Виртуальная приемная Виртуальная приемная
Директоров организации образования
государственной и частной формы собственности города Алматы

eye 
ГлавнаяБлог директора
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гилицей №119 » Управления образования города Алматы
Қош келдіңіздер!

Сәлеметсіздер ме құрметті Интернет желісін пайдаланушылар!

Бүгінгі таңда қолжетімді, әрі тиімді «кері байланыс» әдісін жүзеге асыру үшін арнайы ашылған жеке блогыма қош келдіңіздер!
Жеке блогымда сіздер басқарма қызметі туралы әр түрлі пайдалы ақпараттар ала аласыздар. Сонымен қатар, ең бастысы, маған сұрақ қоюларыңызға, орын алып отырған мәселелер туралы ұсыныстарыңызды білдіруге, пікірлеріңізбен бөлісуге мүмкіндік жасалған.
Байланыстың бұл түрі ақпарат алмасудың неғұрлым ашық және жедел жүргізілуіне ықпал етеді.
Қарым-қатынастың бұл түрі өте пайдалы деп есептеймін. Бұл халық пен билік арасындағы байланысты жақындатуға, жақсартуға, оның ашықтығына оң ықпал ететініне, яғни өмірімізді бүгінгі күн талабына лайық сапалы деңгейге көтеретініне сенімім мол.


Добро пожаловать!

Здравствуйте уважаемые посетители сети Интернет!

Приветствую вас на страничке личного блога, специально открытого для создания более доступного и эффективного способа «обратной связи»!
Здесь вы сможете задать мне вопросы, рассказать об имеющихся проблемах, поделиться своим мнением о тех или иных событиях нашей жизни.
Данный вид общения, несомненно, будет способствовать более открытому и оперативному обмену информацией. Предоставит возможность получать ее, как говориться, из «первых рук». Что позволит мне находиться в курсе всех проблем.
Уверен, что подобный вид взаимодействия очень полезен. Это будет способствовать открытости, сближению и улучшению взаимопонимания власти и общества, а значит, сделает нашу жизнь более качественной и достойной.

  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
Гайыпова Сурай   11-09-2025 21-00-47   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсіз бе. Мен Казгу да мехматды битиргенмин математиканы .соган сиздің мектепде вакансия барма деп сурайын деп едім ренжімесеңіз.
Ответ:

Қайырлы күн! Қазіргі уақытта бос жұмыс орны жоқ.
Мухамадиева Улжан Максатовна   26-08-2025 16-32-07   От родителей
Вопрос:

Сәлеметсізбе құрметті Жаныл Сатаевна. Бірінші сыныпқа келген баламды 1-ші В немесе 1-ші Ә сыныбына ауыстыруыңызды сұраймын. Нөмірі 39 балабақшадан келген балалардың көбісі осы сыныптарға жіберілген. Балам достарынымен бірге оқып жүргенді қалайды, сұрап жүр. Балам Мұңлық Ақгүл Бақтиярқызы
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Сыныптан сыныпқа оқушыны ауыстыру 5.09.2025 - нен кейін жүргізіледі.
Юрий   19-08-2025 10-47-54   Другое
Вопрос:

Добрый день!
У вас над вторым (чёрным) входом, со стороны 86 дома, стоит аварийное дерево, с большой трещиной, под ним дети ходят. Его надо убрать пока никого не придавило.
Юрий.
Ответ:

Добрый день! Было отправлено письмо в Управление экологии и окружающей среды города Алматы по вопросу обрезки сухих деревьев и веток. Разрешение получено 25.08.2025.
Ата-ана   22-01-2025 13-02-59   От родителей
Вопрос:

22.01.2025 ж. №001 шығыс хаты Алматы қаласы


Құрметті, Жаныл Сатаевна!
2025 жылғы 17 қаңтарда сыныптың ата-аналар жиналысы өтті, бұл жиналыста сынып жетекшісіне қатысты көптеген сұрақтар туындады. Біз жағдайды Сізге жеткізіп, оны талқылау үшін кездесу өткізуді сұраймыз.
Жиналыс ойындар мен сауалнамалар түрінде басталып, еркін атмосфера туғызғандай көрінді. Алайда кейін оқушылардың үлгерімін талқылауға көшкенде, сынып жетекшісі әр оқушыны жеке-жеке атап, талқылау жасады. Мирас есімді оқушы туралы сөз қозғалған кезде оның анасы мен сынып жетекшінің арасында ескі реніштерге байланысты жанжал туындады. Ата-аналар бұл жанжалды әзер тоқтата алды.
Одан кейін бір ана өз қызымен болған жағдай үшін мұғалімге алғыс айтып, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін кім балалар чатынан ақпаратты таратқанын сұрады. Сынып жетекшісі бұл ақпаратты Нұрасыл есімді баланың әжесі жібергенін айтты. Бірақ бұл ақпараттың расында Нұрасылдың анасы Алтынай тарапынан таралғаны белгілі болғанда, ата-аналар бұл мәліметтің жасыруын құптамады. Содан кейін мұғалім дауысын көтеріп, бізді балаларымызды дұрыс тәрбиелей алмады деп айыптай бастады.
Балалар чатына қатысты оқиғада бейәдеп сөздерді қолдану мәселесі шешілген болатын: балалар кешірім сұрап, тиісті жаза алған. Алайда чатты кімнің таратқаны туралы сұрақ шешілмей қалды. Біз, ата-аналар, сыныпта сенімділік пен түсіністік атмосферасы болғанын қалаймыз. Бірақ мұғалімнің Нұрасылдың анасы Алтынайды қорғауы мұндай әрекеттердің рұқсат етілгенін көрсетеді.
Сонымен қатар, мұғалім сабырлы және конструктивті талқылаудың орнына:
1. Сыныппен жұмыс істеуден бас тартамын және инспектор шақырамын деп қорқытты.
2. Қарама-қайшы мәлімдемелер жасады: басында сыныпты мақтап, кейін балалардың проблемалы екенін және бізден бұл жағдайды жасырғанын айтты.
3. Ата-аналарға айқайлап, сөзін бөліп, пікір айтуға мүмкіндік бермей, бір ата-ананы мүлде тоқтатып тастады.
4. Жиналысты аяқтап, жарықты сөндіріп, кабинеттен кетіп қалды, талқылауды аяқтауға мүмкіндік бермеді. Біз оны үш рет тоқтатуға тырыстық, бірақ ол қашып кетті.
5. Бір ана өз пікірін айтқан кезде, мұғалім оның қызы Арай «Алтын белгі» алмайды деп қорқытты. Мұндай сөздер біз үшін қолайсыз әрі орынсыз.
6. Ата-аналардың наразылықтары мұғалімге емес, чатты таратқан Нұрасылдың анасы Алтынайға бағытталған кезде, мұғалім бұл оның мәселесі емес екенін айтып, оны шешуден бас тартты.
7. Жағдайды реттеудің орнына мұғалім өзінің жетістіктерін талқылауға көшті, бұл біздің алаңдаушылығымызды күшейтті.
8. Мұғалім басқа мұғалімдердің оқушыларды бағалауы оның ықпалына тәуелді болады деп қорқытып, оқушылардың бағаларын төмендететінін айтты.
9. Мұндай әрекеттер педагогқа деген сенімді бұзып, ата-аналар мен балалар арасында қорқыныш пен шиеленіс туғызады. Мұның оқу процесі мен балалардың моральдық жағдайына теріс әсер ететінінен алаңдаймыз.
10. Мұғалім балаларды көпшілік алдында қорлауға жол береді, бұл педагогқа мүлдем сай келмейді. Мысалы, Ибрахим есімді оқушының анасы Виленаның ұлына «көзілдірікті» деп кемсітуге қарсы айтқан сұрағына мұғалім дөрекілік көрсетті. Бұл баланың денсаулығы үшін кінәлі емес, ал мұндай сөздер оның қадір-қасиетін төмендетеді.
11. Ата-аналардың сұрақтарына жауап берудің орнына, мұғалім дөрекілік көрсетіп, проблемаларды елемейді.
12. Нұрасылдың анасы Алтынай ата-аналар чатының ақпаратын, соның ішінде жеке пікірлерді таратты. Бұл анықталғаннан кейін оны чаттан шығардық. Мұғалімнің жеке талқылауларға араласуы және басқа ата-аналардың сөздерін таратқаны орынсыз.
Педагог оқушылар үшін үлгі болуы керек, ал оларды қорлау немесе өздерін төмен сезіндіретін жағдай жасау оқу процесіне кері әсер етеді.
Сондықтан, сынып жетекшілігінен бас тарту ниетін ескере отырып, оны бұл қызметтен босатып, сыныппен кәсіби және құрметпен жұмыс істей алатын мұғалім тағайындауды сұраймыз.
Біз сынып жетекшінің әрекеттеріне алаңдаймыз. Балалардың тыныш және жайлы ортада білім алғанын, ал педагогтар мен ата-аналар арасындағы мәселелер кәсіби түрде шешілгенін қалаймыз.
Сізден бұл жағдайды талқылау үшін кездесу тағайындауыңызды және ата-аналар жиналысына қатысуыңызды сұраймыз. Ыңғайлы күн мен уақытты хабарлауыңызды өтінеміз, кері байланыс:daulet.arynov@inbox.ru
Құрметпен, 8 «Ә» сынып оқушыларының ата-аналары
Ответ:

Сәлеметсіздер ме, құрметті 8"Ә" сынып ата-аналары! Ата-аналар жиналысының барысы туралы мәлімдемелеріңізбен таныстым. Сұраныстарыңыз бойынша жиналыс өткізіледі. Өту уақытын мына адреске жіберемін: daulet.arynov@inbox.ru


Құрметпен №119 МЛ директоры Ж.С.Батырбекова.


Сансызбайқызы Зарина   03-10-2024 15-21-40   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсіз бе Батырбекова Жаныл Сатаевна, сізге мұғалімдікке қатысты сұрақпен жазып тұрмын. Аты-жөнім Сансызбайқызы Зарина. Жасым 23 те. Астана қаласы С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университетін өнер бакалавры, дизайн мамандығы бойынша бітірдім. Мұғалімдік тәжірибем жоқ, сізден мектепке бейнелеу, еңбек пәні бойынша орналасуға болады ма, ол үшін не істеу керек, қандай құжаттар дайындау керек екендігін білейін деп едім.
Ответ:

Қайырлы күн! Қазіргі уақытта бос жұмыс орны жоқ.
Киргимбаева Назгуль   06-08-2024 16-50-31   От родителей
Вопрос:

Мен 7 "В" сынып оқушысы Күлдімінас Дастанның ата-анасымын, №119шы мектеп-лицейдің директорына, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшіміз Жанаргул апайға алғыс айтамын. Балам осы мектепте 1ші сыныптан оқиды, улттық білім сайыстарына қатысып, жүлделі орындар алып жүр, домбыра үйірмесіне қатысып талай конкурстардың жеңімпазы атанды.
Еңбектеріңізге табыс тілей отыра, қазақ елінің болашағы - балаларымыздың тәрбиесіне қосып жатқан үлестеріңіз жалғасын таба берсін деймін. Мектебіміз өсіп , көркейіп, алдыңғы қатардан көрінуіне тілектеспін.
Ответ:

Қайырлы күн құрметті ата-ана! Еңбегімізді бағалап, алғыс білдіріп жатқаныңызға рақмет! Балаңыздың алар асулары, шығар биігі көп болсын.
Макпал Дауталиева   17-05-2024 13-27-28   От родителей
Вопрос:

Сәлеметсіз бе, Жаңыл Саятовна! менің бұрыннан бергі көкейімде жүрген сұрағым бар, әр сыныпты сабақ беруге керекті колонкалар, удлинитель сияқты керек жарақтармен мектеп қамтамасыз ету керек , ия? енді сұрақ: неге қыркүйекте балалар оқуға келгенде сыныпта не колонки, не удилинитель, не дурыс істейтін компютер жоқ? неге осы заттардың бәрін мұғалім өз ақшасына алу керек? немесе ата-аналар алу керек? жыл сайын мектеп неге қамтамасыз етпейді?
Ответ:

Қайырлы күн Мақпал ханым!
Қазіргі уақытта мектептерде мұғалімнен және оқушыдан ақша жиналмайды. Әр пән мұғалімі кабинетінде құрал-жабдықтары істен шығып қалса немесе бұзылса жауапты қызметкерге сұраныс жасайды. Жан басына шаққанда бөлінетін қаражат есебінен өткен оқу жылында 10 кабинет интерактивті тақтамен жабдықталды. 1 информатика, 1 робототехника кабинетін алдық. Ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін 5 жаңа кабинет аламыз және 4 кабинеттегі жиҺаздарды жаңартамыз деп жоспарлап отырмыз. Осылайша барлық кабинеттер мен құрал-жабдықтар жаңартылады.
Сіздің хатыңызда көтерілген мәселе әкімшілік бақылауына қойылады.
Садыкова Г.А.   23-10-2023 08-02-44   Педагог
Вопрос:

Здравствуйте, Жаныл Сатаевна.
Хочу выразить благодарность вам и учителям нашей 119 школы-лицей
Ответ:

Үлкен рақмет!
Қарлығаш Мұратқызы   19-10-2023 10-25-02   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсізбе? Жаңыл Сатаевна! Сізге! 5всынып жетекшісі Файна Еркиновнаға! 5в сынып ұстаздарға алғыс айтамыз. Мектебіміз Жақсы. Ұстаздар Жақсы түсіндіреді мейірімді жандар! Балалар оқимыз десе, мектепте барлық жағдай жасалған. Түрлі үйірмелерге қатыса алады.Сізді! Сынып жетекшісі мен ұстаздарды келе жатқан Республика күнімен құттықтап! Денсаулықтарыңыздың мықтылығын! Өмірлеріңізге ғұмырлықты! Отбасылардың ызға амандық! Еңбектеріңіздің бағаланғанын! Шәкіртеріңіз сенімдеріңізді ақтап! Биік белестерді бағындырсын! Амандықта болыңыздар!
Ответ:

Құрметті Қарлығаш Мұратқызы! Мектеп туралы, сол мектепте қызмет жасап жүрген педагогтер туралы жағымды пікіріңізге, жақсы тілегіңізге үлкен рақмет! Ата-аналар мен педагогтер бірлесіп балаларымызға саналы тәрбие,сапалы білім беруден жалықпайық! Аман болыңыз!
Ата-ана   26-09-2023 11-32-28   От родителей
Вопрос:

1/ 119 мектептің кейбір сынып жетекшілері балалардан ақша жинауды қашан қояды? Қыркүйектің осы 20 күнінің ішінде бірнеше рет ақша жиналды. Балаларымызға тамақ ішуге берілген ақшалары әртүрлі себептер айтылып сол үшін жиналып алынуда. Баламыз басқа сыныптастарының алдында ыңғайсыз болмасын деп өзінде ақша болмаса да қарызға сұрап беруде
2/ Мектеп әкімшілігі оқушылардың мектеп дәретханасында ашық түрде электронды сигареттерді қолдануына неге жол беріп отыр?
3/ Егер сынып жетекшілері осы уақытқа дейін оқушылардан жинаған ақшаларын оқушыларға қайтарып бермесе хабарламалар түріндегі дәлелдері Аудандық және қалалық акиматтарға, білім бөлімдеріне, прокуратураға жіберіледі.
Бұл хат балалары әртүрлі сыныпта оқитын бірнеше ата-аналардың наразылығынан туындап жазылып отыр. Шыдамның да шегі бар.
Тезірек Жауап күтеміз!
Ответ:

Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар!
1. Мектепте қандай сынып болмасын ақша жинау мәселесі жабық, ол туралы мектепішілік бұйрық шығарылған.
Оқушылардың бастапқы білімін зерделеу мақсатында кіріс тест жұмысын жүргіздік. Оны тест орталығынан алғандықтан ақылы болды. Ақшасы оқушылардан жиналды. Жылдың аяғында тағы осындай шығыс тест болатының сіздерге хабарлап қояйын.
Қандай мұғалім қандай сыныпта ақша жинап жатқанын ашық түрде келіп айтсаңыздар өте дұрыс болатын еді. Барлық мұғалімге күйе жақпай, жинап жүрген адамды анықтасам, қатаң шара қолданатын едім.
2. Электронды сигареттерді мектеп дәретханасында шегу туралы ақпаратпен мен келіспеймін. Екі жыл алысып келеміз. Оқушылар сумкаларына салып әкеледі. Қаншасын өткен оқу жылдарында жинап алдық. Биыл оқу жылы басталғалы бұл мәселені қатаң бақылауда ұстап отырмыз. Ата-аналарда тексеріп, қадағалап отырғаны дұрыс, ол туралы ата-аналар жиналысында да айтылды. Мектеп дәретханасын әр кез бақылап отырмыз.
Бақылауды одан ары күшейтеміз.
3. Мектепте қандай жағдай болмасын, ол туралы қандай жерге шағым жазсаңыздар, оны талдау үшін мектепке жіберіледі. Сондықтан сіздер мектепке келіңіздер, көзбе-көз отырып, бірлесіп осы мәселелерді егжей-тегжей қарастырайық. Мектеп те, бала да сіздер мен біздерге ортақ болғандықтан бірлесіп жұмыс жасайық. Сіздерді күтемін.

№119 мектеп-лицей директоры Батырбекова Жаныл Сатаевна
Жумадил Асем Муслимкызы   28-07-2023 15-15-39   Педагог
Вопрос:

Салеметсызбе,мен жумыс жайында сурайын деген едым,СДУ университетын бытырген болатынмын,филология факультеты екы шетел тылынын мугалымы.Агылшын Жане корей тылы
87781577196 мумкын жазып калайсыз егер окысаныз.
Ответ:

айырлы күн! Қазіргі уақытта бос жұмыс орны жоқ.
Сапарбекова Жанар Ерлибековна   23-06-2023 18-06-27   Педагог
Вопрос:

Cәлеметсіз бе? Математика, физика пәндерінен сіздерде вакансия бар ма? Еңбек өтілім: 10 жыл. Егер вакансия орны ашық болса, осы нөмірге хабарласуларыңызды өтінемін: 8 747 401 12 84. janar_9191_
Резюмемді почталарыңызға жібердім
Ответ:

айырлы күн! Қазіргі уақытта бос жұмыс орны жоқ.
Алия   28-03-2023 15-02-47   От родителей
Вопрос:

Сәлеметсіз бе. Жауабыңызға рақмет.
Бірақ Хатта 119 мектепте НАҚТЫ орын алып отырған мәселелер жазылған.
Ағылшын және қазақ тілі пәндерін топқа бөлмей оқыту мектеп оқушыларының білім сапасына өте кері әсерін тигізіп жатқандығы туралы білетін шығарсыз деп ойлаймын (Сыныпта 25 оқушы, сабақ уақыты 45 минут, қандай сапа болады, әсіресе ағылшын тілінен???) Мектеп басшысы ретінде осы мәселені шешу жолдарын қарастыруыңызды және хатта көтерілген басқа да сұрақтарды бақылауға алуыңызды сұраймын.
Егер осы мәселелер мектеп басшылығы деңгейінде шешімін таппаса, сұрақтар Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне жолданады.
Ответ:

Қайырлы күн құрметті ата-ана. Сіздің сұраныс хатыңыздың 1,2,3 пункттері бойынша мәселелер әкімшілік отырысында қаралды, қатаң бақылауда болады. 4 пункт бойынша осы оқу жылы аяқталғанша ағылшын тілі, қазақ тілі, информатика пәндерін топқа бөліп оқыта алмаймыз. Себебі 2 ауысымда күрделі жөндеуге жабылған 27 мектеп оқушылары оқиды. 1 ауысымда біздің оқушылар әрең сыйып отыр. Артық кабинет жоқ. Бұл ситуация бізге де оңай тиіп жатқан жоқ. Сондықтан түсіністікпен қарайсыз деп ойлаймын.
119 МЛ директоры Ж.С. Батырбекова
Алия   17-03-2023 15-02-20   От родителей
Вопрос:

Сәлеметсіз бе. Сіз басқарып отырған 119-мектептің ата-анасы ретінде бірнеше сұрақтарым бар:
1. Оқушының тоқсан ішінде алған формативтік бағалары неге Күнделік жүйесіне қойылмайды. Мұғалім формативтік бағасыз тоқсан қорытындысын БЖБ және ТЖБ нәтижелері бойынша шығарған. Сонда формативтік бағаның қажеттілігі не?
2. Оқушы қай жерінен қате кеткендігін білу үшін ТЖБ нәтижесін сұраса, мұғалім көрсетпейді. Неліктен, түсініксіз жағдай
3. Негіктен Сынып жетекшісі Пән мұғалімдерінен кейбір оқушылардың бағасын жоғарылатуды сұрайды. Және сол оқушылардың бағалары жоғарылатылады екен. Басқа оқушылар бұны әділетсіздік деп бағалауда
4. Ағылшын және қазақ тілдерінен сыныпқа бір мұғалім береді. Бірақ бағаларды сыныптың жартысына басқа мұғалімдер қояды. Сынып неліктен осы пәндер бойынша 2 топқа бөлініп оқымайды.
Осы сұрақтар бойынша Сізден жауап күтемін
Ответ:

Қайырлы күн!
Сізге , Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңына сәйкес Сіздің 17.03.2023 жылы түскен өтінішіңізге төмендегіні мәлімдеймін.
1. Формативтік баға оқушылардың оқу деңгейіне байланысты қойылады. Жалпы мектептің күнделік кз статистикасының тексеру нәтижесі бойынша формативті бағалау толық қойылған. Әр апта сайын электрондық күнделіктің статистикалық қорытындысы тексеріледі. Формативтік бағалау сабаққа дайындалмай келген немесе төмен балл алған оқушыға қойылмауы мүмкін.
2. Пән мұғалімдері тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстары алынғаннан кейін тексеру нәтижесі бойынша қатемен жұмыс жүргізеді және оқушыларға таныстырылады. Сонымен қатар тоқсандық жиынтық бағалаудың жүргізілуі әкімшілік тарапынан бақыланады.
3. Әр өңдірістік жиналыс кезінде оқушылардың бағасын түзету және көтеруді сұрамау, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне ескертілген. Сонымен қатар пән мұғалімдеріне электронды күнделіктегі бағаларды өзгерткен жағдайда тәртіптік шара қолданылады.
4. Қыркүйек айының 20 нан бастап №127 жалпы білім беретін мектептің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты №127 мектептің 6-8 сынып оқушылары біздің мектепте 2 ауысымда оқытылуда. Осы мәселеге байланысты кабинеттердің жетіспеушілігінен ағылшын және қазақ тілі пәндері топқа бөлінбей оқытылуда.
ЕСКЕРТУ:
Жоғарыда аталған мәселелерді нақты шешу үшін уақыт тауып №119 мектеп-лицейіне келуіңізді сұраймын.

№119 мектеп-лицей директоры Батырбекова Ж.С.






Нишанова Гулзира   17-08-2022 13-13-21   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсіз бе .Мен бейнелеу және сызу пәні мұғалімімін.Сіздерде бос вакцинация бармекен?
Ответ:

Қайырлы күн! Қазіргі уақытта бос жұмыс орны жоқ.
Нұрайым Мұратқыз   16-08-2022 11-49-50   Педагог
Вопрос:

Қайырлы күн! Ағылшын тілі пәні мұғалімі лауазымына вакансия бар ма?
Ответ:

Қайырлы күн! Қазіргі уақытта бос жұмыс орны жоқ.
Құрманбек Улангуль   27-05-2022 20-56-29   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсізбе,Мен математика пәні мұғалімі Құрманбек Улангуль, еңбек өтілім-9жыл. Сіздерде математика пәні мұғалімі бойынша бос жұмыс орны бар ма? Тел: 8 747 853 74 82
Ответ:

Қайырлы күн! Қазіргі уақытта математика пәні мұғаліміне бос орын жоқ.
Малаева Еркежан   07-12-2021 15-17-09   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсізбе!Мен ағылшын пәні мұғалімі Малаева Еркежан ,2020 жылы Абылай хан атындағы жоғарғы оқу орынды тәмәмдадым,және 1 жыл жұмыс істедім яғни мамандығым бойынша тәжірібием бар,егер сіздер де орын бар болса сіздермен жұмыс жасағым келеді
87056678637
Ответ:

Қайырлы күн! Қазіргі уақытта ағылшын пәні мұғаліміне бос орын жоқ.
EdTech подготовка к ЕНТ   17-08-2021 11-57-30   Другое
Вопрос:

Добрый день!!!
Хотим провести бесплатное пробное тестирование для выпускников вашей школы.
МЦО "EDTECH" работает в сфере подготовки к ЕНТ с 2004 года
110 - средний балл учеников
80% - выпускников обладатели государственных грантов
20% - выпускников обладатели скидок в ВУЗ

Контактные данные:
87779500511 - Камшат

Жетысу2, 16а 6 этаж
Назарбаева 174б
Ответ:

Қайырлы күн! Оқу жылы басталғаннан кейін Сіздерге хабарласамыз!
Нагметов Каирбек   26-08-2020 09-17-19   Педагог
Вопрос:

Здравствуйте какой язык обучения в школе? Есть ли места?
Ответ:

Қайырлы күн! Мектебіміз қазақ тілінде білім береді
Ерсінов Әсімжан Ерсінұлы   16-10-2019 10-20-19   Другое
Вопрос:

Здравствуйте ! Я лаборант кафедры "РТ" университета КазАТК им. М.Тынышпаева. Пишу вам с вопросом о проведении курсов "Основы робототехники", что позволит вашим ученикам развить навыки построения автоматизированных устройств. Курсы проходят в нашем учреждении. Хотел лишь узнать ваше мнение по этому поводу. От вас лишь требуется распространить данную информацию среди обучающихся вашей школы.
Курс «Основы робототехники» даст базовые знания по сборке автоматизированных устройств, а также роботизированных машин, построенных из деталей LEGO, и состоит из трех этапов:
1. Курс Arduino,
2. 3D-принтинг,
3. Сборка роботов.
Особенности и преимущества данного курса:
 Интерактивный учебный материал;
 Практические занятия;
 Работа на реальном оборудовании;
 Опытные инструкторы.

Дополнительная информация по телефону +7-707-885-73-75 – Максат Багыбаевич
Ответ:

Қайырлы күн! Жақсы, мәлімет назарға алынды!
Перфилова Елена Сергеевна   05-04-2019 12-57-23   Педагог
Вопрос:

Добрый день. Я работала в Вашей школе в 1989-1991 года. Преподавала русский язык и литературы. Убедительная просьба прислать мне на электронную почту справку, подтверждающую факт моей работы в Вашем образовательном учреждении. Спасибо за понимание Зараннее спасибо. С уважением Перфилова Елена Сергеевна
Моя электронная почта perfilova1966_
Ответ:

Добрый день! Принято в обработку
Бакыт Бакмолда   27-02-2019 11-57-11   Другое
Вопрос:

Здравствуйте, хотели бы Вы, чтобы выпускники Вашей школы получили МЕЖДУНАРОДНОЕ И КАЧЕСТВЕННОЕ ВЫСШЕЕ ОБРАЗОВАНИЕ и были бы всю жизнь Вам благодарны!?

✈ ПО ЗАЯВКЕ можем провести для выпускников Вашей школы 45-минутную информационную презентацию.
Контактный телефон: 8 707 439 0046, Ваш менеджер-консультант Бакыт Бакмолда.

✈ КАК ПОЛУЧИТЬ МЕЖДУНАРОДНОЕ И КАЧЕСТВЕННОЕ ОБРАЗОВАНИЕ НА АНГЛИЙСКОМ ЯЗЫКЕ В УНИВЕРСИТЕТАХ СЕВЕРНОГО КИПРА-(ВСЯ информация в самом конце сайта справа!!!)

✈ Компания http://goldlegion.symbiosisgroup.world занимающаяся продажей НЕДВИЖИМОСТИ НА Северном КИПРЕ НА ВЫГОДНЫХ УСЛОВИЯХ ОТКРЫЛА НОВУЮ ВОЗМОЖНОСТЬ И ПРЕДЛАГАЕТ:

✈ДЛЯ ВЫПУСКНИКОВ ШКОЛ И СТУДЕНТОВ ОБУЧЕНИЕ в университетах на Северном Кипре с 50% скидками на 2019 год! Можно оплачивать по 3, 6 месяцев или сразу за год. Прием до 25-ти лет.

По категориям знания английского языка проводится дополнительное обучение!
1) Американский университет
2) Восточный технический университет
3) Средиземноморский университет
4) Кипрский международный университет

✈ Международная аккредитация в Европе и США, а также полноправное членство в Европейской Ассоциации Университетов (EUA) значительно увеличивают шансы наших выпускников получить престижную работу не только в своей стране, но и во всём мире.

КАК ПОЛУЧИТЬ МЕЖДУНАРОДНОЕ И КАЧЕСТВЕННОЕ ОБРАЗОВАНИЕ НА АНГЛИЙСКОМ ЯЗЫКЕ В УНИВЕРСИТЕТАХ СЕВЕРНОГО КИПРА-(ВСЯ информация в самом конце сайта справа!!!)
✈ ССЫЛКА ДЛЯ ПРЕДВАРИТЕЛЬНОЙ РЕГИСТРАЦИИ: http://goldlegion.symbiosisgroup.world

✈ ПО ВСЕМ ВОПРОСАМ звоните на контактный телефон: 8 707 439 0046, - Бакыт Бакмолда.

✈ Просьба отправить для ДИРЕКТОРОВ И ЗАВУЧЕЙ ШКОЛ,
а также РОДИТЕЛЯМ ВЫПУСКНИКОВ ШКОЛ И СТУДЕНТОВ!!!
Ответ:

Қайырлы күн! Назарға алынды
Фамилия имя отчество:


Тематика вопроса:


Вопрос:


Введите код с картинки:


Батырбекова Жаныл Сатаевна
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гилицей №119 » Управления образования города Алматы

Биография
Количество новых вопросов - 0
Всего вопросов - 23
Ответы на вопросы - 23
Личный кабинет