Виртуальная приемная Виртуальная приемная
Директоров организации образования
государственной и частной формы собственности города Алматы

eye 
ГлавнаяБлог директора
КГУ Школы-гимназии №140 им.М.Макатаева Управления образования г.Алматы
Құрметті блог қонақтары!

Сіздермен мектеп басшысының, түрлі оқиғаларға пікірлер алмасу, тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігі болуы үшін құрылған жеке ресми блогымда сөйлесіп отырғаныма өте қуаныштымын.
Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар біздің күнделікті өмірімізге толықтай енді деуге болады жəне замануи қоғамның бір бөлігі болып табылады. Интернет коммуникация құралы ретінде азаматтық қоғамды құру жолында маңызды рөл атқарады жəне мемлекеттік білім беру органдарының ашықтық белгісі болып табылады.

Дорогие друзья!

Приветствую Вас на персональном блоге руководителя школы который создан для того, чтобы иметь возможность непосредственного общения и обмена мнениями на различные темы.
Сегодня информационные технологии прочно вошли в нашу повседневную жизнь и являются частью современного общества. Интернет как средство коммуникации играет важную роль в формировании гражданского общества и является признаком открытости и прозрачности органов образования.

  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
Өркенқызы гүлсая   27-12-2023 12-59-30   Ученик-ученица
Вопрос:

Неге едулайф кз жабық едулайф кз ашындар?
Ответ:

Қайырлы күн, edulife.kz платформасымен жұмыс жасамаймыз. Т.сінбеген сұрақтарыңыз болса мына нөмірге 3764488 хабарласа аласыз!
Өркенқызы гүлсая   27-12-2023 13-00-01   Ученик-ученица
Вопрос:

Едулайф кз ашындар?
Ответ:

Қайырлы күн, edulife.kz платформасымен жұмыс жасамаймыз. Т.сінбеген сұрақтарыңыз болса мына нөмірге 3764488 хабарласа аласыз!
Базарбаева Салтанат   20-12-2023 19-15-07   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсіздер ме .Бастауыш сынып мұғаліміне вакания бармекен ?
Мұғалімнің аты –жөні: Базарбаева Салтанат Агимбаевна
Туған жылы,айы,күні: 19.05.1981

Тұрғылықты жері: Алматы қаласы ,Алмалы ауданы ,
Төле би көшесі 273/6 15 пәтер
Ұлты: Қазақ
Білімі: Жоғары
Бітірген оқу орны:
1. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Тарих мамандығы бойынша
2. Халықаралық гуманитарлық техникалық университеті
Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі
Жалпы еңбек өтілі : 12
Санаты: Педагог-сарапшы
Отбасы жағдайы: Тұрмыста
Телефон: 87054652282
E-mail: salta05.81@mail.ru
Ответ:

Қайырлы күн, бүгінгі таңда бастауыш сынып мұғаліміне вакансия жоқ, ашық вакансияларды enbek.kz көре аласыз.
Өркенқызы Гүлсая   08-12-2023 11-22-28   Ученик-ученица
Вопрос:

Мен қатыса алам ба?
Ответ:

Қайырлы күн, edulife.kz платформасымен жұмыс жасамаймыз. Т.сінбеген сұрақтарыңыз болса мына нөмірге 3764488 хабарласа аласыз!
Карменов Қанат   16-08-2023 12-34-05   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсіздерме,
Сіздерге Тарих пәні мұғалімі керекпе
Ответ:

Сәлеметсіз бе, Карменов Қанат?! Бүгінгі таңда жұмысқа өтінім еңбек.кз жүйесі арқылы жүреді. Еңбек.кз порталында вакансия болса, өз өтініміңізді қалдырып, қабылдау бөліміне жүгінесіз.
эмлебаева Ғалия   12-08-2023 18-18-27   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсіз бе,мен сіздердің мектемтеріңізден бос лауазымды орын көріп,қалдым. Ваканция “биология”мұғалімі. Осы бос орынға мені қарастырып көрсеңіздер. 8747-453-57-19. Биыл КазҰПУ Абай аяқтадым
Ответ:

Сәлеметсіз бе, Ғалия Эмелбаева Ғалия?! Бүгінгі таңда жұмысқа өтінім еңбек кз жүйесі арқылы жүреді. Еңбек кз порталында вакансия болса, өз өтініміңізді қалдырып, қабылдау бөліміне жүгінесіз.
Гулбану Токлу   27-07-2023 14-18-51   Ученик-ученица
Вопрос:

Добрый день! Я Гулбану Токлу, приехала с семьёй из Турции, сама являюсь гражданкой Рк, дети граждане Турции. Я проживаю в жк Манхэттэн, близко к школе 140. Моя дочь говорит на русском и турецком. Но я очень зочу отдать в казахский класс. Меня не приняли, не выслушали, сказали переполнены классы. Можно сделать исключение нам, и дать возможность поступить именно в Вашу школу.
Ответ:

Здравствуйте Гулбану Токлу! Мы ответим на ваш вопрос на основании следующей информации. Ваш адрес не относится к микроучастку нашей школы, к тому же у нас все классы переполнены. По Алмалинскому району вы можете обратиться к школам 62, 167, 58. Данные школы на казахском языке обучения.
Сапарбекова Жанар Ерлибековна   23-06-2023 18-04-45   Педагог
Вопрос:

Cәлеметсіз бе? Математика, физика пәндерінен сіздерде вакансия бар ма? Еңбек өтілім: 10 жыл. Егер вакансия орны ашық болса, осы нөмірге хабарласуларыңызды өтінемін: 8 747 401 12 84. janar_9191@mail.ru
Резюмемді почталарыңызға жібердім
Ответ:

Сәлеметсіз бе, Жанар Ерлибековна?! Бүгінгі таңда жұмысқа өтінім еңбек кз жүйесі арқылы жүреді. Еңбек кз-ке мамандық бойынша вакансия жарияланады. Еңбек кз порталында вакансия болса, өз өтініміңізді қалдырып, қабылдау бөліміне жүгінесіз.
Аида   19-05-2023 22-17-18   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсіз бе, Сәния Өскенбайқызы! Сіздерде жаңа оқу жылына бастауыш сынып мұғалімдері мен биология пәні мұғалімдеріне бос орындар бар ма? Жұмысқа өтінішті еңбек.кз арқылы береміз ба әлде егов арқылы ма?
Ответ:

Сәлеметсіз бе, Аида?! Бүгінгі таңда жұмысқа өтінім еңбек кз жүйесі арқылы жүреді. Еңбек кз-ке мамандық бойынша вакансия жарияланады. Еңбек кз порталында вакансия болса, өз өтініміңізді қалдырып, қабылдау бөліміне жүгінесіз.
Жумагулова Алия   17-04-2023 17-36-35   Педагог
Вопрос:

Саламатсыз ба. TutorUP журналы сіздің мекеменікі ме? Маған мақала жариялап сертификат алуға ұсыныс жасалынып еді таныс адамдардан, қаншалықты шын ақпарат екенін білейін деп едім. категорияға тапсырғанда бұл материалдардың күші болады ма?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Сіздің сұрап отрыған журналыңыз біздің мекемеге қатысты емес.
Манас Маратұлы   17-04-2023 21-19-38   От родителей
Вопрос:

Сәлеметсіз бе! 6-7 сыныпқа қабылдау қай мерзім аралығында жүргізіледі? Қаланың басқа жерінен көшумен байланысты қыздарымыздың мектебін ауыстырмақшымыз.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Қала бойынша тек әр тоқсанның демалыс уақытында ауыстыру мүмкін. Егер сіздің мекен-жайыңыз біздің мектептің ауданына қарасты болса egov.kz сайты арқылы бізге өтініш бере аласыз.
Гульнур Алтынбековна   01-03-2023 16-14-40   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсіз бе? Сіздерден алған дипломдар аттестатцияға жарамсыз дейді. №788 бұйрық тізімінде жоқ дейді
Ответ:

Қайырлы күн! Қандай диплом екендігін толық айтсаңыз. Мүмкіндігіңіз болса мектепке келіп кетсеңіз жақсы болады. 87474627002 байланыс номеріне хабарлассаңыз!
Ибраева Лаззат Абдрахмановна   06-01-2023 14-06-15   От родителей
Вопрос:

Саламатсыз ба құрметті Сания Өскенбайқызы! Менің қызым қазір №155 балабақшаға барады. Биыл 03.06.2023 ж 6 жасқа толады. №140 мектепке беру үшін, қандай құжат тапсыру керекпіз? Прописка Егизбаева 7/1 ,кв 8. Контакт 87014146463
Ответ:

Сәлеметсіз бе! 2023-2024 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау 01.04.2023 жылы басталады. Өтінішті egov.kz проталы арқылы бере аласыз.
Оқушы   20-10-2022 13-58-43   От родителей
Вопрос:

Сәлеметсіз бе ! Бастауыш сыныптың мұғалімдері үй тапсырмамын қанша уақыттың аралығында оқушыларға жіберілуі тиіс?
1 сыныптың сынып жетекшілерімен жұмыс жасап, уақытылы уй тапсырмасын жіберуін қадағалауыңызды сұраймын.
Менің білуімше жылдың басында оқу жоспары бекітіледі . Сол жоспарға сәйкес сабақтың барлық тапсырмалары көрсетілген. Дайын жоспар бойынша тапсырманы жіберіп отыру соншалықты қиын емес деп ойлаймын. Өте баяу. Міндетті түрде өзіміз телефон соғып , жазып сұрау міндеттіміз бе?
Ответ:

Сәлеметсіз бе ата-ана?
2022- 2023 оқу жылында Республиканың жалпы білім беретін мектептерінде бастауыш білім беруді ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы»2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша жүзеге асырылады.
Бастауыш білім беруді ұйымдастыру Стандартта айқындалған мақсат пен ондағы күтілетін нәтижеге бағдарлануы тиіс.
1-сынып оқушыларына үй тапсырмасы берілмейтіндіктен, оқушы бағдарламаны толық, еш қиындықсыз меңгеруі үшін күнделікті өткен тақырыпқа сай, білім алушыларға үй тапсырмасы олардың орындау мүмкіндіктерін ескере отырып берілуде.
Сіздің айтқан өтінішіңіз 1-сынып ұстаздары арасында талқыланды. Өтінішіңізді ескере отырып, үй тапсырмасы уақытынан кешіктірілмей жіберілетіндігін ескертеміз!
Сарсенова Зарина   30-08-2022 16-03-44   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсіз бе! География пәнінің мұғалімімін. Биыл бітірдім, еңбек өтілім жоқ. Сіздерде 0,5 ставкаға уақытша жұмысқа орын бар ма?
Ответ:

Сәлеметсіз бе, Зарина?! Бүгінгі таңда жұмысқа өтінім еңбек кз жүйесі арқылы жүреді. Еңбек кз-ке мамандық бойынша вакансия жарияланады. Еңбек кз порталында вакансия болса, өз өтініміңізді қалдырып, қабылдау бөліміне жүгінесіз. Қазірге гимназия география пәні бойынша вакансия қажет етпейді.
Сара Таск   16-08-2022 12-09-17   Педагог
Вопрос:

Саламатсыз ба

2022 жылы университетті қызыл дипломға бітірдім, мамандығым ағылшын тілі
IELTS емтиханын тапсырдым, 1 жыл мамандык бойынша тәжірибем бар
Бос вакансия болса почтанызды жазып жіберсеңіз немесе барып интервьюдан өтсем. Рахмет
Ответ:

Сәлеметсіз бе, Сара?! Бүгінгі таңда жұмысқа өтінім еңбек кз жүйесі арқылы жүреді. Еңбек кз-ке мамандық бойынша вакансия жарияланады. Егер вакансия болса, өз өтініміңізді қалдырып, қабылдау бөліміне жүгінесіз. Қазірге гимназия ағылшын тілі пәні бойынша вакансия қажет етпейді.
Еркінбек   04-07-2022 15-28-02   От родителей
Вопрос:

Қайырлы күн!!!
Өзіңіз хабарлағандай 140 мектеп өзін өзі қаржыландыру ұйымына айналуға өтініш берілді дедіңіз.
Өзін өзі қаржыландыру ұйымы дегенді толықтай түсіндіріп берсеңіз!!! Рахмет сізге!!! Жазғы демалысыңыз жақсы өтсін!!!
Ответ:

Сәлеметсіз бе Еркінбек мырза? Гимназия өзін-өзі қаржыландыру ұйымына емес, коммуналдық мемлекеттік мекемеден шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына көшу үдерісі жүріп жатыр. Білім беру мекемелері арасындағы бәсекелестікті арттыру және жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру енгізілетін болады.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы.
Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру-бұл мектеп ондағы оқушылардың санына байланысты Мемлекеттік ақша алатын қаржыландыру әдісі. Алматы қаласының мектептері 2020 жылдың қыркүйегінен бастап жан басына қаржыландырылуда.
№140 Гимназия 2021 жылдың қазан айынан бастап коммуналдық мемлекеттік мекемеден шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға көшуге дайындалуда, бұл екінші деңгейдегі банктерде есеп айырысу шотын ашуды білдіреді, қосымша білім беру қызметтеріне шарттар жасауға мүмкіндік болады.Балаларды әртүрлі бағыттарда (білім бері,спорт және т.б.) дамыту мүмкіндігі болады.
Шаруашылық жүргізу құқығына көшу басшыға шешім қабылдауда көбірек автономия береді, ресурстарды тиімді пайдалануға және халықтың сапалы білім алу қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар мәртебесіне кезең-кезеңімен көшіру басқару, қаржыландыру жүйесін жетілдіруге, білім беру ұйымдары қызметінің экономикалық тиімділігін арттыруға, сондай-ақ персоналды басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Мира   30-05-2022 17-07-32   От родителей
Вопрос:

Сәлеметсізбе Сәния Өскенбайқызы! сіздерге 6 жане 7 сыныпқа екі баламды калай ауысыртсам болады,осы районға көшіп келген едік, тест тапсыру керек болса қашан тапсырады? Рахмет!
Ответ:

Сәлеметсіз бе, құрметті ата-ана? Тамыз айында 2-11 сыныптарға қабылдау жүргізіледі. Сол уақытта egov.kz порталы арқылы өтініш қалдырасыз. Сол өтініш бойынша мөлтекауданыңыз сәйкес келсе қабылданады.
Құрманбек Улангуль   27-05-2022 16-35-01   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсізбе,Мен математика пәні мұғалімі Құрманбек Улангуль, еңбек өтілім-9жыл. Сіздерде математика пәні мұғалімі бойынша бос жұмыс орны бар ма? Тел: 8 747 853 74 82


Ответ:

Сәлеметсіз бе Құрманбек Улангуль? Маусым айының 20-нан кейін қабылдау бөліміне келсеңіз.
Құрманбек Улангуль   27-05-2022 16-36-52   Педагог
Вопрос:


Сәлеметсізбе,Мен математика пәні мұғалімі Құрманбек Улангуль, еңбек өтілім-9жыл. Сіздерде қазақ сыныптарына математика пәні мұғалімі бойынша бос жұмыс орны бар ма? Тел: 8 747 853 74 82
Ответ:

Сәлеметсіз бе Құрманбек Улангуль? Маусым айының 20-нан кейін қабылдау бөліміне келсеңіз.
Atirgul Alibay   09-10-2021 17-54-10   Педагог
Вопрос:

Қалай сіздерден алғыс хат алуға болады
Ответ:

Қайырлы күн Әтіргүл Алыбай! Гимназия ұстазы болсаңыз, мектепте қоғамдық істерге белсене қатыссаңыз, шәкірт тәрбиелеуде айтулы жетістіктерге қол жеткізсеңіз алғыс хатпен марапатталасыз. Оның өзі педагогикалық кеңесте әкімшіліктің қарауымен.
Багила Куатовна   04-10-2021 10-33-10   От родителей
Вопрос:

Кайырлы тан, Сания Оскенбайкызы сурагым казирги танда кала мектептеринде бастауыш сыныптарына тегин тамак берилуде,неге биздин мекткпте карастырылмаган.Ракмет.
Ответ:

Қайырлы күн, Бағила Қуатқызы!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылы 24 сәуірде №158 бұйрығы негізінде гимназияда аз қамтылған отбасы оқушыларына тегін, бір реттік ыстық тамақ 2021 жылдың 2-ші қыркүйегінен бастап ұйымдастырылған. Қазіргі таңда гимназияда 140 (жүз қырық) аз қамтылған отбасы оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Оның 70-і бастауыш сынып оқушылары. Осы сұрағыңыз бойынша мектептің әлеуметтік педагогына келіп, жолықсаңыз болады.
Рахатов Д.Т.   04-10-2021 14-51-02   Другое
Вопрос:

Подскажите пожалуйста электронную почту вашей школы
Ответ:

Сәлеметсіз бе Рахатов Д.Т.! Гимназияның электронды почтасы school140mail.ru
Жаныл   20-08-2021 15-12-53   Другое
Вопрос:

Салематсызба,казыр тамыздын сонында 9 класска окушы кабылдай аласыздарма? оган отуге экзамен немесе тд баска заттар керек пе? срочно кала ауыстырып жатырмыз
Ответ:

Сәлеметсіз бе Жаныл! Сіздің мекенжайыңыз М.Мақатаев атындағы №140 гимназия орналасқан мөлтекауданға қарасты ма? Сіз өзіңіз орналасқан мөлтекаудан бойынша білім беру мекемесіне жүгіне аласыз.
Тоқтарбекова Аружан   18-07-2021 19-23-59   Педагог
Вопрос:

10 сыныпқа көшіп едім гимназияға ауысуға болама қалай документ тапсыру керек және қашан
Ответ:

Сәлеметсіз бе Аружан? Егер де, Сіздің мекенжайыңыз М.Мақатаев атындағы №140 гимназия орналасқан мөлтекауданға қарасты болса - ҚР Білім және ғылым министрінің 03.06.2021 № 275 бұйрығы 12-тармағына сәйкес, білім алушыларды гимназиялардың, лицейлердің оныншы, он бірінші сыныптарына қабылдау гимназияның, лицейдің жарғысына сәйкес аталған білім беру ұйымдары түрлерінің білім алушының жеке өтінішінің не олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші және негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты негізінде жүзеге асырылады. 22.07.2021 күні сағат 14:00-де гимназияға негізгі орта мектепті бітіргеніңізді растайтын аттестатыңызды өзіңізбен бірге және таңдаған мамандығыңызға сәйкес пәндер комбинациясын анықтап, ата-анаңызбен келіңіз.
Шынар   29-06-2021 13-52-01   Ученик-ученица
Вопрос:

Салеметсизбе. Орыс тилинде сыныптар бар ма?
Ответ:

Сәлеметсіз бе Шынар! Кешіріңіз, М.Мақатаев атындағы №140 гимназия КММ тек қана қазақ тілді гимназия
Досмуханбетова Гулжан Амрайловна   29-06-2021 16-41-00   От родителей
Вопрос:

Мен қызымды осы лицейге оқытсам деп едім калай орналастырсам болады. Қандай талаптар бар қабылдануға. 5-классқа.
Ответ:

Сәлеметсіз бе Гулжан Амрайловна! Біз лицей емеспіз. Біздің білім мекемеміздің толық аты М.Мақатаев атындағы №140 гимназия КММ. Тұрғылықты мекен-жайыңызға байланысты бізге тиесілі мөлтекауданға қарасты болсаңыз гимназияға келіп, қажетті ақпарат алуыңызға болады.
Saltanat   31-05-2021 18-53-10   Ученик-ученица
Вопрос:

Сәлеметсіздерме, бірінші сыныпка ұлымды қабылдауға құжаттарды егов порталынан тапсырғым келіп еді, бірақ порталдан мектепті тізімнен таба алмадым. Құжаттарды мектепке апарып тапсыру керек пе?
Ответ:

Сәлеметсіз бе құрметті ата-ана! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 қазанда № 17553 ретпен тіркелген бұйрығының 2-бөлімі 9-1, 9-3 тармақшаларына сәйкес портал арқылы өтініш беріледі. Сіздің ұсынған сұрағыңыз бойынша гимназия атаулы мемлекеттік мекемелерге портал әлі ашылмады. Алдағы күндері ашылады, бірақ күні нақты емес.
Ата-ана   29-05-2021 11-54-27   От родителей
Вопрос:

Сәлеметсіз бе! Менің балам желтоқсан айында 6-ға толады, қабылдайсыздар ма 1-сыныпқа?
Ответ:

Құрметті ата-ана! Сәлеметсіз бе? Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 қазанда № 17553 ретпен тіркелген осы бұйрықтың 2-бөлімінің 9-тармағында бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді делінген. Тұрғылықты мекен-жайына байланысты өзіне тиесілі мөлтекауданға қарай орналасқан мектептің 1-сыныбына сұраныс бере алады. 1-сыныпқа баланы мектепке беру құқығы ата-ана құзырында қалады.
Анонимно   17-06-2020 14-01-29   От родителей
Вопрос:

Здраствуйте. Нужно ли здавать экзамены для поступления в 10 класс)
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Сіз http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017553 осы сілтеме арқылы бұйрықпен таныса аласыз.
Тманбаева Бакыткуль Абзаловна   12-06-2020 14-13-29   Другое
Вопрос:

Сәлеметсіздер ме сіздердің сайттан жетістіктерді қалай алуға болады
Ответ:

Сәлеметсіз бе Бакытгуль Абзаловна! Гимназияға фото, видео сақтау құрылғысымен келіп, алуыңызға болады.
Олжас Сүлейменов   14-01-2020 20-43-47   От родителей
Вопрос:

Какие плюсы вашей школы?И почему именно в эту школу мы могли бы пустить своих детей?
Ответ:

Добрый день! Наша школа, гимназия №140 им. М. Макатаева конкурентноспособна на рынке образовательных услуг. Школьники добиваются успехов на республиканском и международном уровнях. Система обучения и воспитания мотивирует каждого школьника совершенствовать знания на протяжении всей жизни, осваивать новые технологии, уметь брать на себя ответственность перед обществом. Особое внимание уделяется воспитанию личности. Вся работа гимназии строится на основе концепции "Золотой треугольник: учитель , ученик, родитель". В школе создана уникальная атмосфера, мотивирующая на успешность и результативность в разных областях, здесь престижно хорошо учиться. Мы с неподдельным интересом наблюдаем за тем, как складываются судьбы наших выпускников. На примере достижений учащихся, окончивших нашу гимназию, мы учим детей смело мечтать, преодолевать жизненные трудности.
Нурсултан Ажар Нурсултановна   08-05-2019 10-42-34   От родителей
Вопрос:

Добрый день!
Скажите пожалуйста, как можно сдать документы в Вашу школу в 1 класс, школа принимает детей только по участку, либо возможно если мы попробуем сдать заявку, живем на Толе би Баумана.
Заранее спасибо!
Ответ:

Добрый день! Средние учебные заведения г. Алматы: школы, гимназии, лицеи,-обеспечивают прием в первый класс всех детей, проживающих на их территории, достигших к 1 сентября очередного учебного года шести лет, независимо от уровня подготовки. Прием заявлений от родителей или других законных представителей детей (опекун, патронатный воспитатель), поступающих в первый класс организаций начального образования, производится с 1 июня по 30 августа текущего года. Зачисление в общеобразовательные учреждение осуществляется через портал bilimalmaty.kz. Согласно п. 9 г. 2 Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 декабря 2018 года №564 "Организация образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального образования, обеспечивает прием в первый класс детей шести лет и детей, которым в текущем календарном году исполняется шесть лет, с обеспечением доступа всех детей, проживающих на территории обслуживания организации образования, независимо от уровня подготовки".
Фамилия имя отчество:


Тематика вопроса:


Вопрос:


Введите код с картинки:


Тілеубай Сәния Өскенбайқызы
КГУ Школы-гимназии №140 им.М.Макатаева Управления образования г.Алматы

Биография
Количество новых вопросов - 2
Всего вопросов - 35
Ответы на вопросы - 33
Личный кабинет