Виртуальная приемная Виртуальная приемная
Директоров организации образования
государственной и частной формы собственности города Алматы

eye 
ГлавнаяБлог директора
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №145 имени аль-Фараби" Управления образования города Алматы
Құрметті блог қонақтары!

Сіздермен мектеп басшысының, түрлі оқиғаларға пікірлер алмасу, тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігі болуы үшін құрылған жеке ресми блогымда сөйлесіп отырғаныма өте қуаныштымын.
Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар біздің күнделікті өмірімізге толықтай енді деуге болады жəне замануи қоғамның бір бөлігі болып табылады. Интернет коммуникация құралы ретінде азаматтық қоғамды құру жолында маңызды рөл атқарады жəне мемлекеттік білім беру органдарының ашықтық белгісі болып табылады.

Уважаемые посетители!

Мне приятно приветствовать вас на личном блоге. Сегодня, в эпоху стремительного развития информационных технологий с помощью блога вы можете напрямую со мной общаться, вносить предложения, делиться мнениями, писать свои отклики. В свою очередь, я и мои заместители будем отвечать на ваши вопросы, каждое обращение не останется без внимания.
Надеюсь, что блог станет единой информационной площадкой для нас и будет очень интересен и полезен.

  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
Көлбаева Әлия   22-05-2025 12-48-04   Педагог
Вопрос:

Салеметсізбе дене шыныктыру мугаліміне орын бар ма сіздерде
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Қазіргі таңда бұл лауазым бойынша бос жұмыс орны жоқ. Борлған жағдайда мектептің әлеуметтік желілерінде конкурс жарияланады.
Зайнулдина Айдана   10-01-2025 11-00-55   От родителей
Вопрос:

Сәлеметсіз бе! 3-ші сыныпқа орналасуға міндетті түрде пропискамен аласыздар ма? Біздің тұрғылықты адресіміз Мустафина 37.Сіздерде 3-ші сыныпқа бос орын бар екен.
Ответ:

Қайырлы күн! Мектепке қабылдау сұрақтары бойынша мына нөмірге хабарласа аласыз: +7 775 105 6151
Немесе дүйсенбі-жұма күндері сағат 08:00-18:00 арасында мектептің қабылдау бөлімінен сұрай аласыз.
Жумашева Аружан   23-11-2024 12-21-42   Другое
Вопрос:

Здравствуйте! Я являюсь представителем Kazgasa . Ранее мы отправляли письма на проведение профориентации 9-11 Кл . Можно ли будет в понедельник первым урокам провести профориентацию ?
Ответ:

Здравствуйте! Просим заранее связаться с нами: 8 700 263 50 83 (ватсап)
Заман Асқарұлы   21-09-2024 14-44-17   Другое
Вопрос:

Сәлеметсіз бе, Бейбітгүл Ясынқызы!
Мен зейнеткер ұстазбын. Мектептерде физика, математика, информатикадан барлығы 40 жыл сабақ беріп, зейнеткерлікке шыққаныма біраз жыл болды. Содан бері де осы қаланың бірнеше оқу орталықтарында сол үш пәннен осы жылдың наурыз айына дейін балаларды орта мектеп бағдарламасы бойынша, нзм, физмат сияқты арнайы мектептерге, ҰБТ-ға, НУ-ға дайындадым. Енді оның бәрін қойдым. Бірақ әлі де бір мезгіл болса да балаларға, жас мұғалімдерге көмегім тисе, бір мезгіл қосымша консультация сабақтарын өткізіп тұрсам деген ұсынысым бар. Қалай қарайсыз, осындай мүмкіндік жасай аласыздар ма? Мұғалімдер, оқушылармен оқу-білім бойынша кәсіби қарым-қатынас жасау менің денсаулығыма, көңіл-күйіме өте пайдалы болар еді, ешқандай ақы да сұрамаймын, міндет те артпаймын. Түсінесіз деген ойдамын. Жоғарыдағы аты-жөнім - псевдоним. Егер танысайық, ұсынысыңыз пайдалы екен десеңіз, кездесуге барамын. Мектепке жақын жерде, Орбита-2 ш.а. тұрамын. Өзіңізге құрметпен!
Ответ:

Қайырлы күн! Оқушыларымыз бен мұғалімдеріміздің білімі мен білігін арттыру біздің басты назарымызда. Сондықтан мұндай ұсыныстарға біз әрдайым ашықпыз. Төмендегі байланыс телефонынан хабарласу арқылы ұсынысыңызды толық білдіре аласыз: 87006509703
Сұлтан   18-09-2024 14-12-25   Ученик-ученица
Вопрос:

Қай жылы ашылдыңыздар?
Әль-Фарабидің қандай немесе канша еңбектері бар?
Өтініш жауап тез болса.
Ответ:

Қайырлы күн! Біздің мектебіміз 1992 жылы ашылған, 2023 жылы мектеп-гимназия статусын алды. Қазіргі таңда 1000-нан астам бала білім алуда.

Әбу Насыр Әл-Фараби — әлемге әйгілі ойшыл, пәлсапашы, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге жуық трактат жазып қалдырды.

Қосымша сұрақтарыңыз болса, төмендегі байланыс нөмірі арқылы мектеп-гимназияның қабылдау бөліміне хабарласа аласыз: +7(727) 242-53-23
Дюсенгалиева Даражат Бекбулатовна   18-08-2024 21-16-51   Педагог
Вопрос:

Семинарға қатысқаны туралы сертификат керек еді.
Ответ:

Қайырлы күн! Сертификат жайлы толық ақпаратты төмендегі телефон нөмірі арқылы аласыз: 8-778-874-18-92
Бисерік Елина   17-04-2024 12-30-28   Другое
Вопрос:

Қайврлы күн!Сіздерде келесі оқу жылына яғни 01.09.2024 биология пәні мұғаліміне бос вакансия барма
Ответ:

Қайырлы күн! Бос жұмыс орындары жайлы толық ақпаратты мектептің әлеуметтік желілерінде және арнайы сайттарда көре аласыз
Канполатова Балжан Султанбайкызы   12-02-2024 19-57-05   Педагог
Вопрос:

Салеметсиз бе?
Мектепте 3 сыныпка арналган кружок уйирмелер бара екен?
Ответ:

Қайырлы күн! Мектептегі үйірмелер мен оқу жүйесіне қатысты толық ақпаратты төмендегі нөмір арқылы біле аласыз: 8-700-650-97-03
Махсетова Гулшат   18-08-2023 14-31-27   Педагог
Вопрос:

Саламатсызба бос орындарға конкурс аяқталдыма?қай жерден білсек болады жауабын
Ответ:

Салеметсіз бе! Бос лауазымдық орындар жайлы мәліметтер мектептің әлеуметтік сайттарында жарияланған.
Батырхан А.   04-08-2023 14-05-27   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсіз бе! Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне бос жұмыс орындары бар ма?
Ответ:

Салеметсіз бе! Мектеп әкімшілігі хабарлама қалдырғаныңызға алғыс айта отырып, қазіргі таңда қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі бойынша воканциялық бос орын жоқ екенін хабарлайды.
Сапарбекова Жанар Ерлибековна   30-06-2023 17-37-17   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсіз бе? Математика, физика пәндерінен вакансия бар ма? Еңбек өтілім 10 жыл. Вакансия бар болса, хабарласуларыңызды өтінемін. 8 747 401 12 84. janar_9191_
Резюмемді мектептің электронды почтасына жібердім. Рахмет!
Ответ:

Салеметсіз бе! Хабарлама қалдырғаныңыз үшін рахмет айта отырып, бос лауазымдық орындарға ваканция Еңбек.кз. порталы арқылы конкурс негізінде жүзеге асатынын, конкурс уақыты мектептің әлеуметтік желілерінде жарияланатынын хабарлаймыз.
Мамырбаева Жанар   15-03-2023 14-54-10   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсіз бе! Cіздердің мектепте ваканттық бос орын бар ма?. Мен бастауыш сынып мұғалімі бойынша бакалавр дәрежесі және педагог-психолог мамандығының магистрімін.
Ответ:

Салеметсіз бе! Хабарлама қалдырғаныңыз үшін рахмет айта отырып, дәл қазіргі таңда ваканттық бос орындар жоқ екенін хабарлаймыз.
Құрманбек Улангуль   27-05-2022 20-25-13   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсізбе,Мен математика пәні мұғалімі Құрманбек Улангуль, еңбек өтілім-9жыл. Сіздерде математика пәні мұғалімі бойынша бос жұмыс орны бар ма? Тел: 8 747 853 74 82
Ответ:

Сәлеметсіз бе, хабарлама қалдырғаныңызға рахмет. Қазір математика пәні бойынша бос орын жоқ.
Жазира   16-10-2021 19-26-47   Педагог
Вопрос:

Саламатсызба. Сизден жекеменшік мектептерде кандай кужаттар жүргізілуін сурайын деп едим.
Ответ:

Сәлеметсізбе?! Кешіріңіз, Бұл сұрақ менің құзырыма жатпайды. Егерде қатты қажет болып жатса жеке меншік мектептермен хабарласып, жауап берейін.
Рахатов Д.Т.   04-10-2021 14-51-58   Другое
Вопрос:

Подскажите пожалуйста электронную почту вашей школы
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Мектептің 145sch_
Тлеуова Ақтолқын   10-09-2021 17-00-59   Педагог
Вопрос:

Сәлеметсіз бе, мен биология және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі(Биология ағылшын тілінде). Гуманитарлық ғылымдар магистрімін. Екінші жоғары білімім шет тілі екі шетел тілі. Маған сіздерден жұмыс табылады ма? Зертханашы болса да. Байланыс телефоны: 87057218580.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Мектепте қазіргі таңда ваканция жоқ. Мектепке қабылдау мектеп тарапынан берілген сұраныс негізінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Самал   24-08-2021 13-52-07   Педагог
Вопрос:

География мұғалімдік вакансия бар ма?

87755917970
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Қазіргі таңда мектепте ваканция жоқ. Барлық пән мұғалімдерімен толық қамтамасыз етілген. Мектепке қабылдау Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің бекіткен ережелеріне сәйкес қабылданады.
Адилова Алтын   03-06-2021 13-54-15   Другое
Вопрос:

Саламатсыз ба. Құрметті Алмаз Рабхатович. Менде оқу процесіне қатысты 2 сурак бар еди. Маусым айында Алматы қаласына көшуімізге байланысты, сіздің мектепке балаларды орналастыру жоспарда бар еді. Үлкен ұлым Тараз қаласы №39 мектеп-гимназиясынан 11 сыныпқа ауысады (гимназия сыныбында оқиды, математикалық уклон), кіші ұлым 3 сыныпқа (жай сынып) инклюзивті оқыту түрі. Сіздің оқу мекемеңізде инклюзивті оқыту сыныптары бар ма? Екінші сұрағым, пәтер жалдап тұруымызға байланысты, оқуға құжаттар жинағанда справка с места прописки міндетті түрде керек пе? Жауабыңызды күтемін. Рахмет
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Құрметті Адилова Алтын. Сіздің қалдырған хабарламаңызға төмендегідей жауап берейін. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Инклюзивті білім беру бағдарламасы аясында мектепте 1-11 сыныптарда инклюзивті оқыту сыныптары жұмыс жасайды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 18 наурыз 2008 жылғы №125 бұйрығымен бектілген Орта білім беру ұйымдарына қабылдау қағидасына сәйкес жергілікті мекен-жайы туралы анықтама сұралмайды, қажет емес. Мектепке қабылдау үшін
- Ата-анасының немесе заңды өкілінің мектепке қабылдау туралы өтініші;
-Оқушының 3/4 суреті
-туу туралы куәлігінің көшірмесі
-медициналық картасы;
-тиісті сыныптарға дейінгі табелдері
Фамилия имя отчество:


Тематика вопроса:


Вопрос:


Введите код с картинки:


Таукенова Бейбітгүл Ясынқызы
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №145 имени аль-Фараби" Управления образования города Алматы

Биография
Количество новых вопросов - 0
Всего вопросов - 18
Ответы на вопросы - 18
Личный кабинет