Виртуальная приемная Виртуальная приемная
Директоров организации образования
государственной и частной формы собственности города Алматы

eye 
ГлавнаяБлог директора
КГУ "Специализированный лицей №126" Управления образования города Алматы
Құрметті достар!
Менің жеке ресми блогыма қош келдіңіздер! Бұл блогтан, мектебімізде атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар бола аласыздар, сондай-ақ, өзіңізді толғандырып жүрген мәселелеріңіз бен өтініштеріңізді, ұсыныстарыңызды енгізулеріңізге болады. Сіздердің әр сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз біз үшін өте маңызды. Олардың ешқайсысы назардан тыс қалмайды және олардың әрқайсысын жауапсыз қалдырмаймын.
Осы блог көмегімен әрқайсыларыңыз менімен тікелей байланысқа шығып, өз пікірлеріңізбен бөлісе аласыздар. Бүгінгі ақпараттық-технологияның дамыған заманында осындай мүмкіндікті пайдалану сіздерге де маған да тиімді болатынына үміт артамын.


Уважаемые посетители!

Добро пожаловать на мой официальный личный блог. На этом сайте вы можете найти информацию о школе также, вы можете внести интересующие вас вопросы, проблемы и предложения об улучшении жизни школы. Каждое ваше предложение и вопросы имеют важное значение для нас. Ни один из них не останется без внимания и ответа.
С помощью этого блога, вы можете напрямую связаться со мной и поделиться своим мнением. Думаю, благодаря нынешнему развитию информационных технологий это будет полезно, как для вас, так и для меня.

  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
Абдиманапова Урия   15-04-2024 13-21-57   От родителей
Вопрос:

Салеметсизбе. Баламды 126 мектепке ауыстырсам деп едим .
Балам 4 сыныпты казир..Калай отиниш берсек болады.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! 2024-2025 оқу жылына 5 сыныпқа конкурстық іріктеуге құжаттарды қабылдау 20.04.2024 жылға дейін ұзартылды. Құжаттарды qabyldau.daryn.kz сайты арқылы жүктей аласыз. Қосымша мәліметтерді және техникалық көмекті 87758881040 номері арқылы немесе лицей қабылдау бөліміне (№ 105 кабинет) келіп үміткерді тіркей аласыз.
Мөлдір   28-02-2024 09-15-29   От родителей
Вопрос:

Салеметсіздер! мектеп жөнінде мәлімет алсам деп едім, Балаларым 4 сынып бітіреді, сіздерден білім алса деп едім
87714038641
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңызға рақмет. Мамандандырылған лицей туралы мәліметті http://126.alschool.kz/ сайты арқылы біле аласыз. 2024-2025 оқу жылына 5-сыныпқа қабылдау конкурстық негізде 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында https://qabyldau.daryn.kz/kz/index.php сайтында қажетті құжаттарды тіркеу арқылы жүргізіледі. Лицей сайтының ( http://126.alschool.kz/) қабылдау бөлімінде толық мәлімет бар. Қосымша ақпаратты 243-14-04 телефоны арқылы біле аласыз.
Сағынбай Гүлинұр   09-02-2024 09-21-29   От родителей
Вопрос:

Сәлеметсіздер ме!Менің қызым 5 сынып оқиды,6 сыныпқа сіздердің лицейге тапсыруға болады ма?Егер болса құжат қабылдауларыңыз қай уақытта?Алдын ала рақмет!
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңызға рақмет. Қазіргі кезде 6-сыныптарда бос орын болмауына байланысты, конкурс арқылы бала қабылдауға негіз жоқ. Тамыз айында бос орын болған жағдайда қосымша бала қабылдау үшін конкурс өткізіледі. Төмендегі байланыс телефоны арқылы қосымша ақпарат ала аласыз. телефон 243-14-04
Марат камиль   28-09-2023 20-33-54   Ученик-ученица
Вопрос:

Қалай 5 сыныпта бжб жазу
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Тоқсан ішінде негізгі пәндерден әрбір тарау бойынша БЖБ алынады. Тоқсан соңында ТЖБ алынады.
vc   25-08-2023 11-40-45   Ученик-ученица
Вопрос:

9 классқа қанша бала тапсырады?
Ответ:

Сәлеметсіз, 9- сыныпқа конкурске 20 өтініш түскен. Барлығының өз бағын сынауға мүмкіндігі бар.
Дамир   13-08-2023 16-40-19   От родителей
Вопрос:

Здравствуйте, хотел бы узнать. Есть ли возможность, поступить в 10 класс рус отделения на 23/24 год обучения
Ответ:

Здравствуйте, «Специализированный лицей №126 » коммунальное государственное учреждение обучение производится на государственном языке.
Сапарбекова Жанар Ерлибековна   23-06-2023 15-18-40   Педагог
Вопрос:

Cәлеметсіз бе? Математика, физика пәндерінен сіздерде вакансия бар ма? Еңбек өтілім: 10 жыл. Егер вакансия орны ашық болса, осы нөмірге хабарласуларыңызды өтінемін: 8 747 401 12 84. janar_9191@mail.ru
Резюмемді почталарыңызға жібердім
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығы негізінде жүргізіледі. Қазіргі уақытта физика пәнінен физика пәнінің мұғаліміне орын бар. Enbek.Kz порталы арқылы вакансия шілде айының соңында жарияланады.
Конкурстық іріктеу өткізіледі. Қосымша мәліметтерді байланыс телефон номері арқылы біле аласыз.
8(727)243-13-89
8(727)243-14-04
Сейтхазиев Досымхан Шереханович   14-04-2023 14-10-22   От родителей
Вопрос:

Қайырлы күн, Мырзахан Минайдарович. Сіздің мектепке түсуге конкурс қай уақытқа жоспарланып отыр, егер қиыншылық туғызбаса ақпарат бересіз бе? Сайттан бұл ақпаратты көре алмадым...
Ответ:

Сәлеметсіз бе, 2023-2024 оқу жылына 5 сыныпқа қабылдау үшін 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында qabyldau.daryn.kz сайты арқылы электронды түрде құжаттар қабылданып, республикалық "Дарын" ғылыми практикалық орталығының кестесіне сәйкес 15-30 сәуір аралығында конкурс жоспарлануда. Қосымша мәлімет үшін 87272431404 немесе 877758881040 байланыс телефондары арқылы біле аласыз. Сондай-ақ, осы сайттың "Ата-аналарға" деген бөлімінде толық мәлімет бар.
ОРАЗОВА АЙЗАДА САРСЕНҚЫЗЫ   12-07-2022 18-03-39   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсіз бе, мен ОРАЗОВА АЙЗАДА САРСЕНҚЫЗЫ 08.07.1991 ж Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Жартытөбе ауылында дүниеге келгем.2013, күндізгі бөлім
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
5В010200-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығын бітірдім Баламен жұмыс істемедім Сіздерде бос орын барма Егер бар болса хабар бересіз бе
сот:8 747 769 4976
Ответ:

Сәлеметсіз бе, 126 мамандандырылған лицей 5- сыныптан бастап оқытатын болғандықтан бастауыш сынып үшін мұғалімдер қабылданбайды.
Құрманбек Улангуль   27-05-2022 20-43-03   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсізбе,Мен математика пәні мұғалімі Құрманбек Улангуль, еңбек өтілім-9жыл. Сіздерде математика пәні мұғалімі бойынша бос жұмыс орны бар ма? Тел: 8 747 853 74 82
Ответ:

Сәлеметсіз бе, 2022-2023 оқу жылында мұғалімдік мамандыққа бос орын болған жағдайда тамыз айында конкурстық негізде мұғалімдер қабылданады. Байланыс телефонымыз: 8 (727) 243-14-04
Кичкенбаева Аманжан Тынчигановна   24-05-2022 18-59-11   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсіз бе!
1.Баламды 4 сыныптан кейін, сiзге ауыстыр сам, қандай да шарттары бар ма?

2.Математика пән ұстазымыз. Қабылдайсыздар ма?
+77052987125
Ответ:

Сәлеметсіз бе,
1) Алматы қаласы Білім басқармасының КММ «№ 126 мамандандырылған лицей» базасында 2022 жылдың 14 мамыр күні 2022-2023 оқу жылына 5-сыныпқа қабылдау конкурсы өтті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қ.Р. Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 24 маусымдағы №264 бұйрығы негізінде жүргізілді. 2023-2024 оқу жылында 6-сыныпқа бос орын болған жағдайда мектеп әкімшілігі конкурстық іріктеу жүргізеді. Сіздің балаңыз осы конкурсқа қатыса алады.
2) 2022-2023 оқу жылында мұғалімдік мамандыққа бос орын болған жағдайда тамыз айында конкурстық негізде мұғалімдер қабылданады. Байланыс телефонымыз: 8 (727) 243-14-04
Калия   11-04-2022 11-00-19   Педагог
Вопрос:

Салеметсиз. 1 және 3-сыныпқа құжат қабылдайсыздарма?
Ответ:

Сәлеметсіз бе, №126 мамандандырылған лицей 5-сыныптан бастап оқытатын болғандықтан 1-4 сыныптарға оқушы қабылданбайды.
Шолпан   21-01-2022 19-45-57   От родителей
Вопрос:

Балам биіл 4сынып бітіреді. 5сыныпқа документті қашан , қалай қабылдайсыз?
Ответ:

Сәлеметсіз бе, 5-сыныпқа қабылдау конкурстық негізде өтеді. Құжат 2022 жылдың 1 наурызы мен 1 сәуір аралығында qabyldau.daryn.kz сайты арқылы электронды түрде қабылданады деп жоспарлануда. Қосымша мәліметтерді 8 (727) 243-14-04 байланыс телефоны арқылы біле аласыз.
Малаева Еркежан   07-12-2021 15-40-56   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсізбе!Мен ағылшын пәні мұғалімі Малаева Еркежан ,2020 жылы Абылай хан атындағы жоғарғы оқу орынды тәмәмдадым,және 1 жыл жұмыс істедім яғни мамандығым бойынша тәжірібием бар,егер сіздер де орын бар болса сіздермен жұмыс жасағым келеді
87056678637
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Ағылшын тілі пәні бойынша қазіргі уақытта бос орын жоқ.
Абылай Назерке   18-08-2021 15-04-09   От родителей
Вопрос:

Сәлеметсіз бе! Менің балам 9-сыныпқа көшті. Баламды сіздің мектепке қабылдай аласыз ба? Балам физика және математика пәндерінен жарыстардан, олимпиадалардан жүлделі орындар алған.
Ответ:

Сәлеметсіз бе, №126 мамандандырылған лицей 6-11 сыныптарда бос орын болған жағдайда конкурспен оқушылар қабылдайды. Қосымша мәліметерді 2-43-14-04 байланыс телефоны арқылы біле аласыз.
Асель Турегалиева   07-08-2021 14-49-43   Другое
Вопрос:

Добрый день.
подскажите, пожалуйста, как можно перевести ребенка в Ваш лицей?
7 класс, мальчик
Ответ:

Здравствуйте, Спец. лицей №126 (казахский обучением) 6-11 класс принимает учащихся на конкурсной основе вместо выбывших учащихся. Контактный телефон: 2-43-14-04.
Фамилия имя отчество:


Тематика вопроса:


Вопрос:


Введите код с картинки:


Тулендиев Мырзахан Минайдарович
КГУ "Специализированный лицей №126" Управления образования города Алматы

Биография
Количество новых вопросов - 0
Всего вопросов - 16
Ответы на вопросы - 16
Личный кабинет