Тлеубаев Тайшибек 
15-05-2025 15-13-43

Ата аналардан
Сұрақ:
Ассалаумағалайкум Талғат Талдыбай ұлы! 11 сынып бытырушылерден ақша жинау басталды, бұл қашан бітеді, мұғалім өз жұмысын атқарып отыр ғой, оған неге ақшалай болмаса алтындай сыйлық берілу керек. Онсыз да ата аналар косымша сабакка катыстырып балалардын ЕНТдан дурыс отсе екен деп шапкылап жургенде. Осы жағын мұғалімдерге қатаң түрде ескертіп, қадағаласаңыз дұрыс болар еді. Ата аналар комитеті деген тек осылай ақша жинаумен айналысады, бұл қандай келісім шартта бар? Осы нәрсеге тосқауыл қоймасаңыз мектептің атына және сіздің беделіңізге көлеңкесін түсіріп отыр.
Жауап:
Қайырлы күн! Жанашырлық хабарламаңыз үшін көп рақмет! Аталған мәселенің анық-қанығына көз жеткізіп, бұндай келеңсіз жағдайды болдырмау бағытында жұмыс жүргіземін. Ата-аналар өз тараптарыңыздан ата-аналар комитеттері деген ұйымдастырушыларға ешқандай ақша бермеулеріңізді, сыйлық сыйлауға жол бермеулеріңізді сұраймын. Мүмкіндік болса болса, ақша жиналып жатқан сынып туралы мәліметті нақтыласаңыз.
Абдильдаева Назым Ракымгалиевна 
31-10-2024 17-50-27

Ата аналардан
Сұрақ:
Балам Нұрисламды осы мектепке ауыстырғым келеді.семья жағдайына байланысты
Жауап:
Сәлеметсіз бе? Егов порталынан өтініш жіберіңіз. Бала қозғалысын талқылау үшін мектепке шақырамыз!
Жания 
09-08-2024 19-11-26

Педагог
Сұрақ:
Сәлеметсіз бе !
Көркем еңбек пәні бойынша бос жұмыс орыны бар ма ?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Мектеп бойынша барлық вакансиялар мемлекеттік enbek.kz порталында тамыз айында жарияланатын болады. Бақылап отыруыңызды сұраймыз!
Жұмабаева Мөлдір Қамырбай қызы 
25-07-2024 15-47-02

Педагог
Сұрақ:
Дипломымды жаңа алып, тесттан өттім. Мамандығым бастауыш сынып мұғалімі. Қазіргі уақытта жұмыс қарастырып жүр едім. Сіздерден бос орын барма, жұмысқа тұруға, сол туралы біле алам ба?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Мектеп бойынша барлық вакансиялар мемлекеттік enbek.kz порталында тамыз айында жарияланатын болады. Бақылап отыруыңызды сұраймыз!
Айнұр 
18-11-2023 12-07-41

Басқа
Сұрақ:
Қазір мектепте директор кім?
Жауап:
Қазіргі таңда біздің мектебіміздің жаңа директоры - Казыбаев Талғат Талдыбайұлы.
Мирас 
18-11-2023 12-09-39

Басқа
Сұрақ:
Қай сыныптар түске дейін оқиды
Жауап:
Сәлеметсіз бе? Біздің мектебімізде бірінші ауысымда 1,4,5,8,9,10,11 сыныптар , ал екінші ауысымда 2,3,6,7 сыныптары оқиды
Сапарбекова Жанар Ерлибековна 
30-06-2023 17-44-23

Педагог
Сұрақ:
Сәлеметсіз бе? Математика, физика пәндерінен вакансия бар ма? Еңбек өтілім 10 жыл. Вакансия бар болса, хабарласуларыңызды өтінемін. 8 747 401 12 84. janar_9191_
Резюмемді мектептің электронды почтасына жібердім. Рахмет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Мектеп бойынша барлық вакансиялар мемлекеттік enbek.kz порталында тамыз айында жарияланатын болады. Бақылап отыруыңызды сұраймыз!
Надира Кусаинова 
25-05-2023 14-01-55

Ата аналардан
Сұрақ:
Биыл қыркүйекте нулевой сынып боладыма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Иә, жаңа оқу жылында мектепалды даярлық тобына оқушылар қабылданады.
Самашева Пернекул 
01-03-2023 11-16-46

Ата аналардан
Сұрақ:
Саламатсыз бе Алия Сбанкуловна! Сыз баскарып отырган мектептын 5 сынып мугалымы Атымтаева Жулдыз ата аналардан әрдайым акша жинай береды, бул не сумдык, мектепке бюджеттен акша болынеды емес пе. Шара колданыныз, бундай мугалымдер сыздын мектептын атына кыр келтыруде.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Самашева Пернекул, кері байланыс орнатқаныңызға рақмет. Тиісті шараларды қолданамыз.
Сатимбекова Динара Омирбековна 
28-09-2022 14-50-39

Ата аналардан
Сұрақ:
Сәлеметсіз бе, алдымен сізге және осы мектептің мұғалімдеріне рахмет айтқым келеді. Бірақ балалар мұғалімдермен көбірек театр, парк деген жерлерге барса, соны ұйымдастыруға болады ма?
Жауап:
Құрметті ата-ана сұрағыңызға рақмет! Биыл сынып жетекшілер мен оқушыларды театрға жоспар бойынша жібереміз.
Джунусова Маржан Кошкембаевна ата-ана 
27-09-2022 19-07-09

Педагог
Сұрақ:
Сәлеметсіз бе Әлия ханым
Мен ата-анамын.Сұрағым:
Күнделікті ас мәзірінің кестесін қайдан,қалай көруге болады?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңызға рақмет. Күнделікті ас мәзірінің кестесін alschool.kz сайтынан және күнделік кзтен көруге болады.
Габдулгазезова Еркеназ 
02-06-2022 13-01-21

Оқушы
Сұрақ:
диплом керек еді
Жауап:
Мектепте диплом берілмейді. Жоғарғы оқу орны арқылы беріледі.
Құрманбек Улангуль 
28-05-2022 21-18-47

Педагог
Сұрақ:
Сәлеметсізбе,Сіздерде математика пәні мұғалімі бойынша бос жұмыс орны бар ма?
Жауап:
Қазіргі уақытта бос орын жоқ. Резюме қалдыруыңызға болады.
Дандибаева Бану 
24-01-2022 11-46-30

Ата аналардан
Сұрақ:
Қазіргі жағдайға байланысты жаңалықтармен бөліссеңіз.
Жауап:
ҚР Денсаулық сақтау министірлігінің 2022 жыл 21 қаңтардағы қаулысы бойынша Алматы қаласы мектептерінің оқу форматы:
- 1-4 бастауыш сыныптар штаттық форматта.
- 600 оқушыдан жоғары- мектептердің жобалық қуатының 50% аспайтын жүктемемен штаттық форматта оқытылады.
Бейсенгалиева Маржан 
24-01-2022 11-48-18

Ата аналардан
Сұрақ:
Оқушылар қандай форматта оқиды?.
Жауап:
1-4 сыныптармен мектеп алды даярлық тобы 24 қаңтардан штаттық форматта оқытылуда. Ал 5-11 сыныптардың білім алушыларының оқытылуы онлайн форматта жалғасады.
Құдайберген Нұржанат 
22-12-2021 08-08-30

Ата аналардан
Сұрақ:
Оқушыларды ҰБТ дайындау тарих пәнінен қосымша өткізілеме?
Жауап:
021 оқу жылында 11 сынып оқушыларын қорытынды аттастаттау және ҰБТ ке дайындау демалыс күндері де тарих пәнінен жүргізілген, қосымша сабақтар кестесі жасалып жұмыс жүргізілуде. Қосымша сабақтар жалғасады
Донаева Нугуль 
22-12-2021 08-13-04

Ата аналардан
Сұрақ:
10 сыныптар үшін ҰБТ дайындық алдын ала жүргізілсе,айына 1 рет тест алыну мүмкіндігі бар ма?
Жауап:
10 сынып оқушылары ата-аналарының өтініші бойынша тест алу жұмысы ұйымдастырылады.