Виртуалды қабылдау Алматы қаласының мемлекеттік меншіктік нысанындағы
білім беретін ұйымдар директорларының

Виртуалды қабылдау

eye 
Негізгі бетДиректор блогы
Алматы қаласы Білім басқармасының «№146 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - Бостандық ауданы
Қош келдіңіздер!

Сәлеметсіздер ме құрметті Интернет желісін пайдаланушылар!

Бүгінгі таңда қолжетімді, әрі тиімді «кері байланыс» әдісін жүзеге асыру үшін арнайы ашылған жеке блогыма қош келдіңіздер!
Жеке блогымда сіздер басқарма қызметі туралы әр түрлі пайдалы ақпараттар ала аласыздар. Сонымен қатар, ең бастысы, маған сұрақ қоюларыңызға, орын алып отырған мәселелер туралы ұсыныстарыңызды білдіруге, пікірлеріңізбен бөлісуге мүмкіндік жасалған.
Байланыстың бұл түрі ақпарат алмасудың неғұрлым ашық және жедел жүргізілуіне ықпал етеді.
Қарым-қатынастың бұл түрі өте пайдалы деп есептеймін. Бұл халық пен билік арасындағы байланысты жақындатуға, жақсартуға, оның ашықтығына оң ықпал ететініне, яғни өмірімізді бүгінгі күн талабына лайық сапалы деңгейге көтеретініне сенімім мол.


Добро пожаловать!

Здравствуйте уважаемые посетители сети Интернет!

Приветствую вас на страничке личного блога, специально открытого для создания более доступного и эффективного способа «обратной связи»!
Здесь вы сможете задать мне вопросы, рассказать об имеющихся проблемах, поделиться своим мнением о тех или иных событиях нашей жизни.
Данный вид общения, несомненно, будет способствовать более открытому и оперативному обмену информацией. Предоставит возможность получать ее, как говориться, из «первых рук». Что позволит мне находиться в курсе всех проблем.
Уверен, что подобный вид взаимодействия очень полезен. Это будет способствовать открытости, сближению и улучшению взаимопонимания власти и общества, а значит, сделает нашу жизнь более качественной и достойной.

  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
Торехан Нургул   18-07-2021 08-12-28   Педагог
Сұрақ:

Бастауыш мугалимдерин жумыска кабылдап жатсыздарма
Жауаб:

Сәлеметсіз бе!
№146 мектеп-лицейдің бастауыш сыныптарында мұғалімдер толық қамтамасыз етілген, бос орын жоқ. Бос орын жоқ болғандықтан бастауыш сынып мұғалімін жұмысқа қабылдамаймыз.

Мамашова Жансая   20-12-2019 22-23-50   Басқа
Сұрақ:

Сәлеметсіз біз Қазақстан бойынша ағылшын тілінен сабақ жүргізіп жатырмыз.
Сіздердің мектептеріңіздегі оқушылар да,мұғалімдерде қатыса алады.
Сабақ тек кәсіби деңгейде жүреді.Қазақстан бойынша тек бір мұғалім өтеді.Қалау Сәлеметбайұлы.Толық мәлімет 87074140361 ватсап арқылы болады.Қай мектептен екніңізді жазсаңыздар.Жеңілдікпен оқи алады.Әрбір оқушы да,мұғалім де.WhatsApp87074140361.Google Қалау Сәлеметбайұлы толық мәлімет бар.Сіздерде қатысуға мүмкіндік бар .
Жауаб:

Сәлеметсіз бе? Ағылшын тілі сабағы туралы мұғалімдерге хабарланды. Қызығушылық танытқан мұғалімдерге мекен-жай мен ватсап нөмері берілді.
Ильясов Рустем Достанович   04-11-2019 14-16-37   Педагог
Сұрақ:

Ассалаумағалейкум!

0-ші және 1-ші сыныпқа түсу үшін қажетті құжат тізімі және
2019-2020 сабақ кестесі туралы ақпарат берсеңіздер. Сонымен қатар, мектептен тыс үйірмелер жайында айта кетсеңіз...

Рақмет!
Жауаб:

Сәлематсыз ба? 0 және 1-сыныпқа түсу үшін мына құжаттар қажет:
1 сыныпқа қабылдау тәртібі:
bilimalmaty.kz сайтына тіркелу арқылы электрондық өтініш беру керек.
Бірінші сыныпқа қабылдау үшін мынандай құжаттар қажет:
1. Баланың заңды өкілдерінен өтініш
2. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі
3. Денсаулығы туралы анықтама
4. Фотосы
Сабақ кестесі мектептің сайтына салынған.
Мектепте шахмат, таэквондо, би тағы басқа үйірмелер жүргізіледі. Сонымен қатар спорттық үйірмелер де қолға алынған.
Аты жөніңіз:


Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ:


Суреттегі кодты жазыңыз:


Нурадинов Нұрғали Мұхитұлы
Алматы қаласы Білім басқармасының «№146 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Биография
Жаңа сұрақтар саны - 0
Барлық сұрақтар саны - 3
Жауаптар саны - 3
Жеке кабинет