Виртуалды қабылдау Алматы қаласының мемлекеттік және жеке меншік меншіктік нысанындағы
білім беретін ұйымдар директорларының

Виртуалды қабылдау

eye 
Негізгі бетДиректор блогы
Алматы қаласы Білім басқармасының "№206 мектеп гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Құрметті блог қонақтары!

Сіздермен мектеп басшысының, түрлі оқиғаларға пікірлер алмасу, тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігі болуы үшін құрылған жеке ресми блогымда сөйлесіп отырғаныма өте қуаныштымын.
Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар біздің күнделікті өмірімізге толықтай енді деуге болады жəне замануи қоғамның бір бөлігі болып табылады. Интернет коммуникация құралы ретінде азаматтық қоғамды құру жолында маңызды рөл атқарады жəне мемлекеттік білім беру органдарының ашықтық белгісі болып табылады.


Дорогие друзья!

Приветствую Вас на персональном блоге руководителя школы который создан для того, чтобы иметь возможность непосредственного общения и обмена мнениями на различные темы.
Сегодня информационные технологии прочно вошли в нашу повседневную жизнь и являются частью современного общества. Интернет как средство коммуникации играет важную роль в формировании гражданского общества и является признаком открытости и прозрачности органов образования.


  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
Эльмира   09-08-2023 20-08-29   Педагог
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе! Бастауыш қазақ сынып мұғаліміне вакансия бар ма екен?
Жауап:

Қайырлы күн! Мектепке қажетті мамандар тамыз айында анықталып enbek.kz порталына вакансиялар сайтына жүктеледі, сол жерде тіркеліп, біздің хабарламаны көрген мамандар конкурсқа шақырылып, конкурс негізініде жұмысқа қабылданды. Дәл қазыргі уақытта бастауыш сынып мамандары толық, артық жүктеме жоқ.
Сапарбекова Жанар Ерлибековна   30-06-2023 18-00-22   Педагог
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе? Математика, физика пәндерінен вакансия бар ма? Еңбек өтілім 10 жыл. Вакансия бар болса, хабарласуларыңызды өтінемін. 8 747 401 12 84. janar_9191@mail.ru
Резюмемді мектептің электронды почтасына жібердім. Рахмет!
Жауап:

Қайырлы күн! Мектепке қажетті мамандар тамыз айында анықталып enbek.kz порталына вакансиялар сайтына жүктеледі, сол жерде тіркеліп, біздің хабарламаны көрген мамандар конкурсқа шақырылып, конкурс негізініде жұмысқа қабылданды. Дәл қазыргі уақытта математика, физика мамандары толық, артық жүктеме жоқ. Түйіндемеңізді алдық, вакансия болса хабарласамыз.
Каскабаева Гулзада Закарина   01-12-2022 08-03-25   Басқа
Сұрақ:

14.11.2022 жылы №206 мектебіңізге барған оқушы Галлам Нұрдәулетті НОБД базасынан қабылдап алуын қадағалаңызшы.
Жауап:

Оқушы мектеп базасында 7е сыныбына қабылданды.
Каласова Салтанат   14-11-2022 16-43-45   Ата аналардан
Сұрақ:

кайырлы кун, биз наурызбай ауданы, калкаман 2 актамберди кошесинин тургыны, баламыз 1 сыныпка 157 мектепке бардык, бирак олар бизди 206 гимназия карайсыздар деп тур, 157 мектептке бала саны коп болгандыктан, 206-208 гимназияга бару керек екенбиз. сиздерде развозка бар, бирак ен бастысы ашимова и актамберди кошесимен журмейди, ал баланы апарып акелетин уакыт жок не машина жок, сиздерде ол карастырылама? ИЛИ акимшиликке жолыгу керек па? осы еки ашимова и актамберди кошени коссын деп.
Жауап:

№206 мектеп-гимназияда 07.11.2022 күннен «Алмасити 5» пен «Нұрлы дала» ықшамауданынан қатынап оқитын оқушылар үшін балалаларды тасымалдау ұйымдастырылған. Қаңтар айынан бастап «Алмасити» ықшамауданында жаңа №207 мектептің ашылуы жоспарлануда. Сол мектеп ашылған уақыттан кейін балалар тасымалы тоқтайды, қаржыландыру уақытша ғана бөлінген. Сіз айтып тұрған көшелерден оқушы тасымалдау басынан қарастырылмаған, қаражат бөлінбеген. Бұл бізідің емес Алматы қаласы Білім басқармасы тарапынан бөлінетін қаржыландыру.
Айман Магжановна   20-10-2022 13-08-47   Педагог
Сұрақ:

Бастауыш сыныпқа вакансия барма?
Жауап:

Cәлеметсіз бе?!
Қазір вакансия жоқ. Барлық мұғалім толық.
Иманбекова Айтолкын Нуриевна   27-09-2022 18-42-01   Педагог
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе?
Фатима Маметқалиқызы!
Сізге сауал жолдау себебім, өзіңіз басқарып отырған жаңа білім ордасындағы бос жұмыс орны туралы білсем деп едім .
Өзім де өзіңізбен әріптес, 22 жылдық еңбек өтілім бар математика ,информатика пәндерінің мұғалімімін. Айтайын дегенім жаңа №206 мектеп гимназиясы бітіп, мамандар қабылдауда деп естігенде қызымның қуанышы қойнына сыймады. Бірақ enbek.kz порталы арқылы сіздің мектеп- гимназиясына тастаған резюмесіне қабылданбағаны туралы жауап келгенде қуанышы су сепкендей басылды. Сондағы алған жауабы біз 7 жылдан жоғары еңбек өтілі бар мамандар қабылдаймыз деген.Жас мамандар қайта көп қиындықты көріп, іс- тәжірибе жүзінде үйренбесе қалай дамиды? Сізден өтініш қызымның жас маман ретінде сіздің білім шаңырағында қызмет жасап көруіне мүмкіндік беруіңізді сұраймын!
Жауап:

Наурызбай ауданындағы №206 мектеп-гимназияға мұғалімдердің түйіндемесін қабылдау 2021 жылдың желтоқсан айынан басталды. 2021 жылдың желтоқсаны мен 2022 жылдың тамыз айы аралығында 1158 мұғалімнің түйіндемесі тіркелді. Мектеп-гимназияға жұмысқа қабылдау комиссиясының шешімімен бірінші, түйіндемелер іріктеуден өтті, үздік деп танылған және жоғарғы оқу орнын үздік аяқтаған 300 ден аса түйіндеме иелері бетпе-бет конкурсқа (пәндері бойынша бақылау, тест жұмысын жазуға) шақырылды. Сол конкурстан өткен ұстаздар жұмысқа қабылданды. Басымдылық жас мамандарға берілді, қазір де ұжымда жас маман көп. Бұл жұмыстың барлығы 2022 жылдың тамыз айының басында орын алды. Тамыздың басында жұмысқа қабылданған ұстаздар жаңа білім ордасында бір айдай өз еріктерімен ұйымдастыру жұмыстарын атқарды. Түйіндемелер тапсырылған уақытта Сіздің қызыңыз түйіндемесін тапсырмаған шығар. Enbek.kz порталына конкурс жариялау үшін мектептің құжаттары толық дайын болмады, ол порталға вакансия жарияланбады. Мұғалімнің 7 жылдық педагогикалық өтілі болу керек деген жауап ешкімге айтылмады, тағы қайталаймыз, басымдылық керсінше жас мамандарға берілді. Алдағы уақытта, қызыңыз түйіндемесін мектеп-гимназияның кадрлар бөліміне тапсырсын, ваканция ашылған кезде хабарласып, конкурсқа шақырамыз, конкурстан өтсе жұмысқа қабылдаймыз.
Аты жөніңіз:


Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ:


Суреттегі кодты жазыңыз:


Алиакбарова Фатима Маметқалиқызы
Алматы қаласы Білім басқармасының "№206 мектеп гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Биография
Жаңа сұрақтар саны - 0
Барлық сұрақтар саны - 6
Жауаптар саны - 6
Жеке кабинет