Тажибаева Айнур 
24-09-2025 17-13-11

От родителей
Вопрос:
Сәлеметсіз бе, сабаққа оқулықтың өзін әкелмей электронды оқулықты пайдалануға болады ма? Себебі балам 4-сыныпта оқиды, сумкасы өте ауыр, оған қоса дене шынықтырудың киімін апару керек.
Ответ:
Оқу-ағарту министрінің бұйрығы негізінде, бізде әлі де жаңағы оқулықтар қолданыста бар. Және ол оқулықтарды ешкім қолданыстан алып тастаған жоқ. Сондықтан электронды оқулыққа толыққанды көшкен жоқпыз. Сондықтан оқушылар оқулықпен оқуға міндетті және алып келуге де міндетті“.
Ол оқулықтар жаңағы оқушының денсаулығына ешқандай ауыртпашылық әкелмейді және ешқандай қауіпті жағдайға әкелмейді. Өйткені, олардың барлығы тиісті мекемелердің заңнамаларына сәйкес, барлығы оқушының жасына, салмақ мөлшеріне ыңғайластырылып жасалған.