде оқығысы келеді. Соның жолы қалай болады, конкурс болса оған қалай қатысысуға болады?
Құрметпен, Айбек Кәдірұлы.
Жауаб:

Құрметті, Айбек Кәдірұлы!
Ұлыңыз Бақнур Айбекұлының біздің лицейде оқығысы келетіндігі бізді қуантады. Рақмет!
Физика-математика бағытындағы №178 лицейдің 5 сыныбына құжаттарды қабылдау 1 маусымнан бастап электронды форматта жүзеге асырылады. Қажетті құжаттар:
• Үміткердің ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің өтініші;
• Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
• 3x4 фото.
• Құжаттардың түпнұсқасы талап етілмейді.
Кез-келген өзгерістер туралы ақпарат ресми лицей сайтында және әлеуметтік желіде хабарланады.
Құрметпен, лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы.
Кайнарбаева Галия   23-05-2020 13-13-40   Ата аналардан
Сұрақ:

Қайырлы күн, №178 лицей ұжымы және лицей басшысы Қайратбек Хамзаханұлы! Мен 11«З» сынып оқушысы Орынбасар Ерасылдың анасы Қайнарбаева Ғалия. Ұлым 2014-2015 оқу жылынан бері сіздердің лицейлеріңізде білім алып келеді. Міне биылғы жылы жас түлек! Осы жылдар аралығында ұлымызға білім мен қатар тәрбие берген ұжымға және ұстаздарына алғысым шексіз! Ата-ана ретінде ешуақытта хабарсыз болмадық, әрдайым лицеймен байланыста болдық. Лицейде жүргізілген іс-шаралардан, игі істерден хабардар болып отырдық. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты міндеттелген өзгерістерге бойұсынамыз. Яғни, соңғы қоңырау, аттестат алу кеші секілді мерекелік кештерді жылдағыдай емес ерекше талаптармен өткізуіне келісеміз. Себебі, тәртіпке бағынған құл болмайды. Осы орайда лицей ұжымына және басшысына балаларымыз үшін талапқа сай соңғы қоңырау мен аттестат беру салтанатын біріктіре отырып ұйымдастыру жұмысын жүргізіп жатқанына дән ризамыз. Және де ешқандай қаражат жинап жатпағанын тілге тиек еткім келеді. Барлығы талапқа сай болуы бізді де қуантты.
Жауаб:

Құрметті, Ғалия ханым!
2019-2020 оқу жылының табысты аяқталуымен құттықтаймын!
"Бір әріп үйреткен ұстазыңа, қырық жыл сәлем бер"деген дана халқымызда керемет сөз бар. Ұстаздар қауымына алғыс білдіріп, жылы лебіздеріңіз бен ізгі ниеттеріңізге рақмет.
Болашақтары жарқын,білімді, білікті оқушыларымыз біздің лицейдің мақтаныштары болсын!

Құрметпен, Қайратбек Хамзаханұлы
Коканбаев М.З.   21-05-2020 15-15-19   Ата аналардан
Сұрақ:

Құрметті Қайратбек Хамзаханұлы!
Елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай енгізіліп, мектеп оқушылары төртінші тоқсанның сабақтарын онлайн және қашықтан өтіп жатыр.Оқушының тиісті білім алуын қамтамасыз ету оңай шаруа емес, соған қарамастан осындай мәселелерді жүзеге асыруда мұғалімдер үлкен жұмыс атқарып жатыр.
Сіз басқарып отырған лицей ұжымына балаларымызға беріп жатқан білім және тәрбие үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Лицей педагогтарының оқушыларға деген қарым-қатынастарының арқасында балаларымыз іргелі білім алып, өздерінің қабілеті мен таланттарын аша түсуде.
Менің ұлым Зикиров Абылай 7Ә сыныпта оқиды.
Сондай-ақ сынып жетекшісі Б.Кутумовқа да алғыс айтқым келеді.
Сізге және лицей ұжымына зор денсаулық, жұмысыңызға сәттілік пен жетістік тілеймін!

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы М.Коканбаев
Жауаб:

Құрметті, ата-ана!
Қашықтық оқыту жағдайында лицейімізде атқарылып жатқан оқу-тәрбие жұмысына ғалым әрі ата-ана ретінде жоғары баға беріп, мұғалімдер мен шәкірттерімізге білім беру жолында қолдау көрсеткеніңіз үшін Сізге ұжымның атынан шын жүректен рақмет айтамын.
Деніңізге саулық, отбасыңызға қуаныш пен бақыт тілеймін!!!

Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы
11 класс оқушысының анасы   18-05-2020 20-28-20   Ата аналардан
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе. Бірінішіден блогыңыз туралы. Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңының 21 бабы бойынша көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде оң жағына немесе төменгi жағына орналасады. Сіздің блогыңыз осы бапты өрескел бұзып отыр және Сіз басқарып отырған мектеп таза қазақ тілді мектеп болғандықтан орыс тілінде ақпараттың болуы міндетті емес деп санаймын. Егер менің айтқанымды дұрыс деп санасаңыз, бұл олқылықты тез арада түзетесіз деп сенемін. Ана тілімізді алдымен өзіміз құрметтемесек, басқа кім құрметтейді?
Екіншіден, сәуір айында Сіз бітіруші сынып оқушыларының ата-аналарымен онлайн конференция өткізіп, мектебіңізде қашықтан білім беру бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстар туралы ақпараттармен бөлісіп, бітіруші сынып оқушыларынан ешқандай ақша жиналмайтыны туралы айтқан едіңіз. Ол кезде мектеппен қоштасу салтанаты болмайды және аттестат әр оқушыға жеке беріледі деп Білім және ғылым министрлігі мәлімдеген болатын. Бірақ, қазір елімізде карантиннің аяқталуына байланысты, мектеп бітірушілерге мектеппен қоштасу және аттестат тапсырылу мерекесіне рұқсат етіліп отыр. Осыған байланысты бұл салтанатты кешті өткізуге әр сыныптың ата-аналар комитеті 10000 (он мың) теңгеден жинауды бастап кетті. Әрине бұл қаншалық ерікті түрде екенін бәріміз білеміз (орысша айтқанда добровольно-принудительно). Менің білуімше биыл шамамен мектепті 280 оқушы бітіреді екен. Сонда 28000000 (екі миллион сегіз жүз мың) теңге жиналады. Айтулары бойынша ол ақшаның ішіне мектеп бірітуші тағатын, әр оқушының аты-жөні жазылған лента (1500 теңге туруы мүмкін), ұшыратын шар, мектептің алдына орналастырылатын шардан жасалған арка және екі баннер кіретін көрінеді және әрбір оқушы отыратын барда тұратын орындықтар алуды мектеп администрациясы ұсынған көрінеді. Салтанатты кештен кейін ол орындықтар мектепке естелік ретінде қалдырылады екен. Бұл не деген сорақылық? Барда тұратын орындықтардың мектепке қаншалықты қажеттілігі бар? Еліміз ғана емес бүкіл әлем экономикалық дағдарыстың алдында тұрған бүгінгі күнде мұндай ысырапшылыққа барудың қажеті не? Мен қазір тек қана Сіздің блогыңызға жазып отырмын. Егер тез арада осы істі тоқтатпайтын болсаңыз, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың блогына жазуға мәжбүр болатынымды ескертемін.
Жауаб:

Құрметті, ата-ана!
Сізге менімен байланысқа шығып, лицейдегі 11 сынып оқушыларының ата-аналары арасында болып жатқан мән-жағдайды дер кезінде хабарлағаныңыз үшін рақмет айтамын. Бұл жағдай мені қатты алаңдатып отыр, сондықтан бүгін мен оны анықтаймын және ата-аналар тарапынан ақша жинау мәселесін тоқтатуға уәде беремін.
Осы мәселеге қатысы бар педагог қызметкерлер анықталған жағдайда, оларға ҚР «Білім туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағына және ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес «Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ-нің 2019 жылдың қазан айының 24-і күнгі Аудандық білім бөлімдерінің басшыларына, Білім беру ұйымдарының басшыларына жолдаған № 03-1-4/893 хаты және «№178 лицей» КММ-нің 2019 жылдың 25 қазандағы «Ақшалай қаражат және сыйлық алуға тыйым салу туралы» №351 бұйрығын орындамағаны үшін тәртіптік жаза қолданылады.
Блог туралы ескертпеңізді қолдаймын, оны түзетеміз.
Лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы

Аденгалиева Индира   07-05-2020 19-22-51   Ата аналардан
Сұрақ:

Құрметті Қайратбек Хамзаханович!Сізді мерекеңізбен құттықтаймын!Деніңізге саулық,отбасыңызға береке тілеймін.Еңбегіңіз жемісті болсын.Рахмет.
Жауаб:

Құрметті, Индира ханым!
Сізге мерекедегі ізгі тілегіңіз бен жылы лебізіңізге үлкен рақмет!
Мереке бірге болсын! Аман болайық!!!

Құрметпен лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы
Абылайхан Сопыбек   27-04-2020 22-40-06   Ата аналардан
Сұрақ:

Елде жарияланған төтенше жағдай онсыз да жұмысы ауыр ұстаздар үшін ауыртпалықты еселеп жіберді. Еркіндікті сүйетін, кешке дейін далада жүретін балалар амалсыз үйге қамалды. Сондай төзімі таусылып, үйде қамалып отырған балалармен жұмыс жасап отырған ұстаздарға мың алғыс. Өз басым монитордың ар жағында, әр шәкірті үшін шырылдап тұрған, ұстаздардың даусын есіткенде, оларды нағыз бүгінгі күннің батырлары деймін. Өйткені олар әр баланың ертеңі үшін алаңдаулы. Түсінген адамға бұл кезең соғыстан кем емес. Көзге көрінбейтін жау бүкіл елді, бүкіл әлемді алаңдатып қойды. Құрметті 178 лицей басшысы Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы, оқу ісі орынбасары Гүлжан Сауытовна, 9"Г" сынып жетекшісі Эльмира Рапилова және пән ұстаздары, сіздер арқылы бүкіл ұжымға, ұстаздар қауымына мың алғыс. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер, біз сіздермен біргеміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, дертке шалдыққан отандастарымызға Алла шипасын берсін! Сіздерге үлкен құрметпен 9"Г" сынып оқушысы Аблайханұлы Нұрдаулеттің әкесі, Ауған соғысы ардагері, Абылайхан Сопыбеков
Жауаб:

Құрметті, Абылайхан мырза!
Лицей мұғалімдерінің еңбегіне деген шынайы көңіліңіз бен жылы лебіздеріңіз үшін ұжымның атынан Сізге рақмет айтамын! Әрине, жұмыстың бағалануы адамға серпіліс, тың идея, күш берері анық. Қарапайымдылыққа қанат байлап, ұстаздық қызметке жан бітірген тілегіңіз қабыл болсын!!!
Отбасыңызға амандық, балаларымыздың қуаныш пен шаттықтың ортасында ойнап-күліп, есен де сау ел мақтаныштары болуларына тілектеспін!

Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы
Жылқышыбаева Меруерт   27-04-2020 22-13-52   Ата аналардан
Сұрақ:

Қымбатты Қайратбек Хамзаханұлы және 178 лицей ұжымы. "Ұстаз- ұлық емес, ұлы қызмет" демекші цифрлық білім беру ресурстарын дамыту шағында сіздердің жанжақты игі істеріңізге алғыс білдіреміз.
«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» - деп, Ахмет Байтұрсынов айтқандай білім беру саласын жетілдіру жолында сіздердің өз ниеттеріңізбен шәкірттеріңізге деген сүйіспеншілікті біріктірген– кемел ұстаздықеткендеріңіз - еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналуына қосқан үлестеріңіз деп білуге болады.
Сондайақ балаларымыздың сынып жетекшісі Нәбиұлы Берікті
өзінің шәкірттеріне еңбектен қуаныш табу қабілетін дарыта алатын мұғалім, зор даңқа бөленуге тиіс деп білеміз.
Құрметті №178 лицей мектебінің педагогикалық ұжымы, мектеп басшысы Қайратбек Хамзаханұлы! Сіздерге осы еңбек жолында қажымас қайрат, мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық, тек игі істеріңіздің нәтижесі биіктен көрініп жоғары беделге ие бола берулеріңізге тілек білдіреміз.

7 «Ә» сыныбының оқушысы Мұхаметқали Нұркеннің
анасы Жылқышыбаева Меруерт
26.04.2020
Жауаб:

Құрметті, Меруерт ханым!
Еліміздің білім саласының қашықтықтан оқыту форматына көшуі оқушы, ата-ана және мұғалім үшін жаңа өмірдің бастамасы іспеттес. Әрине, жаңа өмірге бірден бейімделу оңай емес. Әйтседе, қашықтықтан оқытуда осы үштік одақтың бірлесе атқарып отырған жұмыстары айтарлықтай. Осы орайда лицей мұғалімдеріне қолдау білдіргеніңіз үшін Сізге үлкен рақмет! Жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды шабыттандырады, қуантады, бақытты етеді. Бізге тілеген тілегіңіз, өзіңізге еселене қайтсын!
Сіздерге зор денсаулық, отбасының амандығын, бақ-берекесін, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!

Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы
Қазиев Жамбул Ізтлеуұлы   25-04-2020 22-16-29   Педагог
Сұрақ:


Құрметті Қайратбек Хамзаханович!
Осындай төтенше жағдай кезінде, оқушылардың денсаулығын түрлі дерттен сақтау үшін балаларды арақашықтықтан оқыту іс-шараларын жүргізіп, үлкен жұмыс атқарып жатырсыздар.
Мен де жоғары оқу орнының оқытушысымын, ғылым докторы, профессор Қазиев Жамбыл Ізтлеуұлы. Ұлым - Қазиев Нұрасыл, 7Ә – сынып оқушысы.
Сіз басқарып отырған ұжымға алғысымды білдіргім келіп отыр. Арақашықтықпен оқытуға көшкен күннен бастап, пән мұғалімдері өз міндеттерін жоғары деңгейде орындап, білім беру сапасын қамтамасыз етуде. Үйдегі баланың күнделікті сабаққа дайындалуынан, ұстаз бен әрдайым байланыста болғаны қуантады. Мен бұл жұмысты күнделікті студенттермен өзім де жүргізіп отырғандықтан, жүргізіліп жатқан әрекеттерге баға бере аламын деп ойлаймын. Жұмыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оң нәтиже беріп жатыр.
Сынып жетекшісі Б.Кутумовқа алғыс айтқым келеді. Әр оқушы үшін, солардың білімі үшін аянбай еңбек етіп жүрген нағыз педагог.

Ветеринария ғылымдарының докторы,
профессор Ж.І.Қазиев
Жауаб:

Құрметті, Жамбыл Ізтлеуұлы!
Қашықтық оқыту жағдайында лицейімізде атқарылып жатқан оқу-тәрбие жұмысына ғалым әрі ата-ана ретінде жоғары баға беріп, мұғалімдер мен шәкірттерімізге білім беру жолында қолдау көрсеткеніңіз үшін Сізге ұжымның атынан шын жүректен рақмет айтамын.
Деніңізге саулық, отбасыңызға қуаныш пен бақыт тілеймін!!!

Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы
Сәуле   23-04-2020 12-15-10   Ата аналардан
Сұрақ:

ҰЛЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ИЕСІ БІЗДІҢ – САБИНА АПАЙ!

Мектептің тірегі де, тілеуі де, оқыта білетін мұғалім.
А.Байтұрсынов

«Ұстаздық – ұлық емес, ұлы қызмет» деп, батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы тегіннен тегін айтпаған. Өйткені ол адам баласының жанын нұрландыратын, шәкіртінің бойына білім нәрін себетін, мемлекетімізді құрметтеу жауапкершілігін үйрететін қызметші деп білемін.
Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық – тағылымы терең өнер. Шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. Еңбек жолын, бар ғұмырын білімді ұрпақ дайындауға арнаған бүгінде мәртебелі ұстаз, 11 «Ж» сыныбының жетекшісі Ханасилова Сабина апай осындай тағлымы терең өнердің хас шебері.
«Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін төгілген тер, ерен еңбегі біздің сынып жетекшіміз Сабина апай, ұлағатты өнеге иесі деп білеміз. Халқымыз «Ұстазы мықтының ұстамы мықты», - деп тегін айтпаса керек. Балалардың бойына үлгі-өнегі дарыта білген Сабина апайдың үйретері де, берері де көп. Мен үшін ол - өткенін саралап, балардың болашағына жол сала білетін азаматша.
Сабина апай, айналасындағы оқушыларының биіктен көрінгенін, жарқырап жүргенін қалайды. Жарасымды киімімен алдындағы оқушыға жан жүрегімен жылулық, махаббат сыйлағанын қалайды. Және ол соны талап етеді. Мектепте оқушыларды тәрбиелей жүріп, олардың жарқырап жүрген бейнесінің арғы жағында: «Жан-дүниеңде қандай қиындық бар? Көңіліңе кірбің түсірген нендей мәселе?» Ондайда Сабина апай, мұны баланың жеке шаруасы деп бөліп-жарған емес. Өмірде неше түрлі сәттер болады. Балалары қаншалықты жарқырап жүруге тырысқаныңмен, оның жаның жегедей жеген мәселенің көлеңкесі көрініп тұратынын ол жақсы біледі. Сол себепті де сыртқы сұлулығыңмен қатар баланың ішкі әлеміңде емдеуге тырысады. Кабинетіне кіріп барғанда аналық мейірімімен айтылған «жаным» деген бір ауыз сөзі баланың жан дүниесіне таптырмас ем бола алады. Осылай күш алған оқушысы, жігерленеді, алға ұмтылады. Мұндай мейірімді сезінген қыздардың, ұлдардың кері шегінуге қақысы жоқ. Себебі өзіңе сенім артқан ұстаздың алдында міндетін орындау керек олар. Сабина апай жайында жаза берсек тізбектеле беретіні рас. Бұл бірыңғай мақтау емес. Ойдан құрап, мерейін көтеру үшін айтылған жай ғана сөздер емес.
11 «Ж» сынып жетекшісі Ханасилова Сабина апай есімі аталғанда әрбір ата-ана шынайы жүрекпен, ыстық ықыласпен, мейірлене, шабыттана сөйлеп, жүзінде жылылық пайда болатыны мені таңқалдырады. Иә, Ұстазға айналу екінің бірінің қолынан келмейді. Егемен еліміздің ертеңін ойлар, білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты азаматтарды тәрбиелеуде Ханасилова Сабина апайымыздың еңбегінің зор екенін баршамыз мойындаймыз.

11 «Ж» сыныбының оқушы Әбдіжәлел Махаббаттың анасы Табалдинова Сәуле
23.04.2020

Жауаб:

Құрметті, Сәуле ханым!

Барлық ұстаздардың атынан Сізге алғысымыз шексіз. Ата-ана ретінде «ұстаз» деген ұғымды ерекше қастерлеп, білім мен тәрбиенің нәрін шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін қасиетті мамандық иелеріне көрсеткен құрметіңіз біз үшін баға жетпес қазына болып табылады.
Ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығаруда ерекше еңбек сіңіріп жүрген лицейіміздің мұғалімдеріне, соның ішінде Ханасилова Сабинаға білдірген алғыс сөздеріңіз баршамызға қуаныш сыйлап, жұмысымызға шабыт беруде.
Сізге рақмет айта отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға бақ-береке, ырысты ынтымақ тілеймін.

Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы
Сәуле   23-04-2020 12-13-59   Ата аналардан
Сұрақ:

Жақсы адамның үлгісі

Президенттің биылғы жолдауында: «Оқытудың мазмұндылығы заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы үйлесімді түрде толықтырылуға тиіс. Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты интернетке қосу және мектептерімізді видиоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру қажет» делінген.
Қ.Тоқаевтың Білім беру жүйесіне байланысты осындай көреген ойларын гимназия ұжымы Қайратбек Хамзаханұлының басшылығымен жылма-жыл іске асырып отырады. Барлық ұлттың тілін, мәдениетін, ділін, ұлттық болмысымызды жетілдіруді бір сәт есінен шығарған жоқ. Біліміміз бен білігімізді, көргеніміз бен көкейге түйгенімізді қастерлі қазынамыз – Қазақстаннның, жасампаз болуына қызмет етуге үйретуден жалыққан емес.
Замана тұлғалары үшін мынадай бір ақиқат бар: Заманның өз көкірегінен жомарттықпен туатын ұрпақ бар да, заманды да жасасар ұрпақ бар. Алматы қаласының №178 лицейінің білім беру саласын жетілдіруді мектеп директоры Қайратбек Хамзаханұлы бастаған педагогикалық ұжым тер төккен еңбек жолдары – Тәуелсіздік тегеурінімен бірге жасасқан киелі білім жолының алтын парақтары деп айтуға болады.
Сонымен қатар, Ы.Алтынсариннің «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені – мұғалім мектептің жүрегі» деген өсиетін бір сәт есінен шығармаған осы мектеп директордың орынбасары – Гүлжан Саутовна. Мектептегі мұғалімдерді үлкен-кіші демей, әрбірінің қадір-қасиетін құрметтеп, олардың өзіне деген педагогтық сенімдерін, әлеуетін нығайтып, арттырып отырады. Педагогтардың жан-жақты дамуын үнемі назарында ұстайды.
«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» - деп, Абай бабамыз айтпақшы, ұстаздық және басшылық жұмыстарын адамгершілік ойларға бағындыра отырып, жаһандану заманының ұлттық бәсекеге сай ұжымы болуға, жаңа формация мұғалімі болып қалыптасуға тәрбиелеген директордың оқу ісінің меңгерушісі Гүлжан Саутовна апайымызға ризашылығымыз бен алғысымыз шексіз.
Гүлжан Саутовна мектеп оқушыларының қанатымен қорғаған қарлығаш сияқты: «Оқушыларым», «Әріптестерім», «Шәкірттерім» деген сөздерді бір сәт назарынан шығармаған – ұлы ұстаз!
Ол – үлкенді құрмет тұтып, кішіні сыйлай білетін көркем мінез иесі. Ол – баланы еркелетіп, маңдайынан иіскей отырып, жауапкершілікті жүктей білетін аяулы ана. Ол – басқа да мұғалім-әріптестерінің мәртебесін асқақтата отырып, өз жұмысына деген адалдығын қалыптастыра білетін білікті ұстаз. Ол – барша балаларды бір-біріне бауырдай адал, мейірім, ықыласпен бір отбасына айналдыра алатын сыйлы көшбасшы.
Жарқын жаратылысы мерейлі атақ-даңқымен, ықпалды лауазымымен, білімге деген азаматтық қамқор-қызметімен байып, көтеріліп тұрса, ұжым Гүлжан Саутовнаны жолбасшы тұлға тұтып, қадір-қасиетіне бас иіп құрметтейді, үлгі көреді.
Міне, сондай үлгілі тұлға деп Алматы қаласының, 178 физика-математикалық лицейдің ұлағатты ұстаз, математика пәнінің мұғалімі, директордың оқу ісінің меңгерушісі Гүлжан Саутовнаны 11 «Ж» сынып оқушылары және олардың ата-аналары мақтан етеді.
Құрметті №178 лицей мектебінің педагогикалық ұжымы, мектеп басшысы Қайратбек Хамзаханұлы және Гүлжан Саутовна!
Сіздерге еңбектеріңіздің жемісін көріп, денсаулықтарыңыздың мықты болуыңа тілектеспін. Отбасыларыңыз аман, бауырларыңыз бүтін болсын. Оқушыларыңыз биіктен көріне берсін!

11 «Ж» сыныбының оқушысы Әбдіжәлел Махаббаттың
ата-анасы Табалдинова Сәуле.
24.04.2020


Жауаб:

Құрметті, Табалдинова Сәуле!

Елдегі қазіргі қиын жағдайда №178 лицейдің оқу-тәрбие жұмысына көрсеткен қолдауыңыз бен жылы лебіздеріңіз үшін лицей ұжымының атынан шын жүректен алғыс айтамын. Біз үшін сіздердің әрбір пікірлеріңіз және жұмысымызға берген бағаларыңыз құнды. Керемет жылы сөз, жақсы ой, мұғалімнің еңбегіне деген кіршіксіз сезімдеріңіз біздерді алға қарай жетелейді.
"Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала" демекші, балаларымыз, еліміздің жас ұландары, ұлылығымызды ұлықтап, еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін!
Өздеріңізге де дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілеймін.

Ізгі тілекпен, лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы
Медеу   29-02-2020 19-25-16   Басқа
Сұрақ:

Уважаемый господин директор. Огромная просьба от неравнодушного гражданина. Прошу Вас обратиться акимат г. Алматы для установки аппаратно программного комплекса "Сергек" на пешеходных переходах возле лицея 178 по улице Доспановой. Так как улица широкая и с хорошим покрытием там мало кто соблюдает скоростной режим. Учитывая количество учеников лицея, то что дети учатся в двух сменах и дети переходят улицу в сумерках для безопасности детей это крайне необходимо. Понимаю что это не входят ваши обязанности, но думаю безопасность ваших учеников для вас тоже небезразлична
Жауаб:

Уважаемый, Медеу! Спасибо за обращение!
КГУ «Лицей № 178» сообщает, что для безопасности жизни учащихся по ул. Доспанова был составлен протокол от 12.02.2020 г. и передан в акимат Алатауского района г. Алматы о необходимости установить:
1. Предупреждающий знак «Осторожно, дети!»;
2. Знак ограничения скорости 40 км/ч;
3. Искусственное неровность;
4. Полоса пешеходного перехода;
5. Знак искусственной неровности;
6. Освещение пешеходного перехода.
Протокол в данный момент находится на рассмотрении.
Учитывая Ваше предложение об установке аппаратно-программного комплекса «Сергек» на пешеходных переходах возле Лицея № 178 по ул. Доспанова, мы считаем, что нет необходимости на переулке устанавливать камеру, так как выше указанные дорожные знаки будут достаточны для предупреждения и ограничения скорости для водителей автомобиля.
С уважением, Кайратбек Хамзаханович
Жанбиров Жумажан Гинаятович   12-02-2020 14-49-50   Басқа
Сұрақ:

Құрметті Қайратбек мырза! Мен т.ғ.д., профессор М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясынан Сізге барып. танысып менің тобымда ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысып жүрген Сіздің оқушыңыз Рысбекова Камила Дастанкызы туралы айтқанмын. Бұл оқушыңыз ағылшын тілімен қатар логистика мамандығы бағытында конференцияларға қатынасып жүрген және үлкен талпынысымен қабілеттілігін көрсетіп келеді. Сізден осы оқушыңызды мемлекеттік грантқа түсу бағытында арнаулы конкурстармен сайыстарға қатынасып, бағын сынау мақсатында қол қабысып көрсетіп, мүмкіндік беруіңізді сұраймын. Алла разы болсын. Құрметпен профессор Жанбиров 87023175901
Жауаб:

Құрметті Жұмажан Ғинаятұлы! Біздің лицейдің оқушыларына ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналасуына мүмкіндік беріп, оларға жетекшілік еткеніңіз үшін Сізге алғыс айтамыз. 2016 жылға дейін «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес республикалық және халықаралық олимпиада жеңімпаздары ҰБТ-дан босатылып, кез келген жоғары оқу орнына құжат тапсырып, мемлекеттік грантқа ие болатын. Қазіргі кезде бұл норма алынып тасталған. Мемлекеттік білім беру гранттары жалпы конкурс негізінде беріледі. Егер Рысбекова Камиланың ғылыми жобасы дайын болса, біз оны түрлі байқауларға қатыстыруға дайынбыз. Біз үшін ол зор құрмет!!! Рақмет!
5 Д сыныбы   04-01-2020 22-28-02   Ата аналардан
Сұрақ:

Ұстазыма


Білімді әрі ақылды,
Көрмедім мұндай батылды!
"Мая" ұстазым салмақты,
Мен үшін әр кез ардақты.

Тілеймін сізге бақытты,
Бағалы қызық уақытты,
Мәнді, сәнді өмірді,
Аспандай ашық көңілді.

Тілектеспін мен сізге,
Ел аралап келуге.
Алға қойған мақсатқа
Қиналмай тез жетуге.

5Д сынып оқушысы Алижаннан ұстазы Мая апайына
Жауаб:

Құрметті ата-ана! Алижанның жан-жақты білім алуға, саналы азамат болуға тәрбиелеу жолындағы ұстазымыздың еңбегін бағалағаныңыз үшін Сізге рақмет айтамыз!
Кудушева Нургайша Ахметжановна   30-12-2019 17-18-52   Ата аналардан
Сұрақ:

Қымбатты Қайратбек Хамзаханұлы және 178 лицей ұжымы. Сіздерді келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймыз. Жаңа жыл толағай табыстарға толы жыл болсын.
Қайратбек Хамзаханұлы сіз басқарып отырған лицейдің оқу және тәрбие процессіне, біз 5 ә сынып ата-аналары аса ризамыз. Аз уақыт өтсе де балаларымыз жаңа мектепке тез бейімделіп, сабаққа аса қуанышпен барып жүргеніне куә болып жүрміз. Бұл дегеніміз мектеп ұжымы, мұғалімдер, ата-аналардың бірлескен кешенді жұмысы деп түсінеміз. Осы орайда, мектеп ұжымына алғысымыз шексіз. Сонымен қатар балаларымыздың екінше анасы болып жүрген сынып жетекшіміз Исабаева Балмира Таупыққызына, пән мұғалімдері Сатов Ерғали ағайға, Батырхан Мәулетгүл апайға, Ханасилова Сабина апайға ерекше алғысымызды білдіргіміз келеді.
Аса зор құрметпен, тілек жолдаушы 5 ә сынып ата-аналары.
Жауаб:

Құрметті Нургайша Ахметжановна!
Келіп жеткен 2020-Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын!
"Бір әріп үйреткен ұстазыңа, қырық жыл сәлем бер"деген дана халқымызда керемет сөз бар. Ұстаздар қауымын құттықтап, жылы лебіздеріңізге, ізгі ниеттеріңізге рақмет.
"Ұстаз шәкіртіне білім жолын үйретеді, Білімді жан тас қамалды күйретеді "- деген оқушыларымыз, еліміздің жас ұландары ұлығымызды ұлықтап, еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегегісін көгертер асыл азаматтар болып өссін!
Болашақтары жарқын,білімді, білікті алғыр оқушыларымыз біздің лицейдің мақтаныштары болсын!
Берлибаева Эльзат   18-12-2019 16-14-13   Ата аналардан
Сұрақ:

Уважаемые Кайратбек Хамзаханович, коллектив 178 школы-лицея! Разрешите поздравить Вас с наступающим Новым годом и выразить огромную признательность за Ваш нелегкий труд, неиссякаемое терпение и понимание, преданность своему делу! Особую благодарность хочу выразить классному руководителю 7 «Е» и учителю математики Касенулы Бауыржану за
его профессионализм, умение ладить с учениками и находить общий язык с родителями. Всегда позитивный, открытый для диалога, он является авторитетом не только для детей, но и для нас - родителей. Также хочу сказать огромное спасибо учителю русского языка и литературы Жунусовой Алие за индивидуальный подход, умение вдохновить и мотивировать учащихся к творчеству, за развитие в детях интереса к своему предмету. Большое спасибо всем учителям, принимающим участие в обучении и воспитании наших детей! От всей души желаю Вашему дружному коллективу в этом Новом году творческих успехов, крепкого здоровья, бодрости, радости от Вашего нелегкого труда и всяческих удач в личной жизни! Пусть Вас окружают уважение и любовь, доброжелательность, жизнерадостность и наша благодарность! Благополучия и процветания нашему лицею! С уважением, родительница 7 «Е» класса Берлибаева Эльзат
Жауаб:

Уважаемая Берлибаева Эльзат!
Выражаю Вам глубокую признательность за тёплый отклик в адрес наших учителей, за понимание нелегко учительского труда, за внимательное отношение к окружающим и сердечность в отношении коллектива школы - лицея № 178 .
Огромное спасибо Вам за демонстрацию замечательного примера родительской поддержки, которая важна не только детям, но и нашей школе.
Поздравляю Вас с наступающим новым годом!
Желаю Вам процветания, счастья и благополучия!
С уважением, Кайратбек Хамзаханович!
Жұмажан Ғинаятұлы   19-11-2019 13-47-11   Педагог
Сұрақ:

Құрметті Қайретбек Хамзаханович! Менде СА қатарынан келіп, Махабет орта мектебінде оқытушылықтан еңбек жолымды бастап едім. Бүгінгі таңда М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясында т.ғ.д., професор болып қызмет атқарамын.Сіздің бір оқушыңыз Камила атты, бізде әртүрлі ғылыми жобаларға қатынасып, конференцияларға қатынасып, болашақ мамандығын таңдапжүр. Осы баланы Сізден қолдау болып, мектеп аралық конкурстарға қатынасуына мүмкіндік болса. Егер уақытыңыз болса мен Сізбен жақынарақ танысып бірігіп жұмыс жасасақ. Камила Дастанқызының сертификатын жіберіп отырмын Рахмет.

Жауаб:

Қайырлы күн, Жұмажан Ғинаятұлы! Сізбен танысқаныма өте қуаныштымын. Лицейіміздің 11Б сынып оқушысы Рысбекова Камиланың ғылыми жобаларымен таныстым. Дарынды және талантты оқушыларымызға ғылыми кеңес беріп, қолдау көрсеткеніңіз үшін Сізге алғыс білдіремін. Бірлесіп жұмыс жасауға әрқашан дайынбыз, есігіміз ашық. Рақмет!!!
Индира   20-10-2019 20-25-04   Педагог
Сұрақ:

Құрметті лицей директоры
Сізді инстаграм желісіне кіріп ,бір мағұлматты қарауынызды өтінемін (сообщениеге жібердім)
Оқушыныз туралы
Рахмет
Жауаб:

Рахмет! Ерсұлтанның жеңісі құтты болсын! Өмірде алар асуы, шығар шыңдары көп болсын!!!
Пашан Дана   03-10-2019 14-06-29   Басқа
Сұрақ:

Құрметті №178 лицейдің ұстаздар қауымы!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Осы жолда бала бойына білім ғана емес, сонымен қатар адами құндылықтарды да сіңіре отырып, қоғамның белді мүшесі болуына негіз болып отырған да – Ұстаздар, сіздерсіздер. Бұл еңбектеріңіз құнсыз! Сондықтан да Сіздер, әрдайым ең сыйлы, ең құрметті тұлға ретінде ерекшесіздер!
Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын»,
Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры.
Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,
Даңқыңыздың биік болсын тұғыры – дей отырып, керемет басшы, ұжымның ұйытқысы Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы басқарып отырған лицей ұжымына еңбекте табыс, отбасында бақыт, зор денсаулық тілейміз.
Арнайы сынып жетекшіміз Оразалиева Толғанай Әуелханқызына айтар алғысымыз шексіз. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» демекші, балаларымыз ұстазындай ұстамды, инабатты болсын дейміз.
«Тәрбиесіз берілген білім, Адамзаттың қас жауы» - деп, әл-Фараби бабамыз айтқандай, тәрбие мен білімді бір арнада тоғыстыра білетін шәкірттеріңіз көп болсын. Сіздер тәрбиелеген ұрпақ тек биік белестерден көрініп, баршамызға мақтаныш болғай!

Сіздерге деген зор құрметпен, ақ тілегін жолдаушы №178 лицейдің
11 «А» сынып ата-аналары
Жауаб:

Көп-көп рахмет!
Мауленқұл Нұрлан   24-06-2019 14-27-36   Педагог
Сұрақ:

Мектепке жаңа 2019-2020 оқу жылына қабылдау нәтижелерін қалай көруге болады?
Жауаб:

Сәлеметсіз бе?!
Мектепке жаңа 2019-2020 оқу жылына қабылдау нәтижелерін қалай көруге болады?- мектепке қабылдауды bilimalmaty.kz сайтынан көруіңізге болады
Сарсенова Индира   08-05-2019 13-06-43   Басқа
Сұрақ:

Салеметсіз. Қай кезден бастап 1-сыныпқа қабылдау бойынша құжаттар қабылданады және талаптары қандай? Екінші сұрақ: 1-сыныпқа дейінгі дайындық кластары бар ма? Алдын ала рахмет.
Жауаб:

сәлеметсіз бе? 178 физика- математикалық лицей болғандықтан
5-сыныптан бастап 11- сыныпқа дейін ғана оқушылар оқиды. 1-сыныпқа оқушы қабылдамайды!
Саркеева Назгуль   04-01-2019 12-31-01   Педагог
Сұрақ:

Дене шынықтыру сабағы дұрыс жүргізілмейды. Балаларды далаға шығарып, жібере салатынын талай байкадым.Мұғалім ұялы телефон қарап отырады. Күнде тек футбол ойнайды. Оның өзін ешқандай шартсыз, шынықтырусыз, үйретусіз ойнайды. Ешқандай нормативтер тапсырылмайды. Бұның себебі неде екен?
Жауаб:

Сәлеметсіз бе?! Барлық сабақтар мектеп әкімшілігі тарапынан бақыланып отырады. Нормативтер бойынша сабақтар өткізіледі.
Кешіріңіз, қай сыныпта осындай олқылықтар орын алатынын білуге көмектессеңіз өте жақсы болар еді. (егер мүмкін болса)
Оқу жылы басталғанда себебін анықтап, жауап беремін
Алимбекова Сараш   05-09-2018 15-04-49   Оқушы
Сұрақ:

Сіздерде ағылшын тілінде оқитын 8-сыныптар ашылды, менің қызымның сол сыныпқа ауысуына төрт бағасынан 4 бар, қызым сол сыныпта оқығысы келеді,біз көп балалы отбасымыз жәнеде толық емес отбасымыз. Сізден көмек сұраймыз сол сыныпқа ауысуға Женисова Аружан Бекжанқызы 8 а сынып оқушысы.
Жауаб:

Сәлеметсіз бе?
Әрине, ата-ана өтініші бойынша ауысуға болады
Мунарбеккызы Алима   11-08-2018 21-07-20   Басқа
Сұрақ:

Он алтыншы тамыз күні оныншы сыныпқа қабылдау болады деп естідім; Бұл емтиханға қандай нұсқалар арқылы дайындалуға болады? Физика және математика пәндерінен
Жауаб:

Сәлеметсіз бе?
Физика-математика тереңдетіп оқытылатын болғандықтан, 5-9 сыныптардағы өткен материалдарын қайталап, білімін нығайтып, қайта еске түсіру мақсатында оқу жылының басында "кіріс тест" болатынын оқушыларға ескерткеміз.
Аты жөніңіз:


Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ:


Суреттегі кодты жазыңыз:


Шадиев Кайратбек Хамзаханович
Алматы қаласы Білім басқармасының « №178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Биография
Жаңа сұрақтар саны - 0
Барлық сұрақтар саны - 53
Жауаптар саны - 53
Жеке кабинет