Алия 
04-11-2025 17-26-24

Другое
Вопрос:
Байланыс телефоны керек еді , біраз уақыттан бері телефон көтермейді
Ответ:
Мектептің сносқа кетуіне байланысты жеке нөмірімізге хабарлассаңыз болады.
87019490041 Айгерім хатшы
87071177714 Дамира директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Ахатаева Улбосын Абаевна 
25-03-2025 12-53-28

Другое
Вопрос:
Сәлеметсізбе, мен С.Ж.Асфендияров атындағы ботаника фармакогнозия кафедрасының лекторы Улбосын Абаевнамын. Сіздердің мектеп-гимнацияларыңызда профорентационды жұмыс жүргізуге рұқсат сұрайын деген едім. Сол мақсатта акт залында белгіленген күні 11-сынып оқушыларымен қамту керек болады. Болашақ фармацевттер мен фармацевтикалық өндіріс технологтарына арналған шағын мәліметтер ұсынылады. Сіз маған қай күні және уақытын жіберуіңізді өтінемін.
Ответ:
Сәлеметсіз бе, Ұлбосын Абаевна! Бізде әрбір дүйсенбі күні сағат 8:00-8:45 сағат аралығында сынып сағаты болады,осы уақытта жұмыс жүргізуге рұқсат беріледі.
Абдурасилова Муниса 
09-01-2025 21-16-35

Ученик-ученица
Вопрос:
Сәлеметсіз бе! Мен Абдурасилова Муниса, №116 мектептің 10-сынып оқушысымын. Қазіргі уақытта орыс мектебінде оқимын. Мен №13 мектеп-гимназиясына ауысқым келеді, өйткені алдыма осындай мақсат қойғанмын. Бұған дейін екі рет қабылданбағанымды түсінемін, дегенмен мен қазақ мектебінде оқуды өте қатты қалаймын. Егер мені қабылдасаңыз, бар күшімді салып, жақсы оқуға тырысамын. Бұл мен үшін өте маңызды. Жақын жерде басқа қазақ мектептер жоқ. Қазақ тілінде білім алғым келеді, әрі кеш деп ойламаймын. Алайда, сіз қандай шешім қабылдасаңыз да, мен сіздің пікіріңізді құрметтеймін!
Ответ:
Сәлеметсіз бе,Абдурасилова Муниса! Сіз кәмелеттік жасқа толмағандықтан ата-анаңыз мектеп-гимназия әкімшілігіне келіп жолығуы қажет.
Балмаганбетова Арайлым 
14-06-2024 10-31-13

От родителей
Вопрос:
Құрметті, Есеналиева Мөлдір Қамқабаевна! Қызым Ермек Асылым 2023/2024 жылдар аралығында 0 “ә” сыныбындағы Жамбыл Назерке Адеханқызы жетекшілігінде білім алды. Психологиялық тұрғыда, қолға қалам алып, әріп танытып қана қоймай, оқуға ынтасын тигізген, жазу жазып, есепке деген құмарлығын ашқан Назерке Адеханқызын келесі оқу жылы, яғни біздің сыныпты әрі қарай бастауыш сыныбына қалдырғанын сұраймын. Мұғаліміздің оқыту методикасы, оқушылармен қарым-қатынасты дұрыс келтіру әдісімен жұмыс істеуін бақылап, мен ата-ана ретінде толықтай қанағаттанамын. Қызыма бейтаныс адамға уйрену қиын. Бірақ, апайына тез уйреніп қалды. Бұған мен де қуанып қалдым.
Мөлдір Қамқабаевна, біз Әуезов ауданының қарамағына жатпасақ та, алыстау болса да, осы мектепте өз ісінің білікті маманы Назерке Адеханқызының жоғары деңгейіне сүйсіне отырып, біздің 0 “ә” сынып оқушыларын жалғастыруға қалдырсаңыз!
Ответ:
Сәлеметсіз бе, Балмаганбетова Арайлым ! Бізде ашылатын 1-сынып санаулы, сол себепті 4-сыныпты аяқтатақан ұстаздар 1-сыныптың жетекшісі болады. Ол ұстаздарымыз да білікті,тәжірибелі, өз ісінің маманы. Сондықтан бізге келген әр оқушыға мұғалімдер сапалы білім беретініне сенімдімін.Сіздердің балаларыңыз Жамбыл Назеркеге қалай тез үйренсе, ол мұғалімдерге де үйренері анық..Сол себепті уайымдамай келулеріңізге болады.
Раймбекова Индира Ханбековна 
07-06-2024 15-47-38

От родителей
Вопрос:
Сәлеметсіз бе Есеналиева Молдир Камкабаевна!Сызге быз ата аналардын атынан отыныш жазып отырмыз.Быз Жамбыл Назерке Адеханқызын бастауыш сыныбын алып 0"ә"сыныбын ары карай жалғастыратын калаймыз.Бул мугалім өте білікті маман деп есептейміз.Ар баламыздын тілін тауып психологиясын түсініп ар балага жеке жеке мән беріп, әріптерді сандарды уйретті.Быз Назерке Адеханқызының сыныпты әрі карай жалғастырганын өте қатты қалаймыз.
Ответ:
Сәлеметсіз бе, Райымбекова Индира Ханбековна! 1-сынып алатын білікті,тәжірибелі, әр баланың жанынын түсінетін ұстаздарымыз бар.Сондықтан бізге келген әр оқушыға мұғалімдер сапалы білім беретініне сенімдімін. Жамбыл Назерке Адеханқызы мектепке дейінгі даярлық сыныбына сабақ беретін мұғалім.
Раймбекова Индира Ханбековна 
07-06-2024 15-48-08

От родителей
Вопрос:
Сәлеметсіз бе Есеналиева Молдир Камкабаевна!Сызге быз ата аналардын атынан отыныш жазып отырмыз.Быз Жамбыл Назерке Адеханқызын бастауыш сыныбын алып 0"ә"сыныбын ары карай жалғастыратын калаймыз.Бул мугалім өте білікті маман деп есептейміз.Ар баламыздын тілін тауып психологиясын түсініп ар балага жеке жеке мән беріп, әріптерді сандарды уйретті.Быз Назерке Адеханқызының сыныпты әрі карай жалғастырганын өте қатты қалаймыз.
Ответ:
Сәлеметсіз бе, Райымбекова Индира Ханбековна! 1-сынып алатын білікті,тәжірибелі, әр баланың жанынын түсінетін ұстаздарымыз бар.Сондықтан бізге келген әр оқушыға мұғалімдер сапалы білім беретініне сенімдімін. Жамбыл Назерке Адеханқызы мектепке дейінгі даярлық сыныбына сабақ беретін мұғалім.
Арайлым 
07-06-2024 22-07-26

Педагог
Вопрос:
Сәлеметсіз бе Есеналиева Молдир Камкабаевна!0ә сынып жетекшісі Жамбыл Назерке Адеханқызын бастауыш сыныбын алып, ары карай сабақ беруін калаймыз. Назерке апай өте білікті маман, балалардың тілін тауып, сабаққа қызығушылығын көбейтті. Назерке Адеханқызының сыныпты әрі карай жалғастырғанын өте қатты қалаймыз.
Ответ:
Сәлеметсіз бе, Арайлым! 1-сынып алатын білікті,тәжірибелі, әр баланың жанынын түсінетін ұстаздарымыз бар.Сондықтан бізге келген әр оқушыға мұғалімдер сапалы білім беретініне сенімдімін. Жамбыл Назерке Адеханқызы мектепке дейінгі даярлық сыныбына сабақ беретін мұғалім.
Арайлым 
07-06-2024 22-09-16

Педагог
Вопрос:
Сәлеметсіз бе Есеналиева Молдир Камкабаевна!0ә сынып жетекшісі Жамбыл Назерке Адеханқызын бастауыш сыныбын алып, ары карай сабақ беруін калаймыз. Назерке апай өте білікті маман, балалардың тілін тауып, сабаққа қызығушылығын көбейтті. Назерке Адеханқызының сыныпты әрі карай жалғастырғанын өте қатты қалаймыз.
Ответ:
Сәлеметсіз бе, Арайлым! 1-сынып алатын білікті,тәжірибелі, әр баланың жанынын түсінетін ұстаздарымыз бар.Сондықтан бізге келген әр оқушыға мұғалімдер сапалы білім беретініне сенімдімін. Жамбыл Назерке Адеханқызы мектепке дейінгі даярлық сыныбына сабақ беретін мұғалім.
Айгерим 
28-05-2024 19-49-55

От родителей
Вопрос:
Сәлеметсіз
Сайтта көрсетілген номеріңізге хабарласып едім жауап бермедіңіз.
Мен 4 сынып оқушысының ата-анасымын. Қазіргі таңда, маған жеке номеріме телефон шалып, жекеменшік курс жүргізушілері өз курстарын жарнамалау мақсатында хабарласып мазамды алып жүр.
Бұл жеке курс өткізушілеріне ата-аналардың жеке мәліметі мен балалар туралы ақпаратты мектеп басшылығының бұйрығымен сынып жетекшілері беріп отыр.
Бұл қаншалықты орынды? Ата-аналар мен оқушылар туралы мәліметті сонда мектеп арқылы кез-келген адам ала алады ма?
Мұны мектеп басшылығы қандай мақсатта ұйымдастырып отыр?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Сайтта көрсетілген мектеп номерлері жұмыс жасайды.Біз бөгде адамдарға (жарнама таратушыларға) ешқандай мәлімет бермейміз.Қазіргі таңда елде жүріп жатқан әртүрлі алаяқтар мектеп әкімшілігінің атын жамылып сізге хабарласқан болар.Сондықтан дәлелденген нақты хабарлама болмаса жауап бермеңіз. Келеңсіз жағдайлар үшін кешірім сұраймыз.
АСҚАРБЕК МАҚСАТ АРДАҚҰЛЫ 
24-05-2024 17-33-30

Педагог
Вопрос:
Вам необходимо погасить свою задолженность в полном объёме, в противном случае дело передается в в Департамент ГосДоходов Министерства Финансов РК, "Факт мошенничества", а также уведомляем Вас о выезде инспекционной комиссии по адресу Вашего проживания и прописки для составления акта неоплаты долга.
Просим не покидать Ваш населенный пункт.
Ответ:
Вами сказанный педагог Асқарбек Мақсат Ардақұлы у нас не работает
Бакенбаева Айгерім Мырзабеккызы 
21-02-2024 11-57-42

Педагог
Вопрос:
Катысу
Ответ:
Сәлеметсіз бе, сұрағыңызды толық жазсаңыз
Сарсенова Зарина 
21-07-2023 20-36-45

Педагог
Вопрос:
Сәлеметсіз бе! 2022 жылы География мамандығын бітірдім, тәжірибеден осы мектептен өттім. Қазіргі таңда жұмыс іздеудемін, сіздерде География пәнінің мұғаліміне 0,5 ставкаға ваканция бар ма? Егер болса, 87778611992 номері бойынша хабарлассаңыздар болады
Ответ:
Сәлеметсіз! География пәні бойынша ваканция жоқ.
Сапарбекова Жанар Ерлибековна 
30-06-2023 16-24-32

Педагог
Вопрос:
Сәлеметсіз бе? Математика, физика пәндерінен вакансия бар ма? Еңбек өтілім 10 жыл. Вакансия бар болса, хабарласуларыңызды сұраймын. 8 747 401 12 84. janar_9191_
Резюмемді мектептің электронды почтасына жібердім. Рахмет!
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Аталған пәндер бойынша орын жоқ.
Рашида Мухтаровна 
22-02-2023 15-53-01

От родителей
Вопрос:
Добрый день, Молдир Камкабаевна! Хотела узнать будет ли сделан в нашей школе капитальный ремонт?
Ответ:
Cәлеметсіз бе,Рашида Мухтаровна! Мектептің күрделі жөндеу жұмысы 2024 жылға жоспарлануда.
Әбілда Айгүл 
13-08-2022 19-03-22

Педагог
Вопрос:
Саламатсыз ба
2022 жылы шілде айында университет бітірдім, мамандығым ағылшын тілі. Мұғалімдік 1 жыл курстарда сабақ бердім және халықаралық емтихандар (IELTS, DET) қорытындылары бойынша 11 сыныпқа дейін сабақ жүргізе аламын. Қазіргі уақытта мамандығым бойынша жұмыс іздеудемін, оқу орнына ағылшын маманы қажет болса, 8 707 446 2089 бойынша хабарлассаңыздар болады.
Оқыту тілі; Қазақ, орыс, ағылшын
Здравствуйте
Я закончила университет в июле 2022 года, моя специальность английский язык. Вела курсы 1 год как преподаватель и по результатам международных экзаменов (IELTS, DET) могу преподавать до 11 класса. В настоящее время я ищу работу по своей специальности, если учебному заведению нужен специалист по английскому языку, пожалуйста, свяжитесь со мной по телефону 8 707 446 2089.
Язык преподаваний; казахский язык, русский язык, английский язык
Ответ:
Сәлеметсіз бе, enbek.kz порталына жарияланып отырады, сол жерден көріп отырсаңыз болады.
Даутова Зульфия Ербулатовна 
27-05-2022 12-29-24

От родителей
Вопрос:
Сапалы білім,саналы тәрбие беретін ең үздік мектеп.
Ответ:
Сенім артып жоғары баға бергеніңіз үшін үлкен рахмет!
Құрманбек Улангуль 
27-05-2022 21-14-48

Педагог
Вопрос:
Сәлеметсізбе,Мен математика пәні мұғалімі Құрманбек Улангуль, еңбек өтілім-9жыл. Сіздерде қазақ сыныптарына математика пәні мұғалімі бойынша бос жұмыс орны бар ма? Тел: 8 747 853 74 82
Ответ:
Сәлеметсіз бе, enbek.kz порталына жарияланып отырады, сол жерден көріп отырсаңыз болады. Әзірге белгісіз болып жатыр.
Малаева Еркежан 
07-12-2021 15-21-39

Педагог
Вопрос:
Сәлеметсізбе!Мен ағылшын пәні мұғалімі Малаева Еркежан ,2020 жылы Абылай хан атындағы жоғарғы оқу орынды тәмәмдадым,және 1 жыл жұмыс істедім яғни мамандығым бойынша тәжірібием бар,егер сіздер де орын бар болса сіздермен жұмыс жасағым келеді
87056678637
Ответ:
Сәлеметсіз бе, қазіргі таңда бос вакансия жоқ, болып жатса хабарласамыз
EdTech подготовка к ЕНТ 
17-08-2021 12-04-26

Другое
Вопрос:
Добрый день!!!
Хотим провести бесплатное пробное тестирование для выпускников вашей школы.
МЦО "EDTECH" работает в сфере подготовки к ЕНТ с 2004 года
110 - средний балл учеников
80% - выпускников обладатели государственных грантов
20% - выпускников обладатели скидок в ВУЗ
Контактные данные:
87779500511 - Камшат
Жетысу2, 16а 6 этаж
Назарбаева 174б
Ответ:
Қайырлы күн! оқу жылы басталсын, оқушылар мектепке келген соң өздеріңіз келіп түсіндірме жұмыстарын жүргізулеріңізге болады. Алдын ала 303-45-77 нөмірі арқылы хабарласып келетін күнді ескертіңіздер.
Рахимбаева Гулмайра 
01-04-2021 16-58-40

От родителей
Вопрос:
Сәлеметсіз бе, Нуржамал Есиркеповна!
Мен 8 сынып ата-аналары атынан сұрақ қойғым келеді. Біздер ата-аналар балаларымыз IV тоқсанда оффлайн оқиды деп үміттеніп отыр едік. Карантиндік ахуал күщейтіліп, қашықтан оқу өз күшінде қалғанына куә болып отырмыз.Осындай қиын жағдайда балаларымыздың жас ерекшілігін ескерсек, оларда өте ауыр кезең өтуде.Біздің сұрағымыз: Қазіргі таңда балалармен мектеп психологі бетпе-бет жұмыс жасауына мүмкіндік болады ма?
Ответ:
Сәлеметсіздер ме, ата-аналар?! Өздеріңізге белгілі қазіргі жағдайға байланысты біз, яғни, мектеп Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің шешімін негізге ала отырып, сол жерде көрсетілген нұсқау бойынша мектептің психолог маманымен 5 адамнан аспайтын барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, сұхбаттасуға рұқсат береміз. Бала ата-анасымен бірге келу керек екендігін ескергендеріңіз жөн.