Виртуальная приемная Виртуальная приемная
Директоров организации образования
государственной и частной формы собственности города Алматы

eye 
ГлавнаяБлог директора
Коммунальное государственное учреждение "Гимназия №175 "Жаңа Ғасыр" Управления образования города Алматы
Қош келдіңіздер!

Сәлеметсіздер ме құрметті Интернет желісін пайдаланушылар!

Бүгінгі таңда қолжетімді, әрі тиімді «кері байланыс» әдісін жүзеге асыру үшін арнайы ашылған жеке блогыма қош келдіңіздер!
Жеке блогымда сіздер басқарма қызметі туралы әр түрлі пайдалы ақпараттар ала аласыздар. Сонымен қатар, ең бастысы, маған сұрақ қоюларыңызға, орын алып отырған мәселелер туралы ұсыныстарыңызды білдіруге, пікірлеріңізбен бөлісуге мүмкіндік жасалған.
Байланыстың бұл түрі ақпарат алмасудың неғұрлым ашық және жедел жүргізілуіне ықпал етеді.
Қарым-қатынастың бұл түрі өте пайдалы деп есептеймін. Бұл халық пен билік арасындағы байланысты жақындатуға, жақсартуға, оның ашықтығына оң ықпал ететініне, яғни өмірімізді бүгінгі күн талабына лайық сапалы деңгейге көтеретініне сенімім мол.


Добро пожаловать!

Здравствуйте уважаемые посетители сети Интернет!

Приветствую вас на страничке личного блога, специально открытого для создания более доступного и эффективного способа «обратной связи»!
Здесь вы сможете задать мне вопросы, рассказать об имеющихся проблемах, поделиться своим мнением о тех или иных событиях нашей жизни.
Данный вид общения, несомненно, будет способствовать более открытому и оперативному обмену информацией. Предоставит возможность получать ее, как говориться, из «первых рук». Что позволит мне находиться в курсе всех проблем.
Уверен, что подобный вид взаимодействия очень полезен. Это будет способствовать открытости, сближению и улучшению взаимопонимания власти и общества, а значит, сделает нашу жизнь более качественной и достойной.

  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
Балнұр Балтабай   07-03-2024 16-31-32   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсіз бе! Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жұмысқа қабылдай аласыз ба?Аз сағатпен,уақытша орын болса да болады!
Ответ:

Саламатсыз ба! Гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ваканттық бос орын жоқ.
Оспанова Гайни Сериккызы   10-02-2024 19-45-23   От родителей
Вопрос:

Здравствуйте,уважаемая Жазира Аяпбергеновна!Хотела бы обратить внимание на Вашего заместителя по воспитательной работе Айнур Аркиновну и классного руководителя 7Б класса Назерке Жомартовну, которые в свою очередь оказывают давление и идет открытый буллинг моих детей, учеников 7Б класса и 10Г класса!Мои дети не хотят в школу,боятся,переживают, а также замкнулись в себе, очень переживаю за их психическо-эмоциональное здоровье, так как Айнур Аркиновна, перед всеми пользуясь своим авторитетом и должностью накричала и запретила моему сыну торжественно нести Государственный Флаг , хотя его,как одного из лучших учеников сам учитель пригласил на вынос Государственного Флага, далее она всем наказала,чтоб с моим сыном никто не общался и не включали его в активную жизнь школы,чтоб он стал изгоем, вопрос: наша школа является Государственной или ее личной частной школой?! Относительно Назерке Жомартовны хотела отметить,что все дети и родители крайне недовольны ее отношением к нашим детям, она позволяет себе обзывать и оскорблять детей в классе, называя их "Тупыми и малами" и т.д. что не позволительно согласно педагогической этике!Однако когда дети всем классом пришли к Айнур Аркиновне, она не выслушав причину прихода детей, начала опять при всех детях оскорблять моего второго сына мной, переходить на личности, тем самым унижая моего сына и нашу семью!Я устала каждые два-три месяца идти на поклон к ней,она вынуждает и провоцирует старшего сына, теперь перешла на младшего сына, есть опасения, что ее внимание скоро дойдет и до моей младшей дочери! Требую принять меры в отношении вышеуказанных лиц!Она не оставила мне выбора,мне приходится защищать своих детей и репутацию своей семьи!!!
Ответ:

Уважаемая Гайни Сериковна! Ваше обращение рассмотрено. Работы обязательно будут проводиться. С нашей стороны будут приняты все необходимые меры.
Батырхан А.   02-08-2023 20-39-15   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсіз бе! Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен бос жұмыс орындары бар ма?
Ответ:

Саламатсыз ба! Гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ваканттық бос орын жоқ.
Кеңес Меруерт   19-06-2023 08-38-47   Педагог
Вопрос:

Қайырлы күн! Мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің “Ғылыми биология” мамандығын аяқтап, қазіргі таңда магистратурада оқып жатырмын. Мектепте биология пәнінен немесе жаратылыстану пәндерінен бос орын бар ма?) Рақмет!
Ответ:

Саламатсыз ба! Гимназияда биология пәнінен ваканттық бос орын жоқ.
Қадір Шапағат   16-06-2023 10-48-41   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсіз бе?! Мен ағылшын тілі мұғалімімін. Мектепке ағылшын тілі пәнінен мұғалім қажет пе?
Ответ:

Саламатсыз ба! Гимназияда ағылшын тілі пәнінен ваканттық бос орын жоқ.
Мамырбаева Жанар   09-03-2023 13-24-37   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсіз бе! Мен бастауыш сынып мұғалімі бойынша бакалавр дәрежесі және педагог-психолог мамандығының магистрімін. Сіздердің мектепте бастауыш мұғаліміне немесе психолог қызметіне ваканттық бос орындар бар ма?
Ответ:

Саламатсыз ба! Жанар бастауыш сынып мұғалімі және педагог-психолог мамандығы бойынша қазіргі таңда гимназияда ваканттық бос орын жоқ.
Әбілда Айгүл   13-08-2022 15-18-20   Педагог
Вопрос:

Саламатсыз ба

2022 жылы шілде айында университет бітірдім, мамандығым ағылшын тілі. Мұғалімдік 1 жыл курстарда сабақ бердім және халықаралық емтихандар (IELTS, DET) қорытындылары бойынша 11 сыныпқа дейін сабақ жүргізе аламын. Қазіргі уақытта мамандығым бойынша жұмыс іздеудемін, оқу орнына ағылшын маманы қажет болса, 8 707 446 2089 бойынша хабарлассаңыздар болады.
Оқыту тілі; Қазақ, орыс, ағылшын

Здравствуйте

Я закончила университет в июле 2022 года, моя специальность английский язык. Вела курсы 1 год как преподаватель и по результатам международных экзаменов (IELTS, DET) могу преподавать до 11 класса. В настоящее время я ищу работу по своей специальности, если учебному заведению нужен специалист по английскому языку, пожалуйста, свяжитесь со мной по телефону 8 707 446 2089.
Язык преподаваний; казахский язык, русский язык, английский язык
Ответ:

Ағылшын тілі пәнінен вакансия жоқ.
Дарига   14-07-2022 18-10-44   Педагог
Вопрос:

Мектепте канша 1 сынып 2 сынып 3 сынып 4 сынып 5 сынып,6,7,8,9,10,11
Ответ:

Сәлеметсіз бе, гимназияда 1 сынып-7, 2 сынып-7, 3 сынып-6, 4 сынып-5, 5 сынып-6, 6 сынып-6, 7 сынып-7, 8 сынып-6, 9 сынып-6, 10 сынып-4, 11 сынып-4 бар.
Құрманбек Улангуль   28-05-2022 17-11-55   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсізбе,Мен математика пәні мұғалімі Құрманбек Улангуль, еңбек өтілім-9жыл. Сіздерде математика пәні мұғалімі бойынша бос жұмыс орны бар ма? Тел: 8 747 853 74 82


Ответ:

Cәлеметсіз бе, Улангуль. Тиісті құжаттарыңызды гимназияға алып келуіңізді сұраймыз.
EdTech подготовка к ЕНТ   17-08-2021 12-16-41   Другое
Вопрос:

Добрый день!!!
Хотим провести бесплатное пробное тестирование для выпускников вашей школы.
МЦО "EDTECH" работает в сфере подготовки к ЕНТ с 2004 года
110 - средний балл учеников
80% - выпускников обладатели государственных грантов
20% - выпускников обладатели скидок в ВУЗ

Контактные данные:
87779500511 - Камшат

Жетысу2, 16а 6 этаж
Назарбаева 174б
Ответ:

Қайырлы күн! Бірлесіп жұмыс жасап, білім сапасын арттыруға қарсы емеспіз
Бақытгүл Тажикеева   04-06-2021 09-22-04   От родителей
Вопрос:

Сәлеметсіз бе , 1 сыныпқа қабылдау порталы қашан ашылады екен? егов арқылы өтініш бере алмай отырмын... 1 тамызға дейін баламды 1 сыныпқа қабылдатуға үлгерем бе?
Ответ:

Сәлеметсізбе !
Техникалық ақауларға байланысты қаланың гимназиялары мен лицейлерінде egov.kz порталы жұмыс жасамай тұр.Сондықтан порталдың ашылуын күтіңіз, сізден күнделікті порталдың ашылуын қадағалап отыруыңызды сұраймыз.
Садыкова Гульнара Муратпековна   22-05-2021 16-53-18   От родителей
Вопрос:

9 Г-сынып ата-аналарының атынан 175 мектеп гимназияның барлық мұғалімдерге және мектеп басшылығына Манекеева Гаухар Бозжигитовнаға, Ушурова Айнур Аркеновнаға, Болатова Фарида Шукировнаға -қашықтықтан оқыту кезіндегі қосқан үлестері үшін ризашылығымды білдіреміз, еңбектеріңізге көптеген рахмет, сынып жетекшісі Марфуга апайға баға жетпес еңбегіне рахмет. Оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз !!!!
Ответ:

Сәлеметсізбе!
ізгі ниетіңізге рақмет!
Койбакова Асем   17-05-2021 18-55-41   От родителей
Вопрос:


Құрметті Гаухар Бозжігітқызы, мектеп әкімшілігі, ұстаздар және сынып жетекшіміз Айнұр Каримовна Сіздерге деген алғысымыз шексіз.
Ұлым Сейтжан Ибрагим 2”Ғ” сынып оқушысы “Жаңа Ғасыр” 175 гимназиясында оқиды.
Айнур Каримовнаға ерекше алғысымды білдіргім келеді. Өйткені қазіргі бүкіл әлемде орын алған пандемия жағдайында, түрлі қиыншылықтарға қарамастан балаларымызға толық әрі сапалы білім беріп отыр. Біз Айнұр апайымызды өте қатты құрметтейміз және жақсы көреміз!!!
Карантинге қарамастан мектебімізде барлық пәндер жоғары деңгейде жүргізілді, балаларымыздың білім алуына жағдай жасалды. Ұстаздардың еңбегінің нәтижесінде балаларымыз толық білім алып шықты деп ойлаймын.
Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын!
Ответ:

Сәлеметсізбе!
ізгі ниетіңізге рақмет!
Койбакова Асем   17-05-2021 18-47-43   От родителей
Вопрос:

Құрметті Гаухар Бозжігітқызы, мектеп әкімшілігі, ұстаздар және сынып жетекшіміз Айнұр Каримовна Сіздерге деген алғысымыз шексіз.
Ұлым Сейтжан Ибрагим 2”Ғ” сынып оқушысы “Жаңа Ғасыр” 175 гимназиясында оқиды.
Айнур Каримовнаға ерекше алғысымды білдіргім келеді. Өйткені қазіргі бүкіл әлемде орын алған пандемия жағдайында, түрлі қиыншылықтарға қарамастан балаларымызға толық әрі сапалы білім беріп отыр. Біз Айнұр апайымызды өте қатты құрметтейміз және жақсы көреміз!!!
Карантинге қарамастан мектебімізде барлық пәндер жоғары деңгейде жүргізілді, балаларымыздың білім алуына жағдай жасалды. Ұстаздардың еңбегінің нәтижесінде балаларымыз толық білім алып шықты деп ойлаймын.
Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын!
Ответ:

Сәлеметсізбе!
Ізгі ниетіңізге рақмет!
Сайдхметова Гульнара   17-05-2021 11-35-07   Педагог
Вопрос:

Мен 9 "М " сынып оқушысы Жеңіс Асхаттың анасы мектебіміздің әкімшілігіне, ұстаздар қауымына өз алғысымды білдіргім келеді. Құрметті Гаухар Бозжігітқызы, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшіміз Ажибаева Әлиман апай Сіздерді оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын! Қазіргі бүкіл әлемде орын алған пандемия жағдайында, түрлі қиыншылықтарға қарамастан балаларымызға толық әрі сапалы білім беруді жалғастырып оқу процесін үзбей еңбек еткендеріңіз үшін ата-аналар атынан алғысымды білдіремін.Карантин уақытына қарамастан мектебімізде барлық пәндер жоғары деңгейде жүргізілді, балаларымыздың білім алуына жағдай жасалды. Ұстаздардың еңбегінің нәтижесінде балаларымыз толық білім алып шықты деп ойлаймын. Гимназия ұжымы, ұстаздар қауымы қазіргі қиын кезде ең алдымен дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін.
Ответ:

Сәлеметсізбе !
Ізгі ниетіңізге үлкен рақмет !
sayagusman   17-05-2021 20-41-51   От родителей
Вопрос:

Былтырдан бері талай өзгерістер мен қилы кезеңдер бой алып жатқан заманда өмір сүріп келеміз. Әсіресе, дәрігерлер мен ұстаздар, журналистер, полиция қызметкерлері т.б. халықпен тығыз байланысты үзбей жүрген маман иелері індет өршіп, еліміз қиын жағдайда тұрған кезде алдыңғы шепте келеді. Осындай қалыпты жағдайдан ауытқыған заманда менің балаларым оқыған, оқып жатқан «Жаңа ғасыр» №175 гимназия ұстаздары да дес бермей келеді. Өткен жылдың соңғы тоқсанынан биылғы оқу жылының 3-ші тоқсанына дейін 11 сыныптағы қызым онлайн форматында барлық талаптарға сай білім алды. Пән мұғалімдері бұрынғыдан да ерекшелендіріп, түрлендіріп, әр пәнді әрбір оқушыға толықтай жеткізуге үлкен күш салды. Гимназия директоры Гаухар Бозжігітқызының қадағалауымен әрбір отбасының онлайн оқуға дайын немесе дайын еместігін мұқият мән бере отырып тексеріп, жағдайы төмен отбасыларындағы оқушыларды ноутбукпен қамтамасыз етіп, жағдайын жасады. Осылай мыңнан аса бала бір үйдің баласындай, ұстаздары олардың анасындай онлайн форматта емін-еркін білім алып, олимпиада, конкурс, жарыстарға қатысып, жүлделі орындар саны да арта түсті.Оның ішінде, түн ұйқысын төрт бөлген анасындай болған 11«Г» сынып жетекшісі, жоғары деңгейлі математика сыныптарының математика пәнінің мұғалімі Чокубасова Жанат Мәкенқызының еңбегіне ата-аналар тарапынан ризамыз. Тіпті балаларымыз да сол кісі туғандай болып кеткен. Етене жақын бола білген, 1 сынып балаларындай әр баламен жеке жұмыс жасап, жағдайын сұрап, сабақтан қалмауын, дұрыс жағдай жасалып жатқан-жатпағанын ерінбей қадағалап отырды. Ата-аналармен де өте тығыз байланыс жүргізді, әлі де жүргізуде. Гимназияның оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Аяпбергенова Жазира ханымның шаршамай күнделікті сабаққа қатысып,оқу үлгерімдерін жоғары деңгейде ұстауларына ықпал етіп отыруының өзі алдындағы әр оқушының болашағына бей-жай қарамауынан деп білемін. Мектептің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Тұрсынова Айнұр Аркиновна балалардың дұрыс киініп отыруынан бастап, өзін дұрыс ұстауына дейін қадағалап, онлайн оқуға оқушылардың тез икемделуіне көмектесіп отырды. Айнұр ханымның табандылығының, төзімділігінің арқасында балаларымыздың сабақтары үлкен тәртіппен, ретпен, өте түсінікті өтіп жатқанына ата-ана ретінде ризашылығымызды білдіріп отырдық. Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің қаулысы бойынша биылғы оқу жылының 3-ші тоқсанынан бастап балаларымыз мектепке барып офлайн форматта оқып жүр. Ата-ананы баласының жағдайы алаңдататыны белгілі. Осы тұста ең қуантатыны гимназияның есігінен кіргеннен антисептик құрылғылары орнатылған, корридор, әрбір кабинет карантин жағдайындағы талаптарға сай жабдықталған. Гимназия офлайн білім алып жатқан 9 және 11 сыныптарының әр сыныбында 15 оқушыдан аспайды. Балаларымыз да білім ордасын бітіріп, үлкен өмірге қадам басқалы отырған соңғы үш-төрт айларын мектеп қабырғасында сүйікті ұстаздарымен, сыныптас-достарымен бірге жүріп білім алғандарына өздерін бақытты сезінуде. Онлайн, офлайн білім алу кездерінде оқушыларына барлық жағдай жасай білген,білімдерін ұштауға үлкен жетістіктерге жеткізе білген,болашақ жас-жеткіншектерді білім нәрімен сусындату жолында дұрыс талаптар мен нұсқау беріп отырған «Жаңа ғасыр» №175 гимназия басшысы, директоры Мәнекеева Гаухар Бозжігітқызына,ол кісі бастаған үлкен ұжымға, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Аяпбергенова Жазира ханымға, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тұрсынова Айнұр ханымға және гимназия ұстаздары: Бейсебекова Н., Чокубасова Ж., Дюсебаева С., Ибрагимов Е., Ажибаева А. сол сияқты т.б. барлық ұлағатты ұстаздарға гимназия ата-аналары тек алғыс айтады. 2006 жылы алғаш ашылған кезде менің де тұңғышым гимназия табалдырығын аттап 1 сыныпқа келіп еді. Содан бері Алла қаласа биыл үшінші балам, яғни қызым осы гимназиядан қанат қағып ұшқалы отыр. Гимназияның білім сапасының, оқу деңгейінің ең жоғары дәрежеде екенін мақтанышпен айтамын. Үлкенім, ұлым Айбек ең жоғарғы баллмен ҰБТ тапсырып, Т. К. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының кинорежиссер мамандығының 4 курсын аяқтап жатыр, Қазақстан Республикасы Президенті степендиясының иегері, фильмдері конурстардан жүлделі орындар алып келеді. Екінші балам,яғни үлкен қызым Алина да осы гимназия қабырғасынан шыққан шыққан, қазір Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің дизайнер-интерьер мамандығы бойынша 3 курстың үздік студенті. Биыл кіші қызым Азиза да өз талабы мен талантын сынамақшы. Алдыңғы балаларымның жолын берсін деп тілеймін! Азизамның сыныптастарына,«Жаңа ғасыр» №175гимназияның барлық түлектеріне Ақ жол!,— тілей отырып, ұстаздарының берген білімі мен ілімі сендерді тек биікке жетелейді деп сенемін! «Жаңа ғасыр» №175 гимназияның аса құрметті де ұлағатты ұстаздары! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, творчестволық табыстар тілеймін! Шәкірттеріңіз тек биіктерді ала, қанаттарын кеңінен жая самғасын деп тілек білдіремін!
Ответ:

Сәлеметсізбе!
Ізгі ықылысыңызға рақмет!
Омарбекова Айгерим   17-05-2021 14-26-35   От родителей
Вопрос:




Сәлеметсіздер ме?! Мен, Жаңа ғасыр 175 гимназиясының 1А сынып оқушысы Дүйсен Каринаның анасы, гимназия директоры Гаухар Бозжигитовна және сынып жетекшіміз Айнұр Каримовнаға алғыс айтқым келеді.
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» — деген ұлы Абай бабамыз. Сіздердің жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Қоғам мен адамзат алдындағы еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және балаларымыздың болашағы жолындағы абыройлы істеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын. Қазіргі кезеңдегі өршіген дерт салдарынан қашықтықтан оқытуға қарамастан, шәкірттеріңізге берген білім үшін басымызды иеміз. Айнұр Каримовнаның өткізген әр сабағы қызықты, танымды әрі ақпаратқа толы. Қызымның сіздей ұстаздың шәкірті болғанын мақтан тұтамын.
Және тағы бір айта кеткім келетін жайт, мектеп әкімшілігінің белсенділігі. Кез келген мерекелерде қашықтықтан оқығанға қарамастан, онлайн форматта әр түрлі іс шаралар өткізіп, кішкентай бүлдіршіндеріміздің қанаттарын ұштандырғандарыңыз үшін рақмет!
Құрметті Гаухар Бозжигитовна,ұстаздар ! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін.
Ответ:

Сәлеметсізбе !
Ізгі ниетіңізге рақмет !
Омарбекова Айгерім   17-05-2021 14-06-27   От родителей
Вопрос:




Мен, Жаңа ғасыр 175 гимназиясының 1А сынып оқушысы Дүйсен Каринаның анасы, сынып жетекшіміз Айнұр Каримовнаға алғыс айтқым келеді.
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» — деген ұлы Абай бабамыз. Сіздің жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Қоғам мен адамзат алдындағы еңбектеріңізді ескере отырып, Сізге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және балаларымыздың болашағы жолындағы абыройлы істеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын. Қазіргі кезеңдегі өршіген дерт салдарынан қашықтықтан оқытуға қарамастан, шәкірттеріңізге берген біліміңіз үшін басымызды иеміз. Айнұр Каримовнаның өткізген әр сабағы қызықты, танымды әрі ақпаратқа толы. Қызымның сіздей ұстаздың шәкірті болғанын мақтан тұтамын.
Және тағы бір айта кеткім келетін жайт, мектеп әкімшілігінің белсенділігі. Кез келген мерекелерде қашықтықтан оқығанға қарамастан, онлайн форматта әр түрлі іс шаралар өткізіп, кішкентай бүлдіршіндеріміздің қанаттарын ұштандырғандарыңыз үшін рақмет!
Құрметті ұстаздар, мектеп әкімшілігі! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін.
Ответ:

Сәлеметсізбе !
Ізгі ниетіңізге рақмет !
Сайдхметова Гульнара   17-05-2021 11-59-39   От родителей
Вопрос:

Мен 9 "М " сынып оқушысы Жеңіс Асхаттың анасы мектебіміздің әкімшілігіне, ұстаздар қауымына өз алғысымды білдіргім келеді. Құрметті Гаухар Бозжігітқызы, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшіміз Ажибаева Әлиман апай Сіздерді оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын! Қазіргі бүкіл әлемде орын алған пандемия жағдайында, түрлі қиыншылықтарға қарамастан балаларымызға толық әрі сапалы білім беруді жалғастырып оқу процесін үзбей еңбек еткендеріңіз үшін ата-аналар атынан алғысымды білдіремін.
Карантин уақытына қарамастан мектебімізде барлық пәндер жоғары деңгейде жүргізілді, балаларымыздың білім алуына жағдай жасалды. Ұстаздардың еңбегінің нәтижесінде балаларымыз толық білім алып шықты деп ойлаймын. Гимназия ұжымы, ұстаздар қауымы қазіргі қиын кезде ең алдымен дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін
Ответ:

Сәлеметсізбе !
Ізгі ниетіңізге үлкен рақмет !
Тұтов Нұржан Кенжегулович   17-05-2021 21-15-56   От родителей
Вопрос:

Сәлеметсіздерме, мен Жаңа ғасыр 175 гимназиясының 5"Е" сынып оқушысы Тутов Тәңірбергеннің әкесімін. Мен мектеп директоры Гауһар Бойжігітқызына және сынып жетекшісі Фарида Мұратқызына мың да бір алғысымды білдіремін. Себебі мен ол ұстаздарды кәсіби деңгейі биік, өз мамандығының нағыз шеберлері ретінде танимын. Балам сіздердей мамандардан жақсы білім алып шығатынына толық сенімдімын. Рахмет сіздерге
Зөр денсаулық , отбастарыңа амандық тілеймын.
Келесі оқұ жылында балаларды тасымалдау мектеп автобусының, бекітілген маршрутпен, жүру мүнкіндігі қарастырыла ма ?
Ответ:

Сәлеметсізбе !
Ізгі ниетіңізге рақмет !
Гимназия баласында автобус қарастырылмаған. Автобуспен тасымалдау ата-ананың қаражатына байланысты болғандықтан, ата-аналар келісіп жатса, Қамқоршылық кеңеспен бірлесе отырып қарастырып көріңіздер.
Әбікеева Нұрбақыт   08-05-2021 11-54-12   Другое
Вопрос:

Сәлеметсіз бе! Гауһар Бозжігітқызы, 2021-2022 оқу жылына катед сыныбына қыз балалар оқытылса, 6 сыныпқа қызымды берейін деп едім.
Ответ:

Сәлеметсізбе Құрметті ата-ана!
Осы кезеңге дейін " Кадет" сыныбына қыздардың ата-аналары сұраныс білдірген жоқ. Қыздардың ата-аналарынан сұраныс болып жатса арнайы комиссия мүшелері қарастырады .
Копбаева Айман   07-05-2021 14-44-56   От родителей
Вопрос:

Сәлеметсіздер ме!
Балам Малик Ахмедияр 7 сынып оқушысы "Жаңа Ғасыр" 175Гимназиясында оқиды. Қашықтықтан оқытуда біз ұстаздармен әрдайым тығыз байланыстамыз. Әрине біраз қиыншылықтар болды, дегенмен балаларымыздың білім алуына үнемі жағдай жасауға тырысамыз. Қашықтықтан оқытып отырған ұстаздарға алғыс айтамын. Сынып жетекшісі Шонкеева Динара Жанабайқызы оқушылармен, ата-аналармен тығыз байланыста болып отырғанына алғысым шексіз. Мектептегі барлық ұстаздарға алғыс айтамын. Балаларға жақсы білім беріп,қашықтықта емес,сыныпта отырғандай болды. Таңертеңнен әр оқушыны түгендеп, сабаққа толықтай қатысуын қадағалап отырады. Әрқашан түсіністікпен қарап,мектеп тарапынан да қашықтықтан оқуға мүмкіндігі жоқ оқушыларыды қажетті құралдармен толықтай қамтамасыз етіп шықты. Қашықтықтан оқытуды да ұйымдастыру өте жақсы! Мектеп әкімшілігі мен мектеп басшысы Гауһар Бозжігітқызына көп рақмет айтамын!
Енді "ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТІ" ұйымдастырып отырсыздар,өте қуаныштымыз! Балалар да қуана-қуана қатысамыз деп отыр.Сол бойынша толықтай ақпарат алсақ деп едік, балалар қай уақытта оқиды, таңертеңнен басталса жақсы болар еді, себебі түстен кейін спорттық жаттығулары бар еді. Бір-біріне кедергі болмаса деген ниет еді бізде. Тағы қандай іс-шаралар жоспарда бар екен? Шахмат,домбыра,баскетбол,футбол спорт үйірмелері де жұмыс істейді ма?Назарынызға рақмет!
Ответ:

Сәлеметсізбе Құрметті ата-ана!
Жылы лебізіңізге рақмет.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 ж. 5 - мамыр № 203 бұйрығы негізінде "Жазғы мектеп " - білім сапасын арттыру және пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білім олқылықтарының орнын толтыру мақсатында, ата - аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші бойынша барлық ниет білдірген білім алушылар үшін оқыту 26 мамыр - 19 маусым аралығында ұйымдастырылады.
24 - мамыр күні негізгі пәндердің сабақ кестесі және үйірмелердің кестесі, қоңырау кестесі, сыныптың қай ауысымда оқитыны туралы мәлімет қосымша жіберіледі .
Айман   07-05-2021 14-47-02   От родителей
Вопрос:

Сәлеметсіздер ме!
Балам Малик Ахмедияр 7 сынып оқушысы "Жаңа Ғасыр" 175Гимназиясында оқиды. Қашықтықтан оқытуда біз ұстаздармен әрдайым тығыз байланыстамыз. Әрине біраз қиыншылықтар болды, дегенмен балаларымыздың білім алуына үнемі жағдай жасауға тырысамыз. Қашықтықтан оқытып отырған ұстаздарға алғыс айтамын. Сынып жетекшісі Шонкеева Динара Жанабайқызы оқушылармен, ата-аналармен тығыз байланыста болып отырғанына алғысым шексіз. Мектептегі барлық ұстаздарға алғыс айтамын. Балаларға жақсы білім беріп,қашықтықта емес,сыныпта отырғандай болды. Таңертеңнен әр оқушыны түгендеп, сабаққа толықтай қатысуын қадағалап отырады. Әрқашан түсіністікпен қарап,мектеп тарапынан да қашықтықтан оқуға мүмкіндігі жоқ оқушыларыды қажетті құралдармен толықтай қамтамасыз етіп шықты. Қашықтықтан оқытуды да ұйымдастыру өте жақсы! Мектеп әкімшілігі мен мектеп басшысы Гауһар Бозжігітқызына көп рақмет айтамын!
Енді "ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТІ" ұйымдастырып отырсыздар,өте қуаныштымыз! Балалар да қуана-қуана қатысамыз деп отыр.Сол бойынша толықтай ақпарат алсақ деп едік, балалар қай уақытта оқиды, таңертеңнен басталса жақсы болар еді, себебі түстен кейін спорттық жаттығулары бар еді. Бір-біріне кедергі болмаса деген ниет еді бізде.
Ответ:

Жоғарыда жауап берілді .
Дауылбаева Макпал Бейбитовна   05-05-2021 10-13-01   От родителей
Вопрос:

Сәлеметсізбе Гаухар Бозжигитовна !
Биылғы оқу жылында қандай мұғалімдер 1-сыныпты алады ?

Ответ:

Сәлеметсізбе !
Биылғы 2021-2022 оқу жылында алты 1-сынып ашылады. Барлық сыныптарға креативті, білікті педагогтар сабақ береді.
Конысбаева Меруерт   05-05-2021 10-24-50   От родителей
Вопрос:

№175 гимназия қандай бағытта оқытылады ?
Ответ:

«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия математика – физика бағыты, жаратылыстану бағыты, және гуманитарлық бағыттарында тереңдетіліп оқытылады.
Буланбаев Бауыржан   05-05-2021 09-50-37   От родителей
Вопрос:

Сәлеметсізбе !
1-сыныпқа қалай қабылдануға болады, құжаттарды қабылдау қашаннан басталады, қабылдану үшін қандай критериі бар ?
Ответ:

Сәлеметсізбе !
1-сыныпқа 2021-2022 оқу жылында қабылдау 1-сәуірден 31 - шілде аралығында жүргізіледі. 1-сыныпқа 6-7 жасқа толған балалар қабылданады. 1- сыныпқа қабалдану үшін Egov, bilimalmaty порталына тіркелуіңіз керек.

Фамилия имя отчество:


Тематика вопроса:


Вопрос:


Введите код с картинки:


Каратаева Жазира Аяпбергеновна
Коммунальное государственное учреждение "Гимназия №175 "Жаңа Ғасыр" Управления образования города Алматы

Биография
Количество новых вопросов - 2
Всего вопросов - 28
Ответы на вопросы - 26
Личный кабинет