Виртуалды қабылдау Алматы қаласының мемлекеттік және жеке меншік меншіктік нысанындағы
білім беретін ұйымдар директорларының

Виртуалды қабылдау

eye 
Негізгі бетДиректор блогы
Алматы қаласы Білім басқармасының "№176 мектеп гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қош келдіңіздер!

Сәлеметсіздер ме құрметті Интернет желісін пайдаланушылар!

Бүгінгі таңда қолжетімді, әрі тиімді «кері байланыс» әдісін жүзеге асыру үшін арнайы ашылған жеке блогыма қош келдіңіздер!
Жеке блогымда сіздер басқарма қызметі туралы әр түрлі пайдалы ақпараттар ала аласыздар. Сонымен қатар, ең бастысы, маған сұрақ қоюларыңызға, орын алып отырған мәселелер туралы ұсыныстарыңызды білдіруге, пікірлеріңізбен бөлісуге мүмкіндік жасалған.
Байланыстың бұл түрі ақпарат алмасудың неғұрлым ашық және жедел жүргізілуіне ықпал етеді.
Қарым-қатынастың бұл түрі өте пайдалы деп есептеймін. Бұл халық пен билік арасындағы байланысты жақындатуға, жақсартуға, оның ашықтығына оң ықпал ететініне, яғни өмірімізді бүгінгі күн талабына лайық сапалы деңгейге көтеретініне сенімім мол.


Добро пожаловать!

Здравствуйте уважаемые посетители сети Интернет!

Приветствую вас на страничке личного блога, специально открытого для создания более доступного и эффективного способа «обратной связи»!
Здесь вы сможете задать мне вопросы, рассказать об имеющихся проблемах, поделиться своим мнением о тех или иных событиях нашей жизни.
Данный вид общения, несомненно, будет способствовать более открытому и оперативному обмену информацией. Предоставит возможность получать ее, как говориться, из «первых рук». Что позволит мне находиться в курсе всех проблем.
Уверен, что подобный вид взаимодействия очень полезен. Это будет способствовать открытости, сближению и улучшению взаимопонимания власти и общества, а значит, сделает нашу жизнь более качественной и достойной.

  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
Сейтқазы Кәусәр   23-08-2025 19-08-38   Оқушы
Сұрақ:

Саламатсыз ба!176 мектеп гимназиясына көшу үшін кірер алдында экзамен тапсыру маңыздыма?
Жауап:

Қайырлы күн! Мектеп-гимназияға кіру үшін қабылдау емтихандары жоқ.
Азимкулова Жулдыз   14-08-2025 13-43-30   Оқушы
Сұрақ:

Салеметсизбе!
Менің ең басты мәселем ауысым сұрағы, менің қызым биыл 3 ә сыныпқа ауысты. 3 сынып 2 ауысымнан оқиды дейді, бізге ыңғайсыз, оны апарып алып кететін адам жоқ, 1 ауысымға ауыстыратын мүмкіндік жоқ па, әлде басқа 3 сынып 1 ауысымнан оқитын болса, сол сцнцпқа ауыстырсам бола ма?
Жауап:

Құрметті ата-ана!
Мектебімізде бала санының көптігіне байланысты оқу кабинеттері бір ауысымда оқытуға жеткіліксіз және бастауыш сыныптарының асханада тамақтану кестесіне сыймайды,сондықтан 3-4-сыныптар екінші ауысымда оқиды.
А Нурай   08-07-2025 17-07-49   Басқа
Сұрақ:

Салеметсизбе, мен сіздің мектебіңізге көшкім келіп тұр,сіз басқа аудандағы оқушыларды аласызба? өтініш
Жауап:

Қайырлы күн! Мектепте оқушы санының артуына байланысты қазіргі таңда мектепке оқушы қабылдау тек мөлтек аудан бойынша жүзеге асырылып жатыр. Яғни, мектепке тек тіркелген мекенжайы осы мектептің қызмет көрсету аумағына кіретін балалар ғана қабылданады. Басқа ауданнан оқушыларды қабылдау мүмкіндігі қазіргі уақытта жоқ.
Сейткалиева Аяулым   08-07-2025 18-28-08   Басқа
Сұрақ:

Салеметсіз бе?!
Менің сұрағым ол неушін басқа аудан оқушыларды алмайды?
Осы мектепте Ауезов аужанының оқушылары бар ғой немесе Ауезов ауданын алады ма?
Жауап:

Мектептің оқушы қабылдау сыйымдылығы – 1200 оқушы. Қазіргі таңда мектептегі оқушы саны 1800, яғни сыйымдылықтан асып тұр.Әр сыныпта орта есеппен 25 оқушыдан білім алуы көзделген, бұл білім сапасын арттыруға оң әсерін тигізеді. Осыған байланысты мектепке басқа ауданнан оқушыларды қабылдау мүмкін емес екенін хабарлаймыз.
Фатима Құралбекқызы   30-04-2025 13-43-49   Басқа
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе, поштаға хат жітерген едік. Сіздермен қалай хабарлассақ болады екен.

Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№176 мектеп-гимназия» КММ
директоры
Н.Е. Дүйсенбековаға
Құрметті Нұржамал Есіркепқызы !
Мемлекет басшысы Қ.-Ж. Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтары жылы болып жариялануына орай, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы 2025 жылғы 14 мамыр, сағат 15:00-де теміржол саласының мамандары мен ардагерлерінің қатысуымен «Теміржол тарландары» атты кездесу өтетінін хабарлайды. Іс-шараның мақсаты – еңбек адамын дәріптеу, жұмысшы мамандықтары туралы білімді, нағыз маман болу идеясын насихаттау, жастарды осы салаға тарту.
Ұлттық кітапхана қорынан «Теміржол тарландары» атты кітап көрмесімен қатар, династиялы теміржол мамандарының жеке мұрағатынан фотокөрме ұйымдастырылады.
Осы маңызды шараға Сізді және Сіз басқарып отырған оқу орнының ұстаздары мен оқушыларын қатысуға шақырамыз.
Директор Ғ.Қ. Нұрғалиева
Жауап:

Қайырлы күн! 14.05.2025 ж. сағат 15:00-де болатын іс-шараға мектептен жауапты маман Бақтыбай Жания (87477501876) және 8-сынып оқушылары барып қатысады.
Сыдықова Қарақат Бақтұрсынқызы   17-03-2025 22-07-44   Педагог
Сұрақ:

«Мен жас маман ретінде қалыптасуымда қандай проблемаларға кезіктім және оны қалай шештім» семинар презентация сын қайдан алуға болады?
Жауап:

Аталған тақырып бойынша семинар біздің мектепте өтпеді.Бұл тақырып бойынша сұрағыңызға жауапты ғылыми-әддістемелік орталықтардан алсаңыз болады.
Алпысбай Дамир   20-12-2024 16-46-45   Оқушы
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе, құрметті Нұржамал Есіркепқызы мен 10 "Ә„ сынып оқушысы Алпысбай Дамир бір өтінішім бойынша жазып жатырмын. Мені 10 ”А„ сыныбына ауыстыруынызды сұраймын. Себебі менің жақын адамдарым осы сыныпта білім алады. Өтіне сұраймын, бөлген уақытыңыз үшін рахмет.
Жауап:

Қайырлы күн! Сіз кәмелеттік жасқа толмағандықтан ата-анаңыз келіп өтініш жазуы керек.
Бердібай Айымжан   08-12-2024 19-08-31   Басқа
Сұрақ:

Мен Бердібай Айымжан 176 мектеп-гимназияның 2023 жыл түлегімін.Қазір Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультеті 2-курс студентімін.Қыстық қорытынды емтиханға байланысты “Webдизайн және ақпараттық графика” сабағынан бітіріп кеткен мектептен статистикалық талдамалы сауалнама жасауым қажет.Рұқсаи болса мектеп директорынан 176 -мектеп жайлы қысқа интервью алсам.Статистикалық ақпаратқа қол жеткізсем деп едім.Алдын ала алғыс білдіремін.
Жауап:

Қайырлы күн! Интервью бойынша 10.12.2024 ж. сағат 15.00 де келсеңіз болады.
Айткулова Альбина   26-09-2024 21-56-53   Ата аналардан
Сұрақ:

Салеметсиз бе?
Сурак: Колледжан 10 сыныпка бала кабылдайсыз ба?
Калкаман 2 де турамыз, лапина кошесынде.
Балам сыздерде окып кеткен, 1-8 класс арасында, бурынгы Д Сыныбында. Калай коше аламыз?
Жауап:

Қайырлы күн! Наурызбай аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия шешімі арқылы ғана қабылданады.
Оразова Нуржамал   23-09-2024 18-37-14   Ата аналардан
Сұрақ:

Сәлеметсіз Апай!
Менің Балам Юсупов Берік сіздердің мектептеріңізде бір жыл оқыды. Біз отбасылық жағдайға байланысты Шымкент қаласына көшіп кеттік. Баламның документтерін алып кетүге туысқан інімді жіберсем секретарларыңыз берми отыр. Нн себептен бермиді. Мен жағдайымды айтып отырмын. Өзім күнімді зорға көріп отырғанымда Алматыға барып қайту маған өте қиын. Балам тоғызлы бітіріп Болашақ колежжге оқуға түсті, енді қалған документтерді алуға барса берми отыр.
Жауап:

Оқушының құжаты заңды өкілінің қолына беріледі.Егер заңды тұлға белгілі бір себеппен келе алмаса,сенімхат арқылы сенімді өкіліне табыстаса болады.Өз сенімді өкіліңізді сенімхат жазып жіберсеңіз,балаңыздың құжатын береміз.
Омарова Айнагул Батыргаликызы   20-11-2023 17-19-24   Ата аналардан
Сұрақ:

Сәлеметсіздерма!
Улымды сіздердің мектепке ауыстыруга болама№
Жауап:

Cәлеметсізбе!
Баланың келіп-кету қозғалысы тек оқушылар демалысқа шыққан уақытта, тоқсан аяқталған кезе орындалады.Сабақ басталған уақытта бала қабылдай алмаймыз.

Ахмет Жадыра Жасуланқызы   04-11-2023 18-14-18   Ата аналардан
Сұрақ:

Сәлеметсізбе, мен ЖК Премьерада тұрамын, қызым 176шы мектепке ауысам деп жатыр, емізетін қызым бар еді, есімнен шығып кетіпті, болса понидельник күнінен бастап ауыстырады болама сіздің мектепке, өтініш, қызым жылап отыр, ауысам деп
Жауап:

Мектепке оқушы тек каникул кезінде қабылданады,егер оқушы басқа қаладан,облыстан көшіп келмесе.Аудан ішінде мектептен мектепке көшу үшін тоқсаның бітуін күту қажет.
Зачисление в школу   07-09-2023 13-17-47   Ата аналардан
Сұрақ:

Добрый день.
Меня зовут Назерке и у меня вопрос к Вам.
В связи с переездом в Наурызбайский район, хотела спросить могу ли отдать своего сына, который учиться на 2 классе, в вашу школу?

Если да, то какие документы и что от меня требуется?

Заранее благодарю за ответ!
Жауап:

Добрый день! В связи с техническими обстоятельствами мы не смогли ответить вовремя,приносим свои извинения.У вас должна быть городская прописка по месту жительству г.Алматы.Вы должны подать заявку нам через Егов. Потом должны подойти, чтобы получить талон прибытия.
Абдишова Махбал Калдыбайкызы   23-08-2023 09-26-00   Ата аналардан
Сұрақ:

Салеметсиз бе? Менин иним 7 ши сыныпка откен. Сиздерге берсем калай болады? Не документ кажет? Доверенностьпен кабылдайсыздар ма? 87026999667
Жауап:

Сәлеметсіз бе.Техникалық ахауларға байланысты кеш жауап беріп отырмын.Егов арқылы өтінім беруіңіз қажет,тұрғылықты мекен жайыңыз Алматы қаласында болуы керек.Доверенностпен қабылдамаймыз.Заңды өкіл болуы шарт.Мүмкіндік болса мектепке келгеніңіз дұрыс.
Эльмира   09-08-2023 20-24-23   Педагог
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе! Бастауыш қазақ сынып мұғаліміне вакансия бар ма екен? 87789961376
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Кеш жауап беріп отырмын, техникалық ахауларға байланысты. Қазірге таңда вакансия жоқ.
Айтмұрат Амир   14-07-2023 14-31-50   Оқушы
Сұрақ:

Жоқ
Жауап:

жоқ
Сапарбекова Жанар Ерлибековна   30-06-2023 16-38-21   Педагог
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе? Математика, физика пәндерінен вакансия бар ма? Еңбек өтілім 10 жыл. Вакансия бар болса, хабарласуларыңызды сұраймын. 8 747 401 12 84. janar_9191_
Резюмемді мектептің электронды почтасына жібердім. Рахмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Кеш жауап беріп отырмын, техникалық ахауларға байланысты. Қазіргі таңда вакансия жоқ.
Мусирали Айзада   23-11-2022 17-34-47   Ата аналардан
Сұрақ:

Здравствуйте, прошу ответить на вопрос почему Директор (Аденова Гулбагда Есейхановна) позволяет себе проводить агитацию среди учеников и забирать в другую школу куда она сама же и уходит (уходит в 203 школу). Я также написала в Е-отиниш в Администрацию Президента. Пусть проверят всех учеников и их заявления. Очень не компетентно.
Жауап:

Уважаемая Мусирали Айзада! Заявляем, что в связи с открытием новых школ в Наурызбайском районе, учащиеся перевелись по собственной инициативе, на основании заявлений родителей, без чьей- либо провокации. Спасибо вам за ваш вопрос!
Айман Магжановна   20-10-2022 13-09-35   Педагог
Сұрақ:

Бастауыш сыныпқа вакансия барма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе? Вакансия болған жағдайда еңбек.кз порталына және мектептің сайтына хабарландыру берілетін ескерте отырып, қазіргі уақытта бос орын жоқ екенін мәлімдеймін.
Анар Болатовна   29-09-2022 16-55-44   Педагог
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе
Сіздерде дене шынықтыру мұғаліміне жұмыс бар ма? Барып жолықсам болама?
Жауап:

Сәлеметсіз бе?
Анар Болатовна, қазіргі кезде денешынықтыру пәнінен бос орынның жоқ екенін мәлімдей отырып, бос орынның бар жоғын еңбек.кз порталынан білуге болатынын ескертемін.
Мөлдір   12-09-2022 12-40-43   Басқа
Сұрақ:

Сәлеметсіздер ме!

Мектептің телефон номерін жазып жіберсеңіздер.
398-69-84 жауап бермейді.

Жауап:

Сәлеметсіз бе, мектептің телефон номерлері:
381-86-67
381-86-68
Киялбаева Карлыгаш Сагатбековна   03-09-2022 22-39-23   Ата аналардан
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе! Мен қызымды 1тоқсаннан кейін 3-сыныпқа алып келсем. Үлгерімі жақсы. Тәртібі де жақсы.Қазіргі таңда ауылда қайын сіңілімнің үйінде оқып жатыр. Өзім қалаға 30-тамызда келіп мемлекеттік емес мектепке жұмысқа тұрдым. Қалқаман да қайын ағамыздың үйінде тұрып жатырмыз. Бұл үйдің балалары сіз басқарып отырған мектепте оқиды. Мақтап отыр. Жұмыс күндері 6-дан кейін барып жолықсам
Жауап:

Сәлеметсіз бе? Келіп жолықсаңыз болады. Өтінішіңіз міндетті түрде қаралады.
Құрманбек Улангуль   27-05-2022 14-14-09   Педагог
Сұрақ:

Сәлеметсізбе, Мен математика пәні мұғалімі Құрманбек Улангуль, Еңбек өтілім-9 жыл. Сіздерде математика пәні мұғалімі бойынша бос жұмыс орны бар болса, сіздермен жұмыс жасағым келеді. тел:8 747 853 74 82
Жауап:

Сәлеметсіз бе? Құрманбек Улангуль қазіргі уақытта мектепте математика пәнінен бос орын жоқ екенін хабарлаймыз. Бос орын болған жағдайда enbek.kz порталына хабарлама жібереміз. Сау болыңыз!
Ата ана   25-04-2022 19-50-14   Педагог
Сұрақ:

Дулатбекова Балым
Оқушыларға өте дөрекі сөйлейді,урады, 176мектеп гимназияның мұғалімі
Оқушыларға әділеттіліктікті танытпайды
Жауап:

Сәлеметсіз бе? Құрметті ата-ана! Дулатбекова Балыммен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ауызша ескерту жасалынғанын мәлімдейміз. Аты жөніңіз белгісіз болғандықтан хабарласа алмай отырмыз. Мектепке келіп жолығуыңызды сұраймын.
Тлеуова Ақтолқын   11-09-2021 12-32-35   Педагог
Сұрақ:

Сәлеметсіз бе, мен биология және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі(Биология ағылшын тілінде). Гуманитарлық ғылымдар магистрімін. Екінші жоғары білімім шет тілі екі шетел тілі. Маған сіздерден жұмыс табылады ма? Зертханашы болса да. Байланыс телефоны: 87057218580.
Жауап:

Құрметті Ақтолқын Тлеуова!
Қазіргі уақытта ешқандай бос орынның жоқ екенін мәлімдей отырып, enbek.kz сайтына тіркелген болсаңыз, мектептің электронды почтасына түйіндемеңізді жіберіп қоюыңызға болатынын хабарлаймыз.Егер бос орын болып қалған жағдайда міндетті түрде хабарласамыз.Сау болыңыз!
Аубекерова Ұлғаным   15-04-2021 21-50-41   Ата аналардан
Сұрақ:

кезекші сыныптарда мұғалім офлайн да, онлайн да сабақты қатар жүргізуге құқығы бар ма? 1- сыныпта осындай келеңсіздік бар. У вас должно быть ступенчатое расписание уроков. Мұғалім мен үлгермеймін, сондықтан кезекші сыныпқа келген балаларды отырғызып қойып, зуммен немесе ватсап желісімен бір уақытта сабақ жүргізеді, Кенжегүл апай үлгермей жатса, кезекші сыныпқа басқа мұғалімді қарастыруға болатын шығар.
Жауап:

Құрметті, Аубекерова Ұлғаным!
12 сәуірден бастап Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің онкүндігі өтіліп жатқандықтан, кезекші сыныпқа жауапты мұғалімнің өтінішіне байланысты уақытша сынып жетекшісіне офлайн және онлайн сабақты өткізу тапсырылған болатын.
19.04.2021 жылдан бастап кезекші сынып бұрынғыша жұмысын жалғастыратынын мәлімдеймін. Кезекші сыныпқа бастауыш сынып мұғалімі Фазылова Айгүл сабақ беретін болады.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіремін!
Аты жөніңіз:


Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ:


Суреттегі кодты жазыңыз:


Дуйсенбекова Нуржамал Есиркеповна
Алматы қаласы Білім басқармасының "№176 мектеп гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Биография
Жаңа сұрақтар саны - 0
Барлық сұрақтар саны - 26
Жауаптар саны - 26
Жеке кабинет