Виртуальная приемная Виртуальная приемная
Директоров организации образования
государственной и частной формы собственности города Алматы

eye 
ГлавнаяБлог директора
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №148» Управления образования города Алматы
Сәлеметсіздер ме құрметті блогқа қатысушылар!
Қош келдіңіздер!

Сіздермен мектеп басшысының, түрлі оқиғаларға пікірлер алмасу, тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігі болуы үшін құрылған жеке ресми блогта сөйлесіп отырғаныма өте қуаныштымын.
Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар біздің күнделікті өмірімізге толықтай енді деуге болады жəне замануи қоғамның бір бөлігі болып табылады. Ең алдымен осы блог қызықтыратын жəне толғандыратын ойлармен алмасу, конструктивті диалог жүргізуге жақсы мүмкіндік беретін, біріңғай ақпараттық алаңға айналатынына сенімдімін.


Здравствуйте уважаемые посетители!
Добро пожаловать!

Приветствую Вас на персональном блоге руководителя, который создан для того, чтобы иметь возможность непосредственного общения и обмена мнениями на различные темы.
Сегодня информационные технологии прочно вошли в нашу повседневную жизнь и являются частью современного общества. Убеждена, что этот блог станет единой информационной площадкой, где есть прекрасная возможность вести конструктивный диалог.

  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
Эльмира   12-10-2023 13-53-03   От родителей
Вопрос:

Қайырлы күн!Мектеп ұжымына,басшылығына рахметімді айтайын деп едім.Э Бүгін асханаға кезекшілікке арнайы барып көрдім. Бүгін меню бойынша балық пюремен, қасына салат и компот, алмасы болды. Тамақтың дәмін көрдім дәмді екен. Тазалыктары жақсы. Асханаға көңілім толды
Ответ:

Жулдыз   10-10-2023 16-11-15   От родителей
Вопрос:

Оқушылардың денсаулығын қамтамасыз етудің маңызды факторы - толыққанды және дұрыс тамақтану болып табылады. Әсіресе қазір мектепте дұрыс тамақтануды ұйымдастыру мәселесі жиі туындайды. Тамақтану теңдестірілген болуы керек, бір күн ішінде бала қажетті азықтық және минералды заттарды алуы керек. Егер балалар уақыттың көп бөлігін мектепте өткізетінін ескерсек, онда олар осында толық тамақтануы керек.Мен 1в, 2ә сыныбының ата-анасы Калитова Жулдыз, мен мектептің тамақтану ұйымдастырушыларына, ал ең дұрысы асхананы жалға алушыға және меңгеруші Құндызға алғыс білдіргім келеді, ол 4 жыл бойы ыстық тамақпен және әр түрлі дәмді тағамдармен қамтамасыз етеді. Барлығы өте дәмді және балғын. Төрт апталық мәзір әзірленді. "Шағымдар мен ұсыныстар" кітабында тек жақсы пікірлер мен ұсыныстар бар. Сол кісінің оқушылардың ата-аналарымен өзара түсіністігі және әрбір балаға мұқият көзқарасы бар.

Мен мектебіміздің асханасының әрі қарай өркендеуін, шығармашылық және аспаздық табсыстар тілеймін
Ответ:

Білдірген жағымды пікіріңізге үлкен рахмет. Мектеп жұмысына атсалысқаныңыз үшін алғыс білдіреміз
Сапарбекова Жанар Ерлибековна   30-06-2023 16-30-39   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсіз бе? Математика, физика пәндерінен вакансия бар ма? Еңбек өтілім 10 жыл. Вакансия бар болса, хабарласуларыңызды сұраймын. 8 747 401 12 84. janar_9191@mail.ru
Резюмемді мектептің электронды почтасына жібердім. Рахмет!
Ответ:

Сәлеметсіз бе, Жанар Ерлибековна. Барлық вакансияларды "Еңбек.кз" сайтынан көре аласыз. Әзірге физика, математика пәндері бойынша вакансия жоқ.
Зарина   29-05-2023 22-02-41   Другое
Вопрос:

Сәлеметсізбе. Сіздерде информатика пәнінен вакансия бар ма?
Ответ:

Қайырлы күн. Сіздің мамандығыңыз бойынша біздің мектепте вакансия жоқ. Бар вакансиялар "Еңбек.кз" сайтында жарияланады.
Алишова Аяна   03-03-2023 17-50-27   От родителей
Вопрос:

Сәлеметсіз бе, мен Алишова Аяна бүгін 4ә сынып ата -анасы ретінде асханаға кезекшілік атқардым. Тамақтары өте жақсы, тап таза, қыздар әрбір оқушыны күлімдеп қарсы алады екен. Соц.педагог апай мен медсестра апай әрбір столды жіті бақылап жүр. Барлығы ас мәзіріндегідей беріліп жатыр. Асхана ұжымына алғысым шексіз.
Ответ:

Білдірген жағымды пікіріңізге үлкен рахмет. Мектеп жұмысына атсалысқаныңыз үшін алғыс білдіреміз.
Шулғаубаева Ақмарал   02-02-2023 15-44-22   От родителей
Вопрос:

Қайырлы күн,ата-ана ретінде бүгін асханаға кіріп, балалардың тамақтануын көріп қайттым.Берілген тамақ мәзірге сай, компот дәмді, салаттардың да порциясы жақсы екен. Мектеп басшылығна, ұжымға көп рахмет!
Ответ:

Білдірген жағымды пікіріңізге үлкен рахмет. Мектеп жұмысына атсалысқаныңыз үшін алғыс білдіреміз
Шулғаубаева Ақмарал   02-02-2023 15-45-33   От родителей
Вопрос:

Қайырлы күн,ата-ана ретінде бүгін асханаға кіріп, балалардың тамақтануын көріп қайттым.Берілген тамақ мәзірге сай, компот дәмді, салаттардың да порциясы жақсы екен. Мектеп басшылығына, ұжымға көп рахмет!
Ответ:

Білдірген жағымды пікіріңізге үлкен рахмет. Мектеп жұмысына атсалысқаныңыз үшін алғыс білдіреміз
Шонтаев Рысбек Жумабекович   20-12-2022 10-22-21   От родителей
Вопрос:

Сәлеметсібе Камшат Темирбековна. Менің қоятын сұрағым, не себепті мектеп ғимаратының киім шешетін бөлмесіне ата аналардың кіруіне тиым салынған? Оқушыларды мұғалім қарсы алыап, киімдерін ауыстырып беру керек деп мектеп күзетшілеріне айтқан екенсіз. Сол себепті күзетшілер бізді киім ауыстыратын бөлмеге кіргізбеді. Біздің шкафымыз жоғарғы жағында орналасқан қызымның бойы киімдерін ілгішке ілуге немесе ілгіштен алуғ жетпейді. Менің ойымша мұғалімнің міндетіне оқушылардың киімін ауыстыру кірмейді. Мұғалім сабаққа дайындалу керек. Осы мәселеге байланысты сізге өтініш, бірінші сынып оқушыларының ата аналарына шешінетін бөлмеге кіріп, балаларына киімін ауыстыруға көмек беруге рұқсат беруінізді сұраймын. Жауабын: rys.84@mail.ru электронды поштаға жіберсіңіз болады. Алдын ала сізге рахмет, жауап күтемін.
Ответ:

Сәлеметсіз бе, құрметті ата-ана. Оқушыларды күтіп алу және шығарып салу - әр сынып жетекшінің міндеті. №148 мектеп-гимназия мұғалімдері бұл қызметтерін дұрыс атқарып жүр.
Сіздің қойып отырған сұрағыңыз бойынша: ата-аналар жиналысында ата-аналар тарапынан келген сұраныстар бойынша оқушылардың қауіпсіздігі үшін бірнеше шешім қабылданды. Соның бір тармағы ретінде оқушыларды мұғалімдер күтіп алып, киім ілетін жерге ата-аналардың кірмеуін сұрады. Себебі, көп ата-аналардың легінен киім ауыстыратын жер лас болады және тарлық етеді.
Ата ана   22-11-2022 20-18-00   Другое
Вопрос:

Құрметті 148 мектеп-гимназияның ұжымы сіздерге алғысымды білдіргім келеді. Мен ата - ана ретінде асханаға тексерумен барып келдім. Соған өте риза болып қалдым, асханамыз тап-таза, балалар меню бойынша тамақ ішеді, ыстық тамақты молынан салады екен. Етін де аямай салады, компоттын дәмі де тәтті. Өзім бірнеше выпечкалардың дәмін көріп алдым, дәмді екен. Осындай жауапкершілікпен балаларымызға көңіл бөліп дұрыс тамақтанғаны үшін мектеп әкімшілігіне осындай өзгерістерге рахмет, және асхананың жұмыскерлеріне рахмет айтқым келеді. Істеген жақсылықтарыңыз мың есе қайтарылсын.
Ответ:

Құрметті ата-ана, берген бағаңыз үшін көп рахмет. Сіздердің мектеп өміріне жасап жатқан ықпалдарыңыз біз үшін өте құнды.
Ыкласова А Ж   24-08-2022 15-08-43   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсіз бе.Сіздерде енбек кз 22 08 күні ваканттык орын жарияланған.Звандасам орын жок деид. Сонда конкурс тың болмағаны ма ?. Заңнама бойынша жариялаған күннен бастап 7 жүмыс күн ішінде конкурс өткізілуі тиіс. Осы сұраққа жауап кұтемін сізден.
Ответ:

Сәлеметсіз бе. Жұмыс іздеушілердің көптігіне байланысты, түйіндемелер көп келді. Критерияларға сай қызметкерлерді жоғалтып алмау мақсатында, вакантты орындарға қабылдадық.
Ата-ана   09-08-2022 09-21-43   От родителей
Вопрос:

Сәлеметсіз бе, даярлық тобына қызым шақырылады. Даярлық тобына қатысқаны қалап едім.
Ответ:

Қайырлы күн. Даярлық тобы ашылды.
Малаева Еркежан Салимжановна   01-11-2021 14-08-04   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсізбе!Мен ағылшын пәнінін мұғалімімін 2020 жылы Абылай хан атындағы жоғарғы оқу орынын тәмәмдап сол жылы мамандығым бойынша Алакол ауданыда мектепке орналастым 1 жылдық тәжірібием бар ,қазіргі таңда жұмыс іздеу үстіндемін.Сіздерде орын барма?87056678637
Ответ:

Сәлеметсіз бе? Түйіндемеңізді алып мектепке келіңіз
Айжан Болатқызы   06-08-2021 13-17-02   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсіз бе!Мамандығым химия және биология пәнінің мұғалімі. Пед.өтілім 15 жыл. Мамандығым бойынша вакансия бар ма?
Ответ:

Сәлеметсіз бе? Сіздің мамандығыңыз бойынша біздің мектепте вакансия жоқ.
Ата-ана   21-05-2021 12-10-08   Педагог
Вопрос:

Добрый день! Как принимаются дети в первый класс в школу 148?
Ответ:

Сәлеметсіз бе? Ата-ана
№148 мектеп-гимназия "Құлагер" ықшамауданы қызмет көрсету аймағы бойынша оқушыларды қабылдайды. Қабылдауға өтініш беру Bilimalmaty.kz, Egov.kz порталдары арқылы жүзеге асады.
Фамилия имя отчество:


Тематика вопроса:


Вопрос:


Введите код с картинки:


Касымова Камшат Темирбековна
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №148» Управления образования города Алматы

Биография
Количество новых вопросов - 0
Всего вопросов - 14
Ответы на вопросы - 14
Личный кабинет