Виртуальная приемная Виртуальная приемная
Директоров организации образования
государственной и частной формы собственности города Алматы

eye 
ГлавнаяБлог директора
Коммунальное государственое учреждение «Общеобразовательная школа №184» Управления образования города Алматы
Құрметті блогқа қатысушылар!

Мен өзімнің жеке блогымда сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Бүгін, ақпараттық технология дамыған кезде осы блогтың көмегімен сіздер менімен тікелей байланысқа шығып, өз сұрақтарыңызды айтып, ойларыңызбен бөлісе аласыздар. Мен және орынбасарларым тікелей сұрақтарыңызға жауап беруге тырысамыз. Кез-келген өтініш назардан тыс қалмайды.
Бұл блогтың біріңғай ақпараттық алаңға айналатыны және қызықты да тиімді болатынына сенемін.

Уважаемые посетители!

Мне приятно приветствовать вас на личном блоге. Сегодня, в эпоху стремительного развития информационных технологий с помощью блога вы можете напрямую со мной общаться, вносить предложения, делиться мнениями, писать свои отклики. В свою очередь, я и мои заместители будем отвечать на ваши вопросы, каждое обращение не останется без внимания.
Надеюсь, что блог станет единой информационной площадкой для нас и будет очень интересен и полезен.

  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
Сапарбекова Жанар Ерлибековна   23-06-2023 18-00-30   Педагог
Вопрос:

Cәлеметсіз бе? Математика, физика пәндерінен сіздерде вакансия бар ма? Еңбек өтілім: 10 жыл. Егер вакансия орны ашық болса, осы нөмірге хабарласуларыңызды өтінемін: 8 747 401 12 84. janar_9191@mail.ru
Резюмемді почталарыңызға жібердім
Ответ:

Саламатсыз ба. Барлық пәндер бойынша вакансия болу немесе болмауы 2023-2024 оқу жылына арналған Жұмыс оқу жосапры бекітілген соң анықталады. Вакансия болған жағдайда вакансия туралы ақпарат Enbek.kz порталына орналастырылады. Сіз портал арқылы вакансияға үміткер кандидат ретінде өз өтінішіңізді қалдыра аласыз.
Догоманова   25-07-2022 18-37-07   От родителей
Вопрос:

Сәлеметсіз бе,мен баламды сіздердің мектептеріңізге берсем деп едім. алатау ауданында тұрамыз
Ответ:

Саламатсыз ба. Өтінішті Egov электронды порталында немесе мектепке келіп қағаз түріндегі өтініш арқылы 1-тамызға дейін бере аласыз.
Құрманбек Улангуль   28-05-2022 18-25-05   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсізбе,Мен математика пәні мұғалімі Құрманбек Улангуль, еңбек өтілім-9жыл. Сіздерде қазақ сыныптарына математика пәні мұғалімі бойынша бос жұмыс орны бар ма? Тел: 8 747 853 74 82

Ответ:

Саламатсыз ба. Мүмкіндік болса school_184@mail.ru электронды почтасына резюме жіберсеңіз. Математика пәнінен вакансия орын алса сізге хабарласамыз және enbek.kz сайтына да бос орын туралы ақпарат жариялаймыз. Осы сайттан вакансия бар жоғын бақылап отырсаңыз болады.
Бурханова Назира   15-04-2022 14-22-34   От родителей
Вопрос:

Сәлеметсіз бе?
Менің қызым биыл 1 сыныпқа бармақ. Үйге жақын деп сіз басшылық ететін №184 мектепке өтініш жіберген болатынмын. 4 рет. 4 ретінде де "отказано в вашем запросе" деген жауап алдық. Неліктен екенін түсіндірсеңіз. Қызымның толық аты-жөні Мақсатқызы Айлина. Орталық 25 территориясы жағынан сіздердің мектептеріңізге қарайды.
Ответ:

Саламатсыз ба? Оқушыларды мектепке қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығының 2-тарау, 9-тармағына сәйкес жүзеге асырылады. Оқушыларды мектепке қабылдау туралы ережеде "қызмет алушы (яғни, өтінніш беруші) электронды қызметті алу үшін тұрғылықты жерінде тұрақты немесе уақытша тіркеуде болуға тиіс деп көрсетілген. Бұл талап "Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1-желтоқсандағы №1427 қаулысының 2-тарауының, 5-тармағының, 1) тармақшасында да атап көрсетіліп: азаматтардың тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұруы тиіс екені атап айтылған.
Бурханова Назира   15-04-2022 14-41-13   Другое
Вопрос:

Өтінішімнің жалғасы
Пропискамыз ата-енемнің үйінде болғаны баламды мектепке қабылдаудан бас тартуға себеп емес деп ойлаймын. Біз Орталық 25 мекен жайында тұрамыз. Бұл біріншіден, екіншіден, заң бойынша балаларды мектепке қабылдаудың бірыңғай қағидасына сәйкес, ата-аналар өзіне ұнайтын мектепті, сонымен қатар тіркелген мекен-жайындағы мектепті таңдауға құқылы емес пе?
Заңға сәйкес, баланың ата-анасы немесе заңды өкілі өздері тұратын жеріндегі мектепке бірінші кезекте жүгінулері тиіс. Мұндай жағдайда мектеп баланы қабылдаудан бас тарта алмайды. Сіз басшылық етіп отырған №184 мектеп қарапайым ғана жалпы білім беретін мектеп қатарына кіреді. Түсінемін, егер гимназия немесе арнайы мамандандырылған мектеп әңгіме басқа болар еді. Бірақ, біздің жағдайымыздың реті бөлек болып тұр емес пе? Сізден, өз қызметтік мандатымның аясында емес, жай ғана қарапайым ата-ана ретінде ресми жауап күтетіндігімді ескерткім келеді. Сізге деген ерекше құрметпен: болашақ ата-ана Бурханова Назира Даулетовна.
Ответ:

Саламатсыз ба? Оқушыларды мектепке қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығының 2-тарау, 9-тармағына сәйкес жүзеге асырылады. Оқушыларды мектепке қабылдау туралы ережеде "қызмет алушы (яғни, өтінніш беруші) электронды қызметті алу үшін тұрғылықты жерінде тұрақты немесе уақытша тіркеуде болуға тиіс деп көрсетілген. Бұл талап "Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1-желтоқсандағы №1427 қаулысының 2-тарауының, 5-тармағының, 1) тармақшасында да атап көрсетіліп: азаматтардың тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұруы тиіс екені атап айтылған.
Фамилия имя отчество:


Тематика вопроса:


Вопрос:


Введите код с картинки:


Муратбаев Ерлан Отанович
Коммунальное государственое учреждение «Общеобразовательная школа №184» Управления образования города Алматы

Биография
Количество новых вопросов - 0
Всего вопросов - 5
Ответы на вопросы - 5
Личный кабинет